Өмір — әр кез күтпеген оқиғаларға толы. Жақында бір адаммен кездесіп сұқбаттасқан едім. Бұл кісі  Қазақстандағы атақты бір адамның қасында көп уақыттвр бойы бірге болып, бірге отырған адам. Иа, сол жерде, темір тордың ар жағында. Қазір бостандықта, хабарласып сөйлескен едік. 

Әңгіме Талғат Ермегияев жайлы. Естеріңізге сала кетейін: Талғаттың әкесі Назарбаевқа өте жақын болған адам. Содан болар, мансабы жақсы жүріп. қызметі тез көтерілді, бірақ ұқыпсыздығы мен аңдаусыздығы жеңіп омақаса құлады. 2016 жылы өздеріңіз білетін атақты ЭКСПО-ы басқарды, миллиардтаған ақшаның тағдырын шешті. Сіз таң қалмаңыз — сол ақшалар ұрланып кетті. Ол кінәні мойнына алған жоқ, ақшаны қайтармады. Әрине, содан кейін түрмеден бір-ақ шықты. 

2017  жылы Талғат Ермегияев тағы бір үлкен жанжалдың кейіпкері болды. Бұл жолы лагерьлік жанжалдың кейіпкері ретінде.   ЭКСПО-ң бұрынғы басшысы Астанадағы ІІ министрлігінің ҚАЖ комитетінің Астанадағы   ЕЦ 166/10 мекемесін сатып алды.  Түгелімен — барлық қызметкерлерін, басшылығымен қосып сатып алды. Аңғарып отырған боларсыздар —  «сауда-саттықтың» масштабының қандай болғанын. Қазақстандағы ешқандай түрменің бастығы мұндай алыс-берісті «жоғарыдан» бас изеу болмаса жасай алмайды. 

Соттың хаттамасынан үзінді:  — «… 2017 жылдың желтоқсан айында Талғат Ермегияевтің өнеркәсіп аймағындағы бөлмелерінде тінту жүргізілген кезде сотталушыға ерекше арнайы жағдайлар жасалғандығын дәлелдейтін айғақтар табылды:  «…сигарлар, жылытылған темекі таяқшалары, сигара кесетін пышақ, темекі жылытуға арналған электр жүйесі, Huawei, wi-fi-роутер маркалы  жылжымалы стационарлық базасының қалалық линиясы, аудармашы, отбасылық суреттер, флеш-карта, керамикалық ыдыс-аяқ, ас үйлік балта мен пышақтар, метал шампурлар, спорттық роликтер мен гантельдер, боксёрлік жұмыр, эластикалық тізеқаптар, шингерттер, DVD-қондырғы,  «Монополия» ойыны, домино, плазма телевизор,  микротолқынды пеш, термопод, жеміс сығатын пресс,  мультиқазантаба,  фритюрница, өтекэлектровафель пісіргіш, электропеш, үрме  матрас,  йога жасауға арналған кілемше, қазан, монша сыпырғы, аяқ киімнің 19 түрі, 4 үй тәпішкесі, шприц, медикаменттер, спорттық дастарханның тамағы, камуфляжды жиналмалы керует, азаматтық бас киім, қара түсті маска, құлақшын, шорты, презервативтер, жеке гигиена заттары,  ампулалар, таблеткалар, туалет су, сонымен бірге сотталушы Ермегияевтің фасовка цехындағы бөлмедегі жеке қолданыс заттары электр плитасы, кондиционер, микротолқынды пеш,  электр шәйнек, екі камералы мұздатқыш, кір жуатын машина, су жылытқыш, сыртқы типті сплит…»

Түрмеде отырғандар біледі, білмейтіндерге түсіндірейін: Сотталушы Ермегияев түрмедегі өмірін жүз пайыз «қамтамасыз» еткен: бірнеше бөлмесі бар «буданчик» (жеке бөлме) промзонаға орналасқан,ешқандай тексеру, зарядка, жұмысқа жегу, заплет, залет деген жоқ. Мұндай «өмірге» қол жеткізу оңай емес, ол қымбат, өте қымбат тұрады. Мұндай өмірге қол жеткізу үшін ең үлкен, ең жоғарыдағы адамның аузын алу керек. Оған лагерьге қонаққа бару үшін  ешқандай графиктің, лимиттің қажеті жоқ. Туыстары, достары, таныстары, тіпті презервативті қажет ететіндер де кез келген уақытта емін-еркін кіре алады. Мысалы, жұмыстан қолы бос кезінде үлкен досы — ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың өзі де келіп кеткен. Иа, рас, бұл да соттың хаттамасынан алынған. Түсіндіңіз бе? Қандай сұрағыңыз бар? Сұрақ жоқ. 

Иа, несіне таңданамыз. Лагерьлерде мұндай жағдайлар сирек болса да кездеседі. Қолыңнан келсе, неге істемеске. Жан-жағыңды жарылқа, зияның тимесе болды. Міне, сотталған Т. Ермегияев осылай өмір сүріп жатыр.

2017 жылы орын алған осы оқиғадан соң кейбір қызметкерлердің бірін соттады, екіншісін -қызметтен босатты, үшіншілерін -ауыстырды. Лагерьдің әбден «ботқасын» шығарды, жүздеген сотталушыларға зиянын тигізді. Осыдан соң  Талғатты Алматы облысының ЛА 155/12, Заречный мекемесіне ауыстырды. Қатаң режимдегі камералық типтегі тоқсан тоғызыншы лагерь. 

