ҚАЖ комитетінің бірін бірі қорғап келе жатқан тотальдық қылмыстық жүйенің бір мүшесі екендігі көптен бері жазылып та, айтылып та келеді. Бұл — шындық. Олардың қызметкерлерінің иығындағы погондарындағы жұлдызшалары көбейген сайын, соғұрлым олардың қолы мен етіктері қанға көбірек малынады. Бұл жүйеден, алғашқы кезде ғана, қолың мен етігің қанға малынбай тұрған кезде ғана кетуге болады. Қызметке жаңа ғана кірген кіші лейтенанттар яғни юстицияның жас офицерлерін сотталған бейбақтардың қанымен, қылмыстық істермен плацта, бейнетаспаға түсіріп «ауыздандырғанын» талай рет көргенім (авт. Владимир Козлов) бар. Осындай «тестен» өткеннен кейін олар шегініс жасап кете алмайды. Сен енді жүйенің өз адамы боласың, не айтса соны орындайтын боласың, кейін соған үйреніп істеген қылмыстарыңнан ләззат алатын боласың… Сенің күн сайынғы қылмысты істермен қалдырған «құйрығың» — басшыларыңның саған деген жақсы көзқарасы. 

Бірін бірі қорғаштап келе жатқан бұл жүйе — сотталушыларды  «точковкалау» әдісін қолданады.   Бұл амалдың  мәні — сотталушының жеке істеріне белгі салу, ұсыныстар жасау: этаппен айдау кезінде жолда онымен не істеу керек, қалай «қабылдау» қажет т. б. «Точковкалаудың» тағы бір мақсаты — лагерьде жеке құқығын «қорғайтын», әкімдікке «қалыпты өмір» сүруге «кедергі» жасайтын сотталушыны жаңа лагерьде «кімнің кім екенін танытып» қарсы алу, «шошаңдай берме» деп ескерту, үнін өшіру.

19 қаңтардағы материалымызда  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/236205411397665/?d=n)  біз Кәрім Бабаев туралы жазған едік  (СИ 18, Алматы облысы). Бұл жігітті лагерь басшылығы өз құқын қорғағаны үшін жек көреді, Бабаев өз құқығын қорғап сотталғандарды азаптағанын әшкерелегені ұшін түрменің бірнеше қызметкерлері жауапқа тартылды. Бұл жүйе Бабаев сияқты «точковать» етілгендерді өте аяусыз түрде қабылдайды.  СИ 18-е ең соңғы күнге дейін, экстренді операция жасалғанға дейін Бабаевқа дәрігерлік көмек көрсетілмеді.  Ең соңғы сәтте, тағы бір өлікті мойындарына іліп алмас үшін ғана операция жасалған болатын.  

Жүйе аз ғана шегініс жасады, бірақ алған бетінен қайтқан жоқ. Кәрім Бабаевқа ішкі организміне ауыр операция жасалып болған соң, оны этаппен айдады. Ауыр науқас үшін бұл жағдай азапқа салудың тағы бір түрі еді. Себебі этап дегеніміз — «тұр, жүгір, тізерле, басыңды жерге қарат» т. б. таяқ пен тоқпақтың астында, аяқпен тебу сияқты азаптаулар. Этап кезінде ыстық тамақ жоқ, қайнаған су, қара нан мен консервілер. Іші жіппен тігілген адам үшін бұл жағдай азаптаудан да жаман.

Біздің инсайдерлік арқылы алған тәжірибеміз бойынша, бұл істің әрі қарай жалғасын қалай табарын аңдауға болады. Жолда мұндай адамға неше түрлі кедергілер — туалетке жібермеу, дөрекі сөйлеу, арандатулар, қайнаған су бермеу, қайта-қайта тінтулер болуы мүмкін. Келесі сынақ — Тараздың карантин лагерінде «күтіп алу». Қасақана әдістермен тінту, тебу, заңсыз талаптар қою, «қол қойдыру»… Бабаевтың лагерьдің бастығы Байжігітовқа қайтадан бара жатқанын ескерер болсақ (ол кезінде Бабаевқа бірінен соң бірі бірнеше айыптарды  үйіп төккен болатын) және жаңадан ауыстырылған РОР жөніндегі орынбасардың барғанын (оны ЛА 155/8 мекемесінен ауыстырған) ескерсек, Бабаевқа  қарсы неше түрлі азаптау әдістері мен қорлау шаралары жасалуы мүмкін. 

Тағы бір айта кететін жәйт, ҚАЖ комитетінің төрағасының орынбасарларының бірі Жәнібековтың («Теңіз» деген атақты аты бар, көп жылдар бойы жазалау шараларымен атағы шыққан) осы жақта жүргендігі, Бабаевқа қарсы басқа сотталушылардың қолымен жазалау шаралары жасалуы мүмкіндігін аңғартады. 

Мұндай шараларды жасаудың алдында лагерьлерді әбден сілкіп сотталушылардың әбігерін шығарады. Жұртқа айтады, бәрін бүлдіріп жатқан Бабаев, жан-жаққа шағына береді, соның кесірінен комиссиялар бірінен соң бірі келіп тексеріп жатыр, сендерге тыныштықтың болмауы соның кесірлігі, мұндай адамды тәрбиелеу қажет дейді… 

Бірақ шын мәнінде мәселе ол адамда емес. Өз құқығын қорғаған адамның басқа жұртқа зияны тимейді. Жалпы жұртқа бірдей ортақ мәселені түрме әкімдігі шешуі қажет. Егер жұртқа ортақ мәселемен тек бір ғана адам (сотталушы) ешкімнің көмегінсіз айналысса, бұл мәселенің жеке адамның ғана мәселесі еместігін, оның лагерь аймағындағы «басқарулы демократияға» айналғанын көрсетеді.  

Сотталушы Бабаевтың үстінен қолдарынан келген бірнеше айыптарды тақты (денесіне зақым түсіргені үшін — азаптан қашып шеге жұтқан), бірнеше ай жалғыз камераларда отырды. Жаңа жерге барған соң Бабаевты қатаң барак (СУС) лагері күтіп отырса керек. Ол жердегі адам басқа жұрттан толық оқшауланады, жазалаудың неше түрлі әдістерін қолдануға болады.  

Лагерь – тірі организм, сондықтан да біз Кәрім Бабаевпен Тараздағы «жиырма алтыда» не болып жатқанын біліп  хабарлап тұратын боламыз. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.