Бүгінгі болған сот Макс Боқаевқа тағы да үш жыл бойы қадағалану астында жүресің деп шешім шығарды. Үш жыл бойы әділетсіз сот мерзімін күні мен сағатына дейін тауысқан Макс тағы үш жыл бойы «бағылатын» болды. Бұған не дерсің…

Мұндай қисынсыз сұрқиялық сот шешіміне қарсы сөз тауып айтуға қиналасың. Осы шешімді шығарғандар, оны орындағандардың миғұла есектігі, олардың ертең ақыретте көр азабын тартатынына күмәніміз жоқ. Мұндай қарғыстың талайын сендер  есек құлақтарыңмен естіп келесіңдер, әлі талайын еститіндерің анық. 

«Реформашыл тоқаевтың» сөздеріне әлі күнге дейін сеніп келе жатқандарға дәстүрлі сөздерімізді тағы айтпақпыз: сендер сеніп жүрген, өзі ақылды, өзі көркем тоқаевтың кезінде біздің депутаттар бостандыққа шыққан соң  саяси тұтқындарды қуғындайтын қосымша норманы қабылдады. Мұндай қатал норма бұрын ерекше қанішерлерге, террористерге ғана қолданылып келген еді. Осылай Тоқаевтың «реформасына» сене бересіңдер ме?!

Мен білетін түрмеде  (авт. – Владимир Козлов) менің кезімде «террористерді»  босануларына екі ай қалғанда қасақана «қылмыс жасауға» келтіріп, қасақана қылмыс жасаушы деп СУС қатал барагына жатқызатын. Түрме осындай әдістерді қолдану арқылы өз «кураторлары» — ҰҚК-н тапсырма алып оны орындайтын. Сүйтіп сотқа арызданудың желеуін тауып босанғаннан кейін адамды әкімдік бақылауға жіберетін. Ол адамды босанғаннан соң  тәртіп бұзса қайтадан түрмеге түсу қаупі күтетін. 

Менің кезімде СУС барагынан террористік істері үшін бір адам 12 жыл бойы күні мен сағатын тауысып босаған еді. Міне сол адам бар болғаны 6 ай қадағалау мерзімін алды. Ал Макске келер болсақ, ол босаған кезде ешқандай қылмыскер емес, тәртібі жақсы болып, жалпы барактан шыққанына қарамастан — тағы үш жыл бойы қадағалауға жіберіліп отыр! Не деген сұмдық бап! 

Сотқа дейінгі мерзімде Макс Боқаевтың барлық айыптары жойылған. Оған мерзім өтеу кезіндегі тағылған айыптардың барлығын түрме әкімдігі оның өз құқығын қорғағаны үшін таққан еді. Олардың барлығы жойылып отыр емес пе, сондықтан оны қосымша бостандықта қадағалауда ұстауға ешқандай негіз жоқ. 

Бұл нені білдіреді? Қадағалау жөнінде сотқа ұсыныс жасап құжат жолдаған мекеме бастығы Тажанов, прокурор Умбеталин екеуі де ештеңені «көрмей» заңды белінен басып отыр. Ал судья Әліпқалиев болса ҰҚК-н түскен саяси тапсырманы орындап «жендеттік» міндетін атқарып отыр. Макстың адвокаты Жанар Сүндетқалиева сот шешіміндегі «түзелмеген» деген сөзіне таңғалыс білдіріп, «түзелмеген» деген сөзге қандай негіз бар, ол қандай құжатпен дәлелденіп отыр деп қарсылық білдірді. Жауап болмады. Сот шешіміне «адасып» кірген «түзелмеді» сөзі бүгінгі Макс Боқаевқа — «түзелмеген» саяси тұтқынға, бүгінгі қоғамға беріліп отырған саяси баға. Максты түрме сындыра алмады! Түрме Максты шынықтырды, күшейтті. 

Осы ұйымдастырылған бықсық тірліктің ар жағынан ҰҚК-ң есекке ұқсаған құлағы көрініп тұр. ҰҚК-ң мамандары барлық саяси тұтқындардың «бет-әлпетін, болашағын, мінездемелерін, болашағын» сипаттап беретіндер. Саяси тұтқындардың «болашағы, тағдыры»  жөніндегі тапсырмалар сол «тереңді» зерттейтін контордан түседі. Олардың мақсаты мен міндеті — саяси тұтқындардың өмірі мен тағдырын неғұрлым қиындату, аяусыз жандарын ауырту. 

Мені түрмеге қамау алдында тау басында салған үйімді тас-талқан етіп бұзған еді. Мен ол үйді екі жыл бойы маңдай терім мен барлық ықласымды жұмсап соққан едім. Өзім салған үйде кешкіғұрым дем алып, өзім жаққан отыма жылынып отырмақшы едім…

 Қиялдаған арманым еді. Осы орайда ҰҚК түрмесінде отырғанымда тергеу кезінде жас қызметкердің аузынан байқамай мына сөз шығып кеткен еді: «…бұл соңғы ескерту болатын, сізді түсінер, тоқтап шегінер деп ойлаған едік…» 

Макс Бокаев мерзімінен бұрын босанудан біле тұра бас тартты, ол «таза» болып шыққысы келді. Түрмеден таза болып босанып диктатураға қарсы күресті таза қолымен жүргізбекші болды. Ал диктатура болса мынадай сорақы үкім шығарып отыр… 

Тағы да қайталап айтамын: Макс, билік сені мойындап отыр. Осыны айтып мақтанатын ретің бар. Саған жасаған қасастығы үшін олар жауап береді, міндетті түрде. Азаттыққа шығуыңмен, бауырым! 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.