«Не істеу керек?» деген ғаламдық тақырыпты талқылауға қатысушылардың ойларының өн бойында «олар бізден қорқады» деген пікір жатыр. Бүгінгі диктатураның азаматтық белсенділердің алдын алып, қорқыту іс-шараларын неғұрлым қорқыныштырақ жасауға тырысқан сайын, соғұрлым қарсыласушылардың   көшеге жаппай шығып бейбіт бұқаралық наразылық  күнін жақындатып келеді. 

Тек қана соңғы айдың өзінде 116 адам ұсталған, сотталған, қамалған және уақытша изоляторда өз соттарын күтіп отыр. Мұның барлығы диктатордың үрейлі қорқынышынан болып отыр. Олар әлеуметтік желіні бұғаттады, сайлауға бақылауға шығамын деп дайындалып жатқан еріктілердің науқанын жауып тастады, шағымданбай-ақ қойыңдар, бәрібір ештеңе бізге істей алмайсың деп қасақана қорқытпақ болғаны.. Осылай билік түгелдей қорғанысқа шықты. 

Біз азаматтық қоғам мүшелері, соңғы кездерде билік диктатурасы шыңырау құзға түсіп барады дегенді жиі айтып жүрміз. Шынтуайтына келгенде, біз де билікпен бірге осы құзға құлап бара жатырмыз, өзіміздің әлжуаздығымыз бен қорқақтығымызға неше түрлі сылтау, желеу тауып жүрміз. Көрдіңдер ме, «олар қалай бізден қорқып жатыр» деп мақтанышпен айтамыз, бірақ өзіміздің олармен қосақтасып  құлап бара жатқанымызды  білмейміз.

Өзіміздің де қорқып үрейге беріліп жатқанымызды мойындайтын уақыт келген жоқ па?  18 миллион халықтың көпшілігінің қорқау халыққа айналғанын мойындаудан неге тайсаламыз? Біз өзімізді азаматтық қоғам деп атаймыз, сүйте отырып сырттан келіп бізді бастап кететін әлдебір «көсемді» күтіп отырғанымыз өтірік емес қой. ..

 Бұлай болмайды, ағайын. Мұндай жағдай тек ертегілерде ғана болады. Диктатураның өмірінің ұзақтығы оған қарсы шыққан азаматтық қоғамның ержүректілігі мен батырлығына кері пропорционал болады, яғни оның өмірі қысқара береді. Және керісінше де болады. Отыз жыл өтті, осы уақытта өмірге екі жас толқын келді. Осы диктатордың заманында біздің балаларымыз бен немерелеріміз дүниеге келді. Біздің қорқақтығымыз бен жүрексіздігіміздің арқасында таңдау тұр: елден кету немесе…

Не істеу керек? Алдымызға топ басына шыққан азаматтарымызды, азап шегіп, қуғындалып, түрмеде отырған жігіттер мен қыздарымызды қолдау қажет. Қолдаудың түрлері көп: карточкасына ақша салу, лайк, перепост жасау, көрші, жақын, дос, туыс, әріптестермен ақылдасу, сөзге тарту. Үлкен сапар алғашқы қадамнан басталады.. 

Құқық қорғау ұйымдарының берген есептері бойынша келесі хабарлармен таныс болыңыздар https://www.facebook.com/lyudmyla.kozlovska :

— 2020 жылдың ақпанынан бастап қараша айына дейін 5 оппозиционердің өлімі орын алған, бұл саяси өлтіру; 

— саяси тұтқындар мен саяси қуғынға түскендердің саны артуда. Қаңтар-ақпан айында 16 саяси тұтқын және 50-н астам саяси қуғындалғандар болса, қазір 28 саяси тұтқын және 91 адам кемінде саяси мотивпен қуғындалған; 

— «экстремизм» деген желеумен айыптап қуғындау жаппай сипат алды: бүгінгі таңда 116 адам ҚДТ мен Көше партиясын қолдады деген желеумен айыпталып қылмыстық іске тартылды; 

— айыптау баптары күшейтілді: бұрын 405 бапты (экстремистік ұйымға қатысқаны үшін деп 6 жылға дейін соттайтын) пайдаланатын болса, енді оған 182 бапты («экстремистік ұйымды құрғаны /қатысқаны үшін дегенді қосты, оған 17 жылға дейін түрме); 

— баяғыдан бері түрмеде отырған саяси тұтқындарға, олар жайлы Евроодақ пен АҚШ өз пікірін білдіргендерге мерзімінен бұрын шығуға бас тартып келеді. 2020 жылы Жұмағұловқа, Кенжебек Әбішевке, Әсет Әбішевке бас тартылды. БҰҰ-ң Жұмысшы тобының Макс Боқаевқа байланысты дереу босатылсын деген шешімдеріне қарамай ол әлі күнге дейін қамалып келеді.  

— құқық қорғау белсенділерін қуғындау әлі күнге дейін жалғасып жаппай сипат алып келеді. 15-н астам жас құқық қорғаушыларға қарсы қылмыстық істер қозғалып немесе арнаулы қызметтердің қысымында жүр. Құқық қорғаушылар: Дарын #Хасенов және Нургуль #Калуова, осы есептің авторларының бірі СИЗО-а отыр. Едил #Бигазин, Aizhan Ismakova,  Femina Virtute құқық қорғау қозғалысының негізін салушы және осы есептің авторларының бірі  ҰҚК-ң қарамағында отыр;

Айтпақшы: саяси тұтқын  Асет Абишев мерзімінен бұрын босануға кезекті арызын берді. Әрине Әсет биліктің өзін босатпайтынын біледі, бірақ ол бүгінгі диктаторлық биліктің  әділетсіз сот екенін тағы да жұртшылық алдында паш еткісі келеді. Құқық қорғаушыларды осы сот процесіне қатысып бұл соттың жыртқыш екендігін жария етуге шақырады.  

Бүгінгі өміріміздің шын тірлігі осындай. Осы өмірге біз қалай қарап отырмыз, оған қандай көзқарастамыз? Иа, ертегі сияқты қараймыз… Рас, қорқынышты. Қорқатындай өмір. Не істеу керек? Өз қорқынышыңды жек көре біл. Жек көре бер, жек көре бер, бір күні жек көрінішің қорқынышыңды жеңіп шыққанша… 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.