Жаңа жыл алдындағы ҚАЖ комитетінің «жаңалығы» — екі аптаның ішінде үш өлімнің орын алуы. Ескерте кетейік, бұндай жаңалықтардың көпшілігі сыртқа шыға бермейді, яғни бұл бізге жеткен жаңалықтың бір бөлігіі ғана. Бұл мекеменің ішіндегі болып жатқан осындай қайғылы оқиғалар барынша жасырылады, түрме шындығы осындай. 

Алматы облысының № 18-і тергеу изоляторындағы жас жігіттің өлімі жайлы жеткен хабардың бір ерекшелігі — бұл хабар бізге бейнетаспа арқылы жетті. Жас жігіт № 18 тергеу изоляторында өзімен болған «жеке әңгіменің» қалай өткені жайлы айтып берген. «Әңгіменің» нәтижесі жас жігіттің бет әлпетінде жақсы «сипатталыпты», екі айдан соң жас жігіт өлім құшты. 

Өз тәжірибемнен білемін (авт. — Владимир Козлов), бұл бейнетаспа әлеуметтік желіде көрсетілгеннен кейін Асылбектің (өлген жігіт) өміріндегі азаптық өмірі бұрынғыдан да күшейген. Асылбек өзіне қауіп төндіруші опердің атын атап берген, оның аты «Серік Әлібекұлы». Барлық жағдайдың қалай болғанын осыдан-ақ біле беріңіз.

«Серік Әлібекұлы» деген кім дейсіз ғой. Бұл жігіт Марат Әлібекұлы Арыстанов деген қанішер жендеттің інісі. Талай жылдық еңбек стажы бар әккіс садист, күлімсіреп тұратын Алматы облысының бір жүз үшінші Заречное лагеріндегі оперативтік бөлімнің бастығы. Ең жақсы көретін «тірлігі» — күтпеген жерден адамның бетіне шығыс ережесі әдісімен аяқпен  соққы жасайды. Жеке танимын. 

Оның үлкен ағасы Марат туралы айтар болсақ, ҚАЖ комитетіндегі неше түрлі  кикілжің оқиғалардың қатысушысы, яғни ол жүрген жерде адамның мәйіті немесе азапталған адамның денесі табылуы жиі кездесіп тұрады. Талай рет жазадан оңай құтылып кеткен, Алматы облысының басқа мекемелерінің біріне ауысып құтылып кетіп отырған.  Еңбек өтіліне көз салсаң бір лагерьден екінші лагерьге ауысулары жиі болған. Оның әрбір «ауысуының» артында талай адамның қаны мен азаптан сынған өмірі қалып тұрады. Қаншама рет ауысып тұрғанына қарамастан Марат Әлібекұлының мансаптық өсуі тоқтамаған. 2019 жылы Заречноедағы 155/12 лагерінде әлеуметтік желіде жарияланған атышулы оқиғаның кезінде осы мекеменің бастығы болған адам. Осы оқиға үшін қызметінен босатылды деп кеткеніне қарамастан мансабына еш зиян болған жоқ, мұндайлар суға салсаң батпайды, отта жанбайтындардың сортынан. ҚАЖ комитеті үшін мұндай кадрлар өте таптырмайтын адам. 

Енді міне оның інісі  ағасының атағы мен байланыстарын пайдаланып «ісін» жалғастырып келеді. Жалпы алғанда, бұл жүйеде туыстық жендеттік қасиеттері арқылы мансаптары өсіп, қызметтері жоғарылап аты шығып жүргендер аз емес. Бұл жүйеде қызметкерлерге аяусыз қаталдығы мен жендеттігі үшін жаңа жұлдыздар мен погондар тағылады, осындай «салтпен» және «дәстүрмен» өмір сүру қалыпты норма саналады.  

Өлген жігіт Асылбектің кім болғанын, не үшін тергеу изоляторына қамалғанын білмеймін. Бұл жәйт онша маңызды да емес. Кімнің қылмыскер, қылмыскер еместігін анықтау үшін қоғамда заң шығарылған, заң бойынша қылмыскерлерді жауапқа тарту ережелері қарастырылған.  Қылмыскерлер де біздің қоғамның бір бөлігі, олар әрқашан болған, бола бермек. Олардың қайда, қай жерде қалай жауапкершілікке тарту мақсатында арнайы заң шығарылған. Сол заңдарды бұзғандар ғана қылмыскерлер саналады, себебі олар осы жолды өздері таңдады. Сол үшін жауапкершілікке тартылулары тиіс. Бұл аксиома. 

Біздің елде бір ғана жерде күн сайын қаншама рет заң бұзсаң да, қылмыскер болсаң да ешкім жауапқа тартылмайды. Бұл — ҚР Ішкі істер министрлігінің ҚАЖ комитеті. Екі аптаның ішінде үш сотталған адам түрмеде өлім тауып отыр. ҚАЖ комитеті, жаңа жыл құтты болсын. Саған ұжымдық харакири тілеймін. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.