ҚР ҚК-ң 405 бабы 1-тармағы бойынша (тиым салынған ұйымның жұмысына қатысу) ұсталғандар жайлы хабарларды зерттей отырып байқағанымыз мынау: диктатура саяси кеңістікті «жағымсыз» элементтерден тазартып болғанға ұқсайды. Билік енді ҚДТ мен Көше партиясын қолдайтындарды жоюға кіріскен сияқты. Қолдайтындар қатарына билікке ұнамайтын белгі көрсеткендерді, ұнамайтын жалау көтергендерді, әйтеуір барлық «дұшпандарды» жатқызып жаппай ұстап жатыр. 

Мұның барлығы көзге оп-оңай көрініп тұрған нәрселер — Тоқаевтың өз қожайыны көрсеткен реформаларды жалғастырып жатқандығының белгісі. Тоқаевтың «реформалары» оны айтасыз, тіпті күн сайын өршіп бара жатыр деуге болады. Егер өткен жылғы жаңа жыл алдында 11 адам «саяси істері» үшін түрмеде қамалса, қазір олардың саны 28-е жетті. Әрине, билік үшін бұл жақсы көрсеткіш, енді митингіге рұқсат сұрайтындардың саны азая беретін болады… 

Азаматтық қоғамдағы наразылықшылар сегментіндегі «конструктившілер» мен «экстремистердің» арасындағы жік алшақтап барады. Біріншілердің саны экстремистердің санына тіке пропорцианалды түрде өсуде. Бұл көріністі фейсбуктегі «конструктивтік» материалдардың тақырыптарына қарап байқауға болады: сайлау, бақылаушылар, «халықтың ақшасы қайда кетіп жатыр» және тағы да басқа талай рет қайталанған, жұртты мезі қылған сұрақтар. Әрине, мұндай тақырыптың көп болғаны билікке де жақсы, талқылаушыларға да жақсы, себебі — қауіпсіз, нәтижесіз.  

Алдыңғы қатардағы жүргендердің парақшаларында қуғындалып түрмеде жатқандардың аттары  аталмайды, сөздері батыл, ақиқаттың семсері қолдарында, қайтпас қайсарлар. 

Олар — өзгермейтін батырлар. Олар — өршіп келе жатқан дауылдың алдыңғы толқыны, диктатураның темір бетон қамалын бұзатындар. Олар — осы іске дайын, осы жолда бар қиындыққа төзуге дайын адамдар. Билік оларды сындыруға бар күшін салуда, себебі олар диктатураның басты қаупі.  

Шалғымен шөп орушылар жақсы біледі — шалғымен бір сілтеп бау салып құлату оңайдың оңайы. Билік осы әдіспен басын қылтитып шығарғандардың барлығын сұлатып жатыр. «Экстремистердің» барлығын осылай құртып жатқан диктатураға кім қарсы келеді?  

Сенің өз қорқақтығыңды, жасықтығыңды мойындауға батылдығың жетіспейді, неше түрлі сылтау айтып өзіңді өзің ақтап жүрсің. Осы ынжықтығыңды диктатура пайдаланып «басын көтергендерді» құртып жатыр. Бірақ өз қорқақтығың мен жасықтығыңа мән бермей, оны іштей жек көрмей қашанғы жүресің? Мұны қыл арқанның (дардың) үстімен жүру деп атайды. Қашанғы жүрмексің? Бір күні бір жағына құларың анық. Қорқақтығыңды мойындаған күн, сол үшін өзіңді жек көрген күн — міне, батырлығың туған күн! 

Осы жолға шығудың алғашқы қадамын жаса — осындай қадамды саған дейін жасағандарды қолдаудан баста. Қажетті ақпарат пен контактілері мынау: 

https://www.facebook.com/toregozhina

https://www.facebook.com/daniyar.khassenov1996

https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists

https://www.facebook.com/barlyk.mendygaziyev

https://www.facebook.com/profile.php?id=100010593514534

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.