ЛА 155/12 мекемесіндегі («тоқсан тоғызыншы»лагерь», Заречное, Алматы облысы)  сотталушы Ушхон Рахматуллаевтың өлімі жайлы бірінен соң бірнеше жаңа хабарлар түсіп жатыр. Бұл хабарлар бойынша осы мекеменің қызметкерлерінің бұл өлімге қатыстылығын айқындайтын деректер күмән келтірмейді.  

Ушхон – лагерьде тұрып жатқанына қарамай күніне бес уақыт намазын жібермейтін мұсылман. Мұсылман діні бойынша өзіне өзі қол салу ең ауыр күнә саналады. Сондықтан да оның өзіне  қол салуы үшін оған ерекше негіз, нақты себеп керек, бірақ ондай себептердің жоқ екендігін оның туыс-жақындары айтып отыр. Сонымен бірге сотталушы Рахматуллаевты көп уақыттан бері әкімдік қызметкерлерінің заңсыз қуғындап соңына түсіп  келе жатқанын дәлелдейтін көптеген деректер табылып жатыр. Сотталушылардың арасынан Рахматуллаевты талай рет қуғындап жүргенін көрген бірнеше адамдар бар, оны бірнеше рет айып изоляторына алып бара жатқанын көрген, ұрғанын естігендер бар, 19 желтоқсан күні осы куәгерлермен бақылаушы прокурор жинап алып сөйлескен, артынша оперлар келіп: «… бостандыққа шықпайсың, ..мойныңа айып тағып қосамыз, …басқа лагерьге жібереміз, ..мерзім қосып аласың..» деп қорқытқан, куәгер болма, айтқаныңнан бас тарт деген ҚАЖ комитетінің дәстүрлі тактикасы мен әдісін қолданған….

  Бізге түскен деректер бойынша осындай қорқыту сөздер Ушхон Рахматуллаевтың өлімінің себебін тексеруді талап етіп бейнетаспа арқылы үндеу айтқан сотталушы Мақсат Төребековтың атына айтылған. Президенттің атына осындай талаппен хат жазған басқа сотталушыларды да қорқытып жатқан көрінеді. 20 желтоқсан күнгі таңертеңгі тексеру кезінде кейбір сотталушыларды «ұрлап» алыстағы басқа лагерьлерге астыртын алып кетулері де мүмкін. 

  ЛА155/12 мекемесінің сотталушылары Рахматуллаевтың өліміне тікелей қатысты болуы мүмкін қызметкерлерді де атап отыр: режимдік бөлімнің бастығы Серікбол Бахтияров және «Темірхан Алмасович» деген біреу. 

 Қазіргі таңда біздің қолымызда бір бейнетаспа бар, оны оперлардың бірі жазып алған, бейнетаспада қызметкерлердің бірі сотталушы Рахматуллаевты заң бұрмалау жасауға итергені, сүйтіп оны ДИЗО-а жауып ол жерде асылып өлуі мүмкіндігі бейнеленген.  Бұл бейнетаспа стандартты бейнетаспа екенін айтуға тиіспіз: сотталушыға сұрақ қояды (аптасына екі сағаттық төленбейтін жұмыс, УИК бойынша) жұмысты істейсің бе деп, егер ол бас тартса — онда ДИЗО-а жіберіледі. Жұмыстан бас тарту түрме тәртібін өте дөрекі түрде бұзу болып саналады. 

Түрме қызметкерлері осындай «амалмен» — лагерь жұмысынан қашатын блатнойларды, деловойларды, белсенділерді тауып жазалайды. Бірақ Ушхонмен болған жағдайда олар заңсыз арандату жасап отыр. СУС барагында қамалған сотталушылардың өз барагынан шығуларына құқы жоқ, яғни олар басқа сотталушылардан толығымен оқшауланады. Мен «үштік» лагерінде (ЕС 164/3, Петропавл; авт – Владимир Козлов) болған кезімде,  қамалушыны лагерьдің территориясымен жүргізу қажет болған кезде адамдардың барлығын теріс қаратып тұрғызатын. 

Мына бейнетаспада, тіпті басқаша, СУС барагында отырған Ушхон Рахматуллаевты лагерьдің территориясына шығарып қана емес, оны «промзонаның» ішіндегі ерікті жалдамалылар істеп жатқан жерге алып келіп сұраған —  осы жерде жұмыс істейсің бе? Бейнетаспада қойылған сұрақ пен Ушхонның СУС барагінде істеймін деген жауабы ғана естіледі. Көрер көзге қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері, олардың СУС барагының режимін бұзғандығы айғақталып тұр. Лагерь қызметкерлері «заңды бұзып отыр» деген желеу тауып, сотталушыны ДИЗО-а қамау мақсатында оған арандату әрекеттерін жасап отыр. Ушхон Рахматуллаевты ДИЗО-а қамау кімге және не үшін қажет деген сұрақ өзінен өзі туындап отыр. Бұл жәй  сұрақ емес, себебі Ушхонның ДИЗО-а өз өлімін табуы жәйден жәй емес. 

Жақында тағы бір адам өлімі жайлы хабар келді. Өскеменнің  ОВ 156/20, мекемесінде Андрей Ячменевтің асылып өлгені жайлы. Ол да СУС барагінде, лагерь қызметкерлерінің қуғындауларының нәтижесінде асылып өлген.   

Бұл өлім жағдайларының біз күтіп отырған  «күнделікті» қалпы бар екендігін айтуға тиіспіз. Түрмедегі «қалыптанған» дәстүр бойынша кезекті адам өлімін олардың тозған матрас сияқты оп-оңай «списать» ете салары анық. ҚАЖ комитетінің погонды қызметкерлері тағы да жазадан құтылып кетеді.. Солай болуы мүмкін. Біз бірақ, олай болдырмауға тырысамыз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.