Осыдан екі жылдай бұрын маған (авт. — Владимир Козлов)  ЛА 155/14 мекемесіндегі сотталған Василий Кузьминнің тағдырына яғни құқығын қорғауға белсенді түрде қатысуыма тура келген еді. Қартамыс адам, бір өзінің басында бірнеше қатерлі аурулары (диабет, цирроз т. б.) бар. Еркіндігінен айрылған жағдайдағы адамға бұл аурулардың әрқайсысының өзі өлімге ұшыратуы мүмкін болғандығына қарамастан Кузьмин қолынан келгенінше ауруымен күресіп келді. Оған көп жылдар бойы көмектесіп келген қарындасы Маринаның көмегі көп тиді. Марина  ағасы үшін үй-мүлкіне дейін сатып дәрі-дәрмекке ақша жіберіп тұрды, ол ақшаның қанша бөлігінің ағасына жетпеген кездері жайлы айтып та қажеті жоқ. Екеуі көптеген қиындықтарды жеңіп ақыр соңында Василий Кузьмин шартты түрде мерзімінен бұрын денсаулығына байланысты түрмеден босады. 

Орасан көп тәжірибелі білікті құрылысшы болғандықтан Кузьмин тезірек жұмыс тауып бұрынғы талап арыз бойынша мойындағы қарыздан құтылу үшін және емделу үшін жүгіре бастады. Бірақ бостандықта Кузьминді бірінен соң бірі бірнеше проблемалар күтіп тұрды. Машинасын біреулер тонап қоқыс алаңына апарып тастапты, бірақ оған қарамастан салық комитеті көлік салығын төлеуді талап еткен. Көлігім жоқ деген анықтама алу жүйкесі мен денсаулығын, қаражатынан айрылуға алып келген. Жер салығын төлемегені үшін, мекемесінің есепшотын жауып тастаған, сол себептен де жаңа тапсырыс алу мүмкін болмаған. Сүйтіп мойнына салынған айыптан құтыла алмаған.  Мүгедектер (Василий екінші топтағы мүгедек) бұл салықтардан босатылған деген заңға жүгінген Василийді Турксиб ауданының салық басқармасы құлаққа ілмеген. Василийдің мүгедектігі үшін алатын барлық ақшасы — 42500 тенге. Бар жоғы осы.  

Осы жылдың қараша айында бұрынғы сотталушы Кузьмин Турксