10 желтоқсанда Павлодар қалалық сотында  УК 161/12 (ІІМ ҚАЖ комитетінің) мекемесінің құқық қорғаушы Елена Семеноваға қойған  талап арызы бойынша алғашқы сот мәжілісі болып өтті. Оған негіз болған Е. Семенованың келесі жарияланымы  https://www.facebook.com/ong.pr/posts/3127734207317331

Қысқаша: Елена Семеноваға мынадай хабар түскен — мекемеде сотталған әйелді зорлап жатыр. Семенова хабардың қай жақтан түскенін көрсетіп тиісті орындар тексерсін деп хабарды жариялаған. 

ҚАЖ комитеті дереу жауап берген: мекемеге журналистер кіргізілген, олар Елена Семенованың «кейіпкерімен» жолығып сұқбат алған. Сүйтсе бұл әйел өзінің 27 жыл өмірінде үш рет түрмеге отырған Вероника Савельева деген әйел екен. (https://tobolinfo.kz/37208-2/?fbclid=IwAR1qYsZs45Oe8vvhHBXckGd5sRU23CxqdExVXZbE8BQKFTfSY61Um8GajZ0)

Жағдайдың өте нәзік екенін ескере отырып қосып айтарымыз:  УК 161/12 мекемесі Арқалықтағы  жабық мекеме, мұнда өмірлік мерзім алғандар  отырады. Бұл мекемеге журналистердің кіруі өте сирек болатын жағдай. Мысалы, ЛА 155/8 мекемесіне («қожайыны Ашов) Гусейнов пен оның анасының кіргені сияқты.  

Вероника қазір сегізінші жылын өтеп жатыр, өзі туралы сұқбатта «… мен лесбиянкамын, мен танымал қызбын, мен сияқты қыздар өте сирек, мен жалғыз данамын. Мені жұрттың барлығы біледі, сыйлайды,  өкінбеймін өлтіргеніме, өзі сұрап алды…» деп жауап берген.  Верониканы зорлап жатыр, осы хабарды тексеріңдер деген Елена Семенова жайлы  сұраққа —  «.. Семенова жазасын алуы тиіс, егер ол жазаланбаса, менің жаным тыныштық таба алмайды. Мен сондай адаммын…» Вероника сонымен бірге әнші болғысы келетінін айтыпты. Сірә, Семенова жазаланып болған соң шығар. 

Верониканың жан дүниесі жайлы көп нәрсені білмейміз, бірақ Верониканың «тән дүниесі» жағына Арқалықтың жабық түрмесінің әкімдігі біраз тірліктер жасаған сияқты. Содан болса керек, Вероника  көңілі көтеріңкі күймен: «.. менің күнімді ешкім шектеп отырған жоқ, таңертеңгі асты ішкен соң радионы тыңдаймын, сосын таңғы тексеру, сосын «Қайырлы таңды» көремін, сосын түскі ас, кешке дейін шығармашылыққа уақытым кетеді, жуыну мен тазалық процедуралары, ұйқы. Қайда барсам да қасымда конвоир әйелдер. Маған психолог әйел жиі келіп тұрады, екеуміз шығармашылық жайлы жиі сөйлесеміз. Үстімдегі киімімнің барлығы өзімдікі. Маған керек заттардың барлығын әкеп береді. Бұл жердің бастығы жақсы адам. Мені мұнда алып келген кезде көпке дейін күліп жүрдім. Олар этаппен келе жатқан адамның әйел екенін біліп гүлі бар халат сатып алыпты. Мұндағы сотталған әйелдердің үстіндегі киімдері түгелімен ала шұбар, ал менің халатым гүл суретті. Халатты маған берген кезде күлкімді тыя алмадым. Алғашқы күннен бастап маған бойлер қондырып берді, айтсам болды дереу қосады. Телевизор бар, азық-түлікпен еш проблема жоқ, дүкеннен сатып аламын.  Тамағы жарамды. Мен үшін Арқалықта барлығы ұнайды, нормаға байланысты телефонмен пайдалануға мүмкіндік береді. Ұнамаған жағдай бола қалса хабарласуға мүмкіндігім бар. Бір сөзбен айтқанда, мен бұл жерде өзімді таптым…» 

Бұл жерде болған адам жағдайды біледі.  Арқалықтың жабық түрмесі, біле білген адам үшін айтарым — бұл жер жүздеген, мыңдаған сотталған адамды жер астына жұтқан жер. Сотта анықталғаны: түрме мекемесі Е. Семеноваға талап арыз жазғанға дейін Вероника жәбір шеккен әйелге куәгер болғысы келетінін айтып арыз жазған көрінеді. «Мен үшін Арқалықта барлығы ұнайды» деп Верониканың мәлімдеме жасауы осыдан болса керек. ҚАЖ комитетінде мұндай жағдайлар жиі болып тұрады. 

Енді «бойлерді қоспайтын жерлер» жөнінде бір-екі ауыз сөз.   ЛА 155/8 («жетпіс бірінші лагерь», Заречное, Алм.облысы) мекемесінде СУС барагінде отырған сотталушы Ержан Анапияевқа (таяқ жеген басқа сотталушы Гусейновқа куәгер болғысы келген) қысым жалғасып жатыр. Гусейнов, түрмеге анасы келіп «қожайынмен» сөйлескен соң сөзінен тайып шығып отыр. Оны ұрған мекеме бастығы Ашовты дереу басқа жаққа ауыстырып жіберсе керек. Анапияевқа күн сайын прокурор немесе антикоррдың тергеушісі келіп әурелеп жатқан көрінеді. Ол екеуі кеткен соң ізімен оперлер келеді: «саған осы істің не қажеті бар, қойсайшы, Гусейнов басын алып қашты, ал сен болсаң басыңды қамалға соғып келесің.., бұл жақсылыққа апармайды, бір күні Арқалықтан бір-ақ шығасың.»    

Рас, оның Арқалықтан бір-ақ шығуы мүмкін, егер құқық қорғаушылар көмек бермесе. Себебі ол қазір СУС барагінде отыр. Арқалықта оған «бойлер қосып» беретін ешкім жоқ.   Ержан — Вероника емес. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.