ЛА 155/14 мекемесі, «жүз үшінші», Алматы облысы, Заречное. Осы хабарды жеткізген сотталған адамның жақындары, өлген адамдардың туыстары айтқан «бір өліктен соң тағы өлік» деген сөзді бірнеше рет айтты.  

Осы бір жан түршігерлік сөз бүгінгі таңдағы ҚАЖ комитетінде орын алып отырған медициналық көмектің барлық түрмедегі жағдайын бізге толығынан сипаттап беріп отыр. Жақында ғана «жүз үшінші» лагерьде жас сотталушы  Б. Дүтбаев өлді. Түрмеде айлар бойы ауырып жатқанда бұл жас жігіт дәрігерлік көмек орнына «дәрі-дәрмекке ақша жоқ», «қол тимей жатыр», «ертең» деген сөздерді ғана естіп келген… Өлер алдында ғана жедел  жәрдем шақырған, ауруханаға жетпей өлген. Петр Беспалов деген сотталушы, оның да жағдайы қиналған кезде ғана жедел жәрдем шақырылған, ол да соның ішінде өлген. 

Петр Беспалов жайлы айтар болсақ, жап-жас жігіт, тамағына ісік шыққан, қатерлі ісік, онкологиялық ауру деп болжам жасалған. Беспалов жұмыс істейді, есепшотында ақшасы бар. Ақшасын төлейін, мені толық тексеруге жіберіңдер деп өтініш айтқан.  Бекжан Турлыбеков, кешегі фельдшер, бір жылдың ішінде кіші лейтенант болып үлгірген, науқасқа бірден бас тартпаған: «ертең…, арғы күні…» деп соза берген. «Ертең, арғы күні» деп шаршаған соң басқа сылтауларды: «қамсыздандыруыңды жасап әкел», «бізде төлем реквизиті жоқ», «өтінішіңді басқаға айт» дегендерді тапқан. 

Науқас сотталушыға «ЦОН-а бар, дәрігерлік қамсыздандыруыңды алып кел», «төлем реквизитіңді тап» деген сөздері қандай мазақ? 

Сотталушы Беспалов лагерьдің бастығының РОР бойынша орынбасары  Ұлан Арғымбаевтан, тәрбие жөніндегі орынбасары  Серік Арыстановтан да көмек сұраған. Олар да бас тартпаған, телефонмен ауызша (көзінше) «мәселесін шешіңдер» деп тапсырма берген. Сосын баяғы жауаптар: «…ертең, реквизиті жоқ, қамсыздандыруды дайында…» деген жауаптармен шаршатқан… 

 

 ЛА 155/4 мекемесінде (Алматы облысы, Шамалған)  Татьяна Денисова деген әйел өзіне өзі қол салған.. Бірақ асылып тұрған жерінен суырып алыпты, өлмегеніне өкінеді екен. 

Татьяна Денисованың қатерлі ісігі бар екен, 4-і стадия. Күн сайын жан шыдамайтын аурудан қиналады.  Ешқандай ем жасалынып жатқан жоқ, науқастың қиналып жатқанын көре-тұра лагерь басшылығы ештеңе істемей отыр. 

Науқас жатқан лагерь емханасының бірінші қабатының жылуы нашар, науқасқа еш көиек жасалмай отыр, сыртқы ауруханаға шығару мәселесі күн сайын «ертеңге» қалдырылып, түрме әкімдігі науқастың тезірек өлгенін күтіп отыр. 

Бұл емхананың екінші қабаты да бар, палаталары жылы, қайырымды медперсоналдары да бар. Бірақ ол жерде өлім халінде ешкім жатқан жоқ. Мысалы, сотталушы Тұрсынова Лейла ҚР ІІМ-ң ҚАЖ комитетінің ішкі қауіпсіздік комитетінде істейтін қызметкермен жақсы қарым-қатынасының арқасында осында жатыр. Лагерьлік «бақытты өмір» үшін  бұл да жаман емес. 

Татьяна Денисова өлім аузынан аман қалған соң, оған аяушылық жасаудың орнына лагерь әкімдігі Татьяна жайлы неше түрлі сұмдық өсек-аяңды таратып жүр. Денисова біреуден қарыз алып соны беруден қашып жүр екен, ол адам 4-і стадиядағы онкология ауру адам екен-міс… Қарыз екендігі рас па, жоқ па, ол жағы белгісіз.  

Осы әйелдер лагерінде онкологиялық науқастардың осылай дәрігердің көмегінсіз өлім құшып жатқандары бірінші рет емес. 

Сірә,  ҚАЖ комитетінде сотталушыларды осындай халде ұстау дәстүрі қалыпты жүйелік жағдайға айналған болса керек. Тағы бір адамның кезекті өлімінен соң, лагерь басшылығы лагерьге «позитивті» журналисті алып келіп лагерьдің «қайырымды қызметкерлері» жайлы ертегіні айтып көрсетері анық.  

  Айтпақшы бұл лагерь, жақында осында бастық болып жұртқа әйгілі болған Ашов Істеген мекеме. Қазақта «өзен жағалаған өлмейді» деген сөз бар. Ашов сияқтылар «түрме жағалап» өлмей күндерін көріп келеді. Оларды осылай бір лагерьден екіншіге бекер жағалатып жүрген жоқ. Олардың істеген лагерьлерінің соңында адамдардың өлімі, қорлау, азаптау қалады. Ондай кезде басшылары дереу ҚАЖ департаментіне ауыстыра қояды. Аз-кем уақыт тек қана жалақымен отырып «азап» шегеді. Сосын қайтадан лагерьге — «ақша табуға» сұранады. Оның бастықтары Ашов сияқтыларды осылай «жазалап» «тәрбиелеп» отырады. 

Біз Ашов пен Писарев сияқтылар жайлы ақпараттарды жинап, олардың бизнестерінің түпкі себебін зерттеп келеміз. Атап айтқанда — барлық детальдары мен астарлары, аты-жөні т. б. Қысқаша айтар болсақ, Ашовтың  ҚАЖ комитетінің өмір бойы орынбасары болып істеп келе жатқан Аюбаев деген «шатыры» бар көрінеді. Аюбаев пен Ашовтың бір бірімен туысқандық байланыстары да болса керек. Бұл екі мықты Алматы облысындағы лагерьлеріндегі «қалталыларды» қармақтаудың шеберлері деген әңгіме бар.  Схемасы өте қарапайым екен: жалған қылмыстар, айыптарды пайдаланып сотталушылардың мерзімінен бұрын босануларына тосқауыл жасау, белгілі бір сомада ақша төлесең айыптар мен қылмыстар жоғалады. Осындай процесті орындаушылардың, сотталушылардың аты-жөндері, деректері бар. Олар жайлы деректерді жинап тексерудеміз, жариялаймыз.  

ЛА 155/4, және ЛА 155/14 мекемелерінде ешқандай дәрігерлік көмек ала алмай, аяушылық таба алмай сотталушылар Петр Беспалов пен Татьяна Денисова жатыр. Бишаралар енді не істемек? Асылып өле ме? Оған ешкімнің қиналмасы анық. Матрас сияқты «списаниеге» шығарып тастайды.

ҚАЖ комитетінің  медицинасы осындай — «бір өліктен соң, тағы өлік». 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.