Осы жобаны жүзеге асыруды қолға  алған  кезімізде, біздің алдымызла тұрған мақсаттың бірі — оның пайдалы әсер коэффициентін есептеу тұрды. Бұл есепті шығарудың әрине  PR-құрал арқылы бірнеше жолы бар. Бірақ, біздің жағдайда ол оңай емес тұғын, себебі біздің көздеген нысанымыз өзіндік рефлексі бар, иығында погондары бар ерекше адамдар еді. 

Алғашқыда ойладық, сайтқа кірген адамдардың сайтына байланысты есептейік дедік. Бірақ ол амал іске аспады, оны бұғаттап тастады, тек қана Қазақстанда. Бүкіл басқа әлемдегі елдердің барлығында сайттарға жол ашық, тек қана біздің қорықпен қоршап қойған демократиялық Қазақстанда жол жабық. 

Шынымды айтайын, дәл солай болып қалар деп күткенбіз. Бірнеше жылдар бойы полицейлердің бақылауында, сосын темір тордың ішінде болып, мұндай тәжірибені жинаған адам, ерекше көреген болады, сақтығы өз алдында. Мұндай адам ешқашан еңбек етуін тоқтатпайды және тоқтатқан да емес. Сол себептен де  біз жобаның бастапқы кезінде айттық, бізің жобамыздың қандай болары — негізінен алғанда биліктің оған деген жаман жексұрынды көзқарасында. Билік неғұрлым оны жек көріп, көбірек тосқауылдар қойса, солғұрлым біз үшін жоғары баға болып саналмақ. Сайттың басталған алғашқы айының өзінде оны бұғаттау басталды, яғни біз дұрыс жолда екенімізді түсіндік.  Біз бірден осы жолдан таймай жұртшылыққа өз ақпаратымызды таратуды жалғастырып сол бетімізден қайтпай келеміз.  

Анда-санда ҚАЖ комитеті мен департаменттері өз аккаунттарынан бізге бірдеңе деп жауап бермек болады. Бірақ, өте оспадарсыз, өтірікті шындай, шындығы Құдай ұрғандай қисынсыз жауаптары. Ол өтіріктерді анау темір тордың ар жағындағылардың қалай жазатынын көргенбіз кезінде.

Біз үшін маңызды нәрсе — материал шыққаннан кейін не болатындығында. Нақтылап айтар болсақ, анау  зұлымдық мекемесінің қалай бықсығаны, қалай үн шығарғаны, қалай әсер алғаны.  Олардың қандай «нүктелерін» басқан кезде ауырсынғаны, қыңсылағаны, сол арқылы кімге қалай көмек беруге болатындығы. Біз ондағы адамдарымызды тастамаймыз, олардың қасынан әркез табылмақпыз.  

Сондай тақырыптардың бірі — сотталған Ұшқын Рахметуллаевтың ЛА 155/12 мекемесіндегі өлімі. Кезінде хабарлаған едік, осы өлімді тексерудің орнына ҚАЖ комитеті осы өлімді тексеруді талап еткен сотталушылардың өзін қуғындай бастады. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/233758031642403/?d=n)Сотталушы Мақсат Төлебеков осы бейнетаспадағы үндеуді таратқаны үшін екі айға ДИЗО-ң жеке камерасына қамалды. Оның бұл жазасы жалғыз онымен тынған жоқ. 25 қаңтар күні лагерьдің режимдік бөлімінің бастығы Серікбол Бахтияров Мақсатқа қайта-қайта әртүрлі азаптау мен қорлау жасау арқылы оны өзіне өзі қол жұмсауға итерді; бұл жерде айта кетуге тиіспіз, Ұшқын Рахметуллаевтың өзіне өзінің қол жұмсап өлуі, осы «режимдік» Серікболдың қатысуымен болғанын айта кеткен жөн…

Жеке камерада отырған Мақсат Төлебековты тағы да жазалады, бұл жолы суицид жасамақ болғаны үшін 15 тәулік қосып берді… Осындай садистік амал тауып, одан ләззат алып жүрген ҚАЖ комитетінің «Серікболын» жұмсап отырған лагерь басшылығының прагматикалық өз есебі де бар болатын. Осылай бір сотталушыға бірінен соң бірнеше айыптарды тағу — ҚР Қылмыстық кодексінің 428 бабын қолдануға алып барады, яғни «қасақаналы түрде әкімдіктің заңды талаптарын орындамағаны үшін».  Сотталушыны осылай жүйкесін қоздыру  арқылы оған қосымша үш жылға дейін мерзім қосып беру, бұл бір амал, екінші бір амал — лагерь «қожайыны» осындай әдіспен сотталушыны басқа лагерьге ауыстыруға қол жеткізеді. Мақсат Төлебековқа тезірек адвокат табу қажет болып отыр. Соны іздеп жатырмыз.

Жауғашты  ЛА 155/4 (Алматы облысы) мекемесіндегі Татьяна Денисоваға палатасына телевизор қойылды (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/246245450393661/?d=n) , 

Дәрігерлік көмектің орнына емес шығар деген үмітіміз (Татьянаның ауруы — онкологияның ауыр түрі) бар. 12 ақпанда тексеруге алып барамыз деп уәде беріпті. Берілген уәде әрқашан орындалады деп ойламаңыздар, мұндай жерде бәрі де болады… Бақылауда ұстайтын боламыз, сол материалдағы ЛА 155/8 мекемесіндегі Петр Беспалов мәселесін де ұмытпаймыз. 

Айта кетейін, біздің материалдарымыздың мәселені шайқағандығы сонша, кейде күтпеген жерден басқа оқиғалар да шыға келеді. Люкс палата жайлы, оның тұрғыны — Лейла Тұрсынова жайлы, бұл әйелдің сол ауруханадағы өмірін Татьяна Денисовамен салыстырғанымыз, Лейланың ҚАЖ комитетіндегі «патроны» жайлы айтқанымыз  естеріңізде болар. Аты аталмаған сол ҚАЖ қызметкерінің есімі шыға келді жақында. Оның аты Илдар Қасымов деген екен. Жақында осы кісі сотталушы құрбысына жаңа телефон сыйлапты. Иа, бұл тиым салынған зат. Сегрегацияға айналған деградация деген осы. 

Көрдіңіз бе, ҚАЖ комитеті мен департаменттері тағы да өздерінің серікболдарын қалайша тығып аман сақтап отырғанын.  ЛА 155/12 мекемесінің бастығы  Серікбол Бахтияровтың қанішерлігі күн санап тасып барады деген сынаулардан соң бізге хабар түсті — Серікболды тағы да бірнеше қылмыс жасаған соң «қауіпсіз» жерге шығарыпты, ол жерде Серікбол біршама уақыт, айқай мен шу басылғанша отыра тұрады. Бұл мекеме алыс жерде емес, ЛА 155/8 мекемесі «жетпіс бірінші». Мұндай адамдар ҚАЖ комитетіне өте қажет, ондай адамдарды ҚАЖ комитеті ерекше қорғаштайды. Қолы мен етігі қанға батқан қызметкерлер ҚАЖ комитетінің өз адамдары. 

Бүгін ашып отырған жаңа тақырып — «Біздің материалға — олардың жауабы» деген рубрикамызды тұрақты етпек ойымыз бар. Оны сіздер үшін, сізбен бірге жасайтын боламыз. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.