Сотталған Мақсат Төлебековты бүгін ЛА 155/12 лагерінің ДИЗО-а қамап тастады. Бұл лагерьде осыдан бірнеше күн бұрын Ұшқын Рахматуллаев деген сотталған кісі ДИЗО-ң ішінде асылған күйінде табылған болатын. Ал Төлебековке келер болсақ, келесі бейнетаспадағы сол баяғы сотталушы https://youtu.be/Iijxl5ILj7Y Ұщқынның өлімі жайлы көргенін,  қадағалаушы прокурордың, лагерь әкімдігінің өлім жайлы әңгімелерді жасырмақ болған әрекеттерін, оған қатысушыларды, олардың атын атап   айтып отыр…

 Мақсат Төлебековты ДИЗО-а қамап қойғанына таңғалатын ештеңе жоқ. ҚАЖ комитеті атты топас динозавр Мақсатты оқшаулауы мүмкін деп кешегі мақалада  айтқан едік, айтқанымыз айдай келіп отыр. Кеңестік НКВД-ң ГУЛАГ-ның «ұрпағы» — ҚАЖ комитетінің ойлау қабілеті өте таяз екенін талай айтқанбыз — ол басын онша көп нәрсеге қатырмайды: адамның аузын жабу, үнін өшіру.  

Мақсат Төлебековты ДИЗО-а қамаған соң, түрменің оперлері  арызға қол қойған басқа сотталғандарды қысымға алып қуғындаумен айналысып жатыр. Яғни прокурор мен ҚАЖ комитетінің  УСБ қызметі арызға қол қойғандардың «артқа шегінуін» күтіп отыр, оперлер дегеніне жетіп арызға қол қойғандарды өз арыздарынан бас тартқызған соң ғана олар өз жұмысына кірісетін болады. Мақсат шегінбей өз айтқанында қалатын болса, онда ол жалғыз өзі қалады, іс осымен аяқталады, себебі басқа сотталғандар өз көрсетулерінен бас тартқандықтан оның айтқандары жалған болып шығады…. Көп жағдайда мұндай істің аяғы осымен тынады. Мысалы, лагерьде өлтірілген сотталушы Андрей Кондратенконың қарындасы бір жыл бойы ағасын өлтірген погондыларды жазалауды талап етіп ізденіп ештеңе шығара алмай жүр… Ал Ұшқынның артында әділдік іздейтін ешкімі жоқ…

 Мен Мақсатты жеке өзін танимын (авт. – Владимир Козлов).  «бір жүз үшінші» лагерьде (ЛА 155/14, Заречное) бірге отырғанбыз. Мақсат айтқанынан қайтпайтын, өте сирек кездесетін қайсар мінезді жігіт, қылмыскер-оперлер Мақсат сияқтыларды жек көреді, себебі олар қайыспайды, оперлер ондай жігіттерді сындыра алмайды. 

Бұл жерде ДИЗО-а Мақсатты қамауының себебі — бейнетаспада шындықты айтқандығы, ешқандай заң бұзбаған. Мақсаттың «сақтауға және пайдалануға тиым салынған заты үшін» ғана айыпталуы мүмкін. Яғни осы бейнетаспаны смартфон арқылы түсіргені үшін, бірақ ол смартфонмен түсірген Мақсат екендігін дәлелдеу керек, себебі теориялық түрде смартфонмен кез келген түрме қызметкері де түсіруі мүмкін ғой. Бірақ, ҚАЖ комитетінің тергеушілері өз пайдасына дәлелдеу жағына келгенде алдына жан салмайды, әсіресе өз өтірігін шын етіп көрсетуге келгенде.   2015 жылы «бір жүз үшінші лагерьде» жеке заттарымды салатын сөмкемнен жоспарлы (!) тінту кезінде ішінен сим-карта «тауып» алды. Мен ол жайлы еш хабарым жоқ, себебі принципті түрде телефонды пайдаланбайтынмын, мені кінәлауға желеу болатынын біліп телефоннан бас тартқан едім. Сим картаның маған тасталғанын дәлелдеу үшін түскен қоңыраулардың «тарихын»  тексеруді талап еттім, бірақ оны тыңдаған жоқ. Іс сотқа барды, судья ҚАЖ комитетінің сөзін жақтады, себебі судьяның айтуынша погондылар өтірік айтпайды. Мақсат Төлебековтың айтуынша түрме қызметкерлері Қылмыстық атқару кодексін көпе-көрнеу бұзып отыр, олар Ұшқын Рахматуллаевты СУС барагынан тыс жерде жұмыс істеуден бас тартуға мәжбүрлеген. Заң бойынша СУС баргына қамалғандар тек қана сол аймақта жұмыс атқаруы тиіс. Мақсаттың бұл сөздері біздің қолымыздағы бейнематериал арқылы айғақталып отыр. Бұл материалды біз сіздерге ұсынып отырмыз.  Таспада түрме қызметкерінің Ұшқынды еркін жалдамалылар жұмыс жасап жатқан аймақта (СУС барагынан тыс жерде) зорлық жасап бұйрық беріп жатқан дауысы айқын естіледі. Сонымен бірге Рахматуллаевтың жауабы да айқын естіліп тұр, ол мен жұмыс істеуден бас тартпаймын, бірақ заң ережесіне сәйкес тек СУС аймағында істейтінін айтты. Бірақ, осыған қарамастан Ұшқынды ДИЗО-а жапты, зорлады, соққыға жықты, соның нәтижесінде  асылып тұрған жерінен табылды.

 Бүгін  барлық шындықты айтқан, президент пен Бас прокурордан осы іске араласуды, осы қылмыстық істің барысын бақылауды сұраған Мақсат Төлебековты ДИЗО-а қамап тастады. Сол адамдардың, солардың қалыпты айла, амалы мен істері жалғасуда. ҚАЖ комитетінің ежелден жасап келе жатқан тірлігі осындай. Біз бұл істі бақылаудан шығармаймыз. Біз ақиқаттың жағындамыз. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.