16 желтоқсан. Еске алу күні. Аза күні. Ашу мен ыза  көкіректі кернеген күн, күнәһарлар бір күні жазасын алатын күн. Қазақстанның Тәуелсіздік күнінде бір емес екі рет қан төгілген күн. Алғашқы рет 1986 жылы кеңес армиясының әскерлері жастарды қанға бөктірсе, 2011 жылы екінші рет Қазақстанның өз армиясы өз халқын қырған күн. Екі жағдайда да бұл қырғын Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен жасалды. 

2011 жылдың 16 желтоқсаны парламент сайлауының науқанының алғашқы басталған күні еді. «Алға» ҚДТ!» партиясы мен ЖСДП-ң Алматыда өткен бірлескен сайлауалды жиналысынан соң (жиналысқа ереуілге шыққан Жаңаөзен мұнайшыларының делегаттары да қатысқан еді) қатысушылар Республика алаңына Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою арқылы сайлау науқанын бастамақ болды. Міне, сол жерде Жаңаөзенде ереуілшілерге оқ атып қырып жатыр деген хабар жетті.  

Әлі есімде (авт. — Владимир Козлов), көзі шаранасынан шығып кеткен үрейлі Айжангүл Әмірованың «өлтіріп жатыр» деп маған телефонды ұсынғанын ұмытпаймын. Айжангүлге Жаңаөзеннің алаңынан телефон соғылған еді. Телефоннан қорқынышты дауыспен бірге автоматтың тарсылдаған үні естіліп жатты: «…олар бізді атып жатыр,… олар бізді өлтіріп жатыр!!!» … 

Кейін осы көріністің бейнесі көрсетілді, солдаттар мен полицейлер қашып бара жатқан қарусыз бейбіт адамдарды қуып артынан көздеп атып жатыр, құлағандарды шоқпармен ұрып, жаралыларды аяғымен теуіп жатыр. Осы бейнетаспада бір сәт көрсетілген — тарс еткен пситолеттің даусы естіледі, сол сәтте қолын жерде жатқан адамнан кезенген пистолетін көтерген қанішер өлген адамнан әрі қарай кете берді… 

Сол уақытта халыққа неше түрлі өтірік пен жалған хабарлар мен ақпарат бұрқыратылды: полицейлердің өміріне қауіп төнді, олар қорғануға мәжбүр болды, ереуілшілердің қолдарында қару болды.. Неше түрлі қисынсыз өтіріктер,  белгісіз біреулердің оқ тиген қалқандарын, азамат соғысынан қалған ескі қаруларды көрсетіп алдамақ болды. Ішкі істер министрі Қасымовтың беті бүлк етпей айтқан өтірігін көрдік, Назарбаевтың да… Назарбаевтың өтірігі бірінші емес, 1986 жылы 16 желтоқсанында да өтірікті судай сапырып еді, тағы да айтты, одан кейін де талай өтірігін естіп келеміз. Олардың бетіне осы сұмдық бейнероликпен өтірігін  басқаннан кейін де, ол өтірігін мойындамады, ештеңені мойнына алған жоқ. Олар, елді басқарып отырғандар осындай адамдар. Олар ақиқатты белден басып, өтірік пен жалғандықпен өмір сүріп бізді басқарып отыр. 

Сол кезден бері жыл сайын, 16 желтоқсанның алдында Назарбаевтың диктатурасы биліктің Жаңаөзенде жасаған қантөгісі жайлы шындығын айтқандарды, Жаңаөзеннің қылмыскерлерін жазалауды, өз құқықтарын талап еткендерді қуғындап келеді. Биылғы жылы,  алжу дәрежесіне жақындаған елді басқарушы диктатура жылдағы қуғындауларын ерекше қатаңдатып Аза күні алдында саяси мотивпен ұстағандар мен тұтқындағандардың санын бұрын-соңды болмаған жүздеген адамға жеткізді…  (https://www.facebook.com/profile.php?id=100010593514534 , https://www.facebook.com/toregozhina , https://www.facebook.com/daniyar.khassenov1996 , https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists , https://www.facebook.com/lyudmyla.kozlovska  )

Ең соңғы солдат жерге көмілгенше, соғысты аяқталды деуге болмайды деген сөз бар. Жаңаөзен — біздің тарихымыздың жазылмаған, жабылмаған  беттері. Жаңаөзеннің ең соңғы қылмыскерлері өз жазасын алғанша, сол қылмыскерлердің аттары толық аталғанша жабылмайтын тарихымыз. Ұмытпаймыз. Кешірмейміз. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.