КарЛАГтың лагерьлерінде «бас көтермей кітап оқу» жобасын бастапты. Бразилияда басталған осы тәжрибені зерттеп көрдік дейді. Осыдан төрт жыл бұрын басталған екен бұл тәжірибе. Онда әрбір оқылған кітап мерзімді 96 сағатқа қысқартады екен… 

Мен бұл тәжрибе жайлы «үштікте» болған кезімде  естігенмін (164/3, Петропавловск) (авт – Владимир Козлов). Сол кезде ойларымдағы осы кітап оқу жайлы фрагментті ҚАЖ комитетін реформалау жобасына кіргізіп тәжірибесі бар оперлармен ақылдасып (олардың арасында саналы зерделі адамдар кездеседі) жаңа Қылмыстық атқару кодексіне ұсыныстар жинаймыз деп жар салған комиссияға жіберген едім. Ар жағы не болды дейсіз ғой? Ештеңе болған жоқ. Жаңадан Қылмыстық атқару кодексі шықты, сол баяғы жыртық «тесіктерімен». Иа, ескіні жамап жөндей алмайтынымызды сонда түсінгенмін. Бұл мәселені құлағына қанша құйсаң да түсінбейтіндер бар, сонымен бірге Крыловтың «Васькалары» да бар. Олар бар зейінімен сені тыңдаған болады, бірақ алдына қойған тамағын бір сәт те жеуді тоқтатпайды. Боқты жүзімге қосып жесең де, жүзімді боққа қосып жесең де боқ.   

Енді өмірде болып жатқан жағдайларға ауысайық. Сотталушы  Кәрім Бабаев, СИ18, Алматы облысы. 2017 жылы СИ18-е лагерьдің қызметкерлері бір топ сотталушыларды таяққа жыққан еді, олардың қызып кеткендері сонша, біреудің қабырғасын, екіншілердің жағын сындырған… Сотталғандар осалдық жасамай аяғына дейін шыдап оларды сотқа бергізді. Үкім корпус бойынша үлкен қызметкерге шығарылды. Осы жерде айта кетейін, сол кезде СИ-18-е режим мен оперативтің жұмыс бойынша орынбасар болып баяғы Марат Арыстанов істеген , ағайындылардың үлкені, жұрт оны «Алибекович» дейді. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/221652976186242/?d=n) Мараттың қарамағындағылардың  қылмысты іске қатыстығын дәлелдейтін бейне таспа болды, бірақ «Алибековичті» басқа «қызмет орнына» ауыстырып жіберді.

Бабаев  үш жылға «тубзонаға» түсті, ол жақтан қайтадан СИ-18 түсті, бостандықта жүрген, бірақ иығында погоны бар қызметкерлер оған баяғы істерді есіне салды, оны «тиісінше» қарсы алды. 

 СИ18-е болғандар «режимнің» бастығы «Доняны» жақсы біледі. Данияр Сәдуақасов. Суға батпайтын, отқа күймейтін, «крышасы» мықты адам. ҚАЖ комитетіндегі толып жатқан «серікболдардың» бірі.  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/233758031642403/?d=n) . «Доня» Кәрім Бабаевты «күтіп алуды» басқарған, тиісті шараларды жалғастырған адам.  Ұзақ уақыт таяқ жеген Бабаев болған жайды айтып арыз жазады, «сыртқы ауруханаға» шықпақ болып дәнекерлеуші электрод пен бірнеше шегелерді жұтқан. Бұл әдіс сыртқа ақпарат жіберудің бір амалы. Бірақ ол жағдайды көзге ілмей Бабаевты «спецпродол» деп аталатын ерекше оқшауланған түрменің бөлмесіне жатқызып арызыңнан бас тарт деп қинаған. Бабаев суицид жасамақ болған соң оны «инвалидтік камераға» ауыстырған. Бұл камерада жұдырықтары жуан, бұлшық етті жігіттер отырады, олар Бабаевтың арыздан бас тартуына ықпал жасаған. Асқазанындағы электрод пен шегені «арқалап» Бабаев бес ай жүреді… Сонда ғана мұның аяғы тағы бір адамның өлімімен аяқталатынын түсініп ауруханаға шығарған.

Асқазанынан «бөтен заттарды» алып тастау операциясы жасалған соң Кәрім Бабаевқа дәрігерлік көмек қажет. Бірақ көмек көрсетілмейді, «Донядан» рұқсат қажет дейді. Кәрімнің арызы бойынша басталған іс қозғалмай тартпада жата береді. Тергеуші Кабдрахманов бұл іс бойынша ештеңе істемейді. Оны айтасың — сотталушы Бабаев ЖД158/1, СИЗО мекемесінің азаматтық іске байланысты талап арызы бойынша құқық қорғаушы Елена Семенова екеуі жауапкерге айналады. Бұл мәселе бойынша да оған сотқа өтініш жасауына кедергілер жасалған, қорғануына, Елена Семенованы қорғауға мүмкіндік бермеген…

ҚАЖ комитетінің «серікболдарының» тізімі ұзыннан ұзақ — Бахтияров, Арыстанов, сотталған Гусейновты таяққа жыққан «жетпіс біріншінің» бұрынғы бастығы  Ашовтың қызметі жоғарылатылып Алматы ҚАЖ департаментін басқаруға жіберілді… (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/202767794741427/?d=n)

ҚАЖ комитетінде болып жатқан бүгінгі күннің шындықтары осындай. «Бас көтермей кітап оқу» дейсіз бе? Қандай керемет жоба десеңші. Боққа тасталған тағы бір тәтті жүзім. Ас болсын. 

P.S. Кәрім Бабаевты жедел операцияға алып кетті деген хабар түсті. Оның жақындары, Кәрімнің айтуымен оның ісіне байланысты қазіргі болып жатқан және осы кезге дейінгі істерге қатысты қызметкерлердің аты-жөндерін атаған. Егер ол өле қалса Арыстанов, Байжігітов, Садуақасов, Канатбеков, Сейдақова, Сауранбаевтар кінәлі болмақ… 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.