Осы жерде тағы бір қызық басталады. Осыған дейін біз айтып жүрген сотталушыларды ЕЦ 166/10 мекемесінде сотталушыларды ұратын тандем Ашов+Писарев (бастық пен   зампорор 155/8, (біздің материал https://www.facebook.com/108893537462187/posts/190478559303684/?d=n) осы  Ермегияев «өмір кешкен» мекемеде сол кезде қызмет еткен екен.  Сот үкімі бойынша сотталғандар мен қызметтен шығарылғандардың ішінде олардың аттары жоқ. Оларды үн-түнсіз басқа мекемеге ауыстырып жіберді. Әуелі Алматы облысы ҚАЖ департаментіне. Ашов пен Писарев ҚАЖ департаментінде жүрген кезінде Ермегияев отырған лагерьде пышақ қолданылған қантөгіс төбелес орын алыпты. Дереу түрме бастығын Таразға ауыстырады да, Ашовты оның орнына апара қояды, Писарев тиісінше орынбасары болып ауыстырылған. Екеудің тандемі жаңа жерде тәртіпті өз қалпына келтіреді деп апарған. Естеріңізде болар: ҚР Бас прокуроры оның ең жақын досы емес пе…. 

Бізге жеткізген ақпарат көздері бойынша сотталушы Талғат Ермегияев берекетсіз өмір сүріп жатса керек. Өзіне қажетті мәселелердің барлығын ақшаға сатылған түрме қызметкерлерінің қолымен шешеді. Мысалы, оған «тәуір» камера қажет болса, ол камераның адамын басқа камераға қуып жібереді, егер сотталушылардың бірі оған ұнамай қалса, ондай адамның басына проблема туады. Ондай адам ДИЗО-а жіберіледі немесе басқа лагерьге аударылады….

Жақында осы лагерьде намаз оқитын Ұшқын Рахметуллаев деген жас жігіт өзіне өзі қол салды (біздің материал https://www.facebook.com/108893537462187/posts/215680606783479/?d=n). Ұшқынның өлімі кезінде қасында болғандардың айтуынша бұл өлімге режимдік бөлімнің бастығы Серікбол Бахтияров қатысты болуы мүмкін дегенді айтады. Біз сол кезде оның суға салса батпайтын, отқа салса күймейтіндігін айтқан едік. Оның барлығына тиісті дәлелдер мен айғақты келтірген болатынбыз. Содан бірнеше күн өткен соң сотталушы Мақсат Төлебеков Ұшқын Рахметуллаевтың өлімін тексеру жөнінде бейнетаспа арқылы үндеу жариялаған еді (https://youtu.be/Iijxl5ILj7Y).  2021 жылдың 14 қаңтарында лагерьге әскер кіргізілді, өлімнің тексерілуін талап еткендердің барлығы жазаға ұшырады, бірін басқа жаққа ауыстырып, екіншісін — ДИЗО-а, басқаларын жеке камераларға қамады. Осы жұмыстың барлығын басқарған Серікбол Бахтияров болды. Рахметуллаевтың өлімі жайлы істің тексерілуі басталмай жатып аяқталды. (біздің материал  https://www.facebook.com/108893537462187/posts/233758031642403/?d=n). 

Біздің дерек көзіміздің айтуынша Рахметуллаевтың өлімінен соң Бахтияров уақытша қызметтен шеттетілді, мекемеге кіру куәлігі қолынан алынды. Бірақ — ! Талғат Ермегияевтің жұмыс аяғында сыртқы есіктің аузында темір тор есіктің ар жағында тұрған, жұмыстан шеттетілген Ермегияевпен сөйлесіп тұрғанын жұрт көрген. Сосын — ! Бір сағаттан соң ішке кірген Серікбол  өзінің Рахметуллаевтың өліміне қатысы бар деп айтқандардың  барлығын қысымға алып жазасын бере бастаған… 

Дерек көзінің айтуынша режимдік бөлімнің бастығы Серікбол Бахтияров сотталушы Талғат Ермегияевті телефонмен, спирттік ішімдіктермен, сұрағанының барлығымен қамтамасыз етіп отырады дейді. Тиісінше Бахтияров Ермегияев көрсеткен сотталушылардың тағдырын өзі шешіп отырады.

Мұндай жағдайдың лагерьде орнатылуы тегіннен тегін болмайды. Оған «жоғарыдан» арнайы тапсырма керек. Бахтияровтың суға салса батпауы, отқа күймеуі Талғат Ермегияевтың байланыстары мен ақшасымен қамтамасыз етіліп жатса керек. 

Ермегияевқа шығарылған үкімнен: 8 миллиард теңге зиян келтірген, 780 миллион теңге пара алған… Оған қосымша үлкен досы бар — Асхат Дауылбаев

 

P.S. Сурет иллюстрациялық емес. ҚР ІІМ Алматы облыстық ҚАЖ департаментінің ЛА 155/12 мекемесінің режимдік бөлімінің бастығы Серікбол Бахтияров деген осы мырза.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.