2021 жылдың 4 ақпанында Макс Боқаев бостандыққа шығады. Атыраулық күрескер, халқының бостандығы үшін қайыспаған, бірнеше жыл бойы бас бостандығын қапаста өткізген иманды адал азамат. 

Мен (авт. Владимир Козлов) бірнеше жыл бойы Макспен азаматтық қоғамның наразылық кеңістігінде қатар жүріп күрестім, бір бірімізді жақсы білеміз. Мен Ақтаудың түрмесінде жатқан кезімде, сот процесі кезінде маған неше түрлі қолдау көрсеткендердің ішінде, әртүрлі өткізілген акциялардың қатысушысы болғандардың бірі. 2012 жылы тамыз айында Ақтау түрмесінің қорасына  кіріп туған күніме байланысты менің келіншегіммен бірге «қолдау салютін» жасаған жаужүректердің бірі. Осы акцияға қатысушылардың соңына түскен ҰҚК қызметкерлерінен құтылу қажет болған кезде Макс жүйткіп келе жатқан автокөліктен жанкештілікпен қарғып түсіп үш әріптің адамдарын адастырып түрме ауласына кіріп «от фейерверкін» жасағаны жайлы оқиғаны өз кітабымда жаздым.

Макс өзіне тиісті мерзімін түгелімен барлық күнін тауысып бостандыққа шыққан соң бірінші болып «әкімдік бақылау» алмақ. Алдағы 19 қаңтарда болатын  сот процесінде Макске осындай арнайы сот шешімі шығайын деп отыр.

Бұл сот шешімімен бостандыққа шыққан Макс Боқаевқа «саяси экстремист» есебінде адами құқығын шектейтін бірнеше шектеулер мен тиымдар салынбақ. Бұл шектеулер ҰҚК-ң арнайы тізімінде жазылған:  полицияның қарауында тұрақты түрде болу, «коменданттық режимде» өмір сүру, қаладан, елден т.б. шықпау. Оларды бұзған жағдайда қайтадан сотталу қаупі орнайды. 

Бұрынғы заң бойынша мұндай шектеулер қоғамға шын мәнінде қауіп төндіретін қылмыскерлер үшін болатын — террористер, педофилдер сияқтылар. 2019 жылы заңды «жаңартып» оған «экстремистерді» қосты, яғни басқаша пікірде ойлаушыларды — қоғамдағы наразылық сегментіндегілерді, диктатурамен келіспеушілерді, «мал қорада» тұрғысы келмейтіндерді қосты.  

Макс Боқаевтың үстінен болайын деп жатқан 19 қаңтардағы әділетсіз сот процесі — Тоқаевтың «реформаларына» сенетіндердің, «ескерту» жолымен  митингіге шығуға болады (100 ескертуге бір митинг) деген сияқты алдауларға сенушілердің көзін ашар деп ойлаймыз. Осындай сұмдықтарды — біздің полицияның «саяси гестапоға» айналғанын, 405-і бап бойынша қамалушылардың түрмеде ай сайын көбейіп жатқандарын қалайша көрмей отырсыңдар. Осындай шектеулермен түрмеден босайын деп отырған Макс Боқаевқа «түрмеден босануыңмен» деп айтуға қалай ауыздарың барады. 

10 қаңтар — сайлау күні. «Нұр Отанның» дауысын тартып алып мына диктатураны жеңеміз деушілер бейбіт түрдегі легитимдік наразылықтың мүмкіндіктерін жоққа шығарайын деп отыр. Әрине, азды-көпті біреулер алаңға шығып наразылығын білдірер. Енді біреулер  қарсы шығып беліндегі шоқпарымен оларды таяққа жығар, Назарбаев пен Тоқаевтың мүддесін қорғап етігінің астына салып тебер, сүйреп, таптап, зорлап ұрып-соғып түрмеге отырғызар…

Бұған не деуге болады… Әрбір нәрсенің пісу мерзімі болады, өз өлшемі, өз таңдауы бар. Соларға лайық әркімнің өз жауапкершілігі (әрқилы) бір күні міндетті түрде туары анық. Ешкім бізді сырттан келіп құтқарып алмайды. Ешқандай пері, Құдай, батыр босатпайды. Барлық кілтипан адамның өзінде. 

Макс Боқаев лагерьден шығады, бірақ бостандыққа емес. Тоқаевқа «сенушілер» өз батырларың — Максті екінші рет түрмеге қамайын деп отырсыңдар, екінші рет оның бостандығын тартып алдыңдар. Макс өз таңдауын баяғыда жасап қойған. Ешқандай өкінішсіз, сеніммен жасады. Себебі — Макс нағыз ержүрек батыр. Билік Макстен қорқады, яғни сыйлағаны. Дұшпанның сыйлағаны — қымбат дүние. 

Біз сені құрмет тұтамыз, Макс!

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.