2021 жылдың 14 қаңтарында «тоқсан тоғызыншы лагерьде» (155/12 Алматы облысы, Заречное), адамдардың ұрланған оқиғалары орын алып жатты.

Сотталғандар туыс-жақындарына барактардың терезелерінен автозактардың шыңғырған дауыстарын естігендерін, топырлаған полицейлердің ДИЗО-а жүгіріп бара жатқанын, бастарын төмен қаратып, қолдары артына байланған қамақтағыларды (зектің тілінде ондай позаны «ұшып бара жатқан дельфиндер» немесе «қарлығаш» дейді) автозакқа тиеп жатқанын айтып хабарлапты.

 Бұл болған оқиғаның толық егжей-тегжейін әзірше білмейміз. Бірақ осы лагерьдің жеке адамдық ДИЗО-а қазір Мақсат Төлебеков отыр. Ол өткен жылдың аяғында келесі бейнеүндеуді таратқан болатын (https://youtu.be/Iijxl5ILj7Y). Ол осы үндеуінде бес уақыт намазын қаза қылмайтын Ұшқын Рахматуллаевтың жұмбақ өлімін https://www.facebook.com/108893537462187/posts/215680606783479/?d=n ), және Алматы облысы бойынша ҚАЖ  департаментінің, ҚАЖ комитеті мен түрме орындарындағы заңдылықты қадағалауға тиіс — прокуратураның осы деректі сыртқа шығармауға, суицид оқиғасын тезірек жауып тастауға әрекеттерін айтып берген болатын. Осы бейнеүндеуінен соң Мақсат дереу жеке камераларға бірнеше айға қамалған еді. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/216385960046277/?d=n). Лагерьде Ұшқын Рахматуллаевтың өлімін көрген басқа да сотталушыларды қысымға алып қуғындай бастаған болатын.  Тағы да бірнеше адам изоляторларға қамалды. Әсіресе ерекше аяусыздығымен, хайуан сияқты жазалау істерімен көрінгендердің бірі — Серікбол Бахтияров деген жендет. Бізге жеткен ақпараттарға сүйенер болсақ, осы адамның Ұшқынның өліміне қатысы бар көрінеді.  Себебі бұл істі «тексерген» кезде ол мекемеден кетіп (түрмедегі қалыптасқан тәртіп бойынша) қалған екен… Енді міне оралып отыр. Серікбол Бахтияров 14 қаңтарда «тоқсан тоғызыншы» лагерьде болған оқиға кезінде «істің» басқарушысы болған, кімді ұстау керек, оны қай жаққа апару керектігін өзі көрсетіп басқарған. «Осы жердің құдайы менмін, менің ақ дегенім алғыс, қара дегенім қарғыс деп мақтанып айқайлап бұйрық беріп отырған.

Лагерьдің ішіне автозактардың, сосын әскери жүк машиналарының кіргені бекер болмаса керек. Сірә біреулерді «ұрлаған» болар деп ойлаймыз. Иа, түрмеде дәл осындай ұрлықтар жасалып тұрады, ешқандай ескертусіз әскерилер кіріп келеді де, адамды ұрып құлатады, аяқ-қолын байлайды да дереу  сүйреп автозакқа тығады. 2015 жылы дәл осындай «ұрлықтың» болғанын өзім (авт. — Владимир Козлов) көрдім, бірнеше адамды біз жатқан қатал режимді барактан «ұрлап» әкеткенінің куәсімін. Оларды «дежуркаға» апарып тағы да ұрып-соғып, аяқ-қолын скотчпен байлап мумия сияқты ойыншық еткенін көргенмін…

«Ұрланған» адамдарды сосын әрқайсысын республиканың әртүрлі лагерьлеріне апарып тастайды. Олардың жеке істері тігілген папкаларының бетінде нұсқаулық қағаз жатады: бұл адамды қалай қарсы алу керек, қандай режимде, қандай қаталдықта ұстау қажеттігі жазылып қойған…

Бұл тәртіпті жоғарыда біз айтқан «серікболдар» ойлап тапқан,  осылай ұрланған адамдар серікболдардың ойынша лагерьде тәртіпті өмір қалпын қалыптастыруға кедергі жасайды екен, яғни олар басқалардың құқын қорғайтындар, адам құқын қорғаушыларға шағымданушылар, көмек күтушілер. Әрине, көмек дер кезінде келген болса, аяғы мұндайға бармаған болар еді, кешіксе — …

  «Тоқсан тоғызыншының» жанында «жүз үшінші» лагерь тұр. Бұл лашерьде бірнеше алматылық «саяси істілер» әділетсіз қамауда отыр. Солардың бірі — Әсет Әбішев. 28 желтоқсанда өткен сот процесінде оның аяқталмаған сот мерзімін жұмсақ жазаға (УДО) ауыстыру сұралған болатын. Күткен жағдай болды — сот бас тартты.  Әсет осындай нәтиженің боларын білген, бірақ әрбір осындай іс, сот процесінде мына жүйенің қандай екенін жұртшылыққа көрсету, өз позицияңды айтып қалу үшін қажет. Сот басталар кезінде сотталушы судьяны ауыстыруды талап етті, сол себепті сот кейінге қалдырылды, бірақ кейін сол құрамда жалғастырылды. Тағайындалған Әсеттің адвокаты да судьяны ауыстыруды, Әсеттің өтінішін қолдауды талап етті. Бірақ осыған қарамастан сот «Әбішев тәрбиесін түзеген жоқ» дегенді айтып өтінішті орындамады. Әсет Әбішевтің босануына әлі бір жылдан артық уақыт бар… Ол әлі бір жылдан көп уақыт бойы ҚАЖ комитетінде мал тезектері  сияқты толып жатқан серікболдармен өмір сүрмек…

  P.S. Материалымыз қазақшаға аударылып жатқан кезде хабар келді, Мақсат Төлебековтың  ұрланып, басқа аймаққа алып кеткендігі расталды.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.