Қоғамдағы наразылық жасаушылардың істерінің алдын алудың яғни олармен күресудің полицейлік іс-шараларының шарықтау шегіне жақындап келеміз. 2020 жылдың желтоқсанының екінші жартысынан бастап азаматтық белсенділерді қамау мен ұстаулар демократиялы деп саналатын Қазақстанның күнделікті тірлігіне айналуда. Әрине бұл жерде 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған кезекті «жалған» парламенттің «жалған» сайлауының еш қатысы жоқ.  Бұл  күнтізбектің әншейін ғана бір кезекті күні, нәтижесі күні бұрын белгілі, қоғамның  құлықсыз еріксіз еркін арсыздықпен биліктің пайдаланатын күні. Биліктің бұл арсыздығына халықтың үйренгені сонша, «өзгеріс» болады дегенді естісе болды жүйкесі шаршап қозып кетеді. Бірақ, біздің қазіргі айтпағымыз ол емес, басқалар жайлы… 

Бүгінгі билік диктатурасы осы кезге дейін жазалау шоқпарын  тек көш бастаушыларға, лидерлерге сілтеп келген болса, енді билік диваннан құйрығын көтеріп көшеге шығуға дайындалғандарды да жусатып құлатуға кірісті. Бұл нені білдіреді? Шындықтың беті енді ашылайын деп отыр. Енді бұдан былай тырп етпейсің, қолыңды сілтемейсің, даусыңды шығармай үн қатпай отырасың. Диктатураның өмірінің соңына дейін, басқа Қазақстанға айналғанымызша. 

Жағдайдың осындай арнамен ағып жалғасуы мынадан: қоғам бірнеше жікке бөлінді, ауыз бірлігі мен ынтымағы жойылып барады, топ алдына шығып жанкештілік жасаушы азаматтарды қолдаушылар болмай отыр… 

Мұндай жағдайды бір мезетте өзгерте қою мүмкін емес. Бұл қоғамның даму диалектикасы,  табиғаттың заңы, яғни қоғамдық сатылардың өзгертілуін қамтамасыз ететін эволюциялық  даму жолы деуге болады. Неғұрлым төменге түскен сайын, соғұрлым жоғары көтерілуге қиын. Бірақ, алға озып шыққандар көп болған сайын, жанкешті батырлар көп болған сайын, келесі даму сатысына тез көтерілетін боламыз. Ондай адамдардың көп болғанын қаласақ, оларды қолдаушылардың да көп болғаны жөн. Қолыңнан келгенінше үлес қос. Әлеуметтік желіде «қолдадым» деген бір сөзің, отбасына жіберген мың теңгең оған күш қуат береді. Мені ұмытпаған екен ғой, мен жалғыз емес екенмін, таңдаған жолым, бағытым дұрыс екен ғой деген ой оны алға жетелейді.  

Диктатор Назарбаевтың ондаған жылдар бойы құйрығын «жалап» келген, сенің ісіңді жалғастырамын деп уәде берген шалажансар президент тоқаев сол уәдесін бұлжытпай орындап келеді. Тоқаевтың жасап жатқан «реформалары» шетелге көрсеткен алдамшы ойыны, халықты мазақ қылған тірлігі, себебі оның «реформаларынан» соң бұрынғыдан да жаман болып жатыр. Мысалы, оның «жаңартқан» 182 бабы (ҚР Қылмыстық кодексі) — баяғы кеңес заманындағы жабайы 58 бапты қайталайды, адамдарды азаматтығынан айыруға апармақшы.  

Күнделікті өмірімізге қалыпты болып енген «экстремизм» сөзінің мәні мен мағынасына заңнамалық тұрғыдан түсінік берілмей отыр. Басқаша пікір айтатындар мен басқаша ойлайтындар Оруэллдің кітабындағыдай «мал қораның» тұрғыны деген түсінікті беретін болып барады. 

Әрине мұндай түсініктерді арқалап өмір сүруге болар, егер сіз мал қораның тұрғыны болсаңыз. Егер адамды ұзақ уақыт бойы «шошқа» деп атай берсе, ол күндердің бір күнінде қорсылдайтын болады, қожайынынан басқа жұрттың барлығын жек көретін болады. 

Төмендегі тізімде — еліміздің мал қора болуына қарсылардың аты-жөні. Олар алға шыққандар, оларды қолдау қажет. Әрине, жаңағы айтқан «тұрғындар» емес болсаңыз…

https://www.facebook.com/toregozhina

  1. Жексебаев Асхат қамалған
  2. Кылышев Кайрат қамауда
  3. Бегімбетов Абай қамауда

4.Рахимжанов Ноян қамауда

5.Ахметов Ұласбек қамауда

6.Баймағамбетова Диана қамауда

7.Аспандиярова Даметкен үй қамақ

8.Джаукерова Гульзипа ешқайда шықпауға қол қойған

9.Джұманиязова Нинагуль үй қамақ

10.Валиев Дархан ешқайда шықпауға қол қойған

11.Смағұлов Болат ешқайда шықпауға қол қойған

12.Қозиев Ермек ешқайда шықпауға қол қойған

13.Кұрбанов Марат ешқайда шықпауға қол қойған

14.Алибеков Бағдаулет ешқайда шықпауға қол қойған

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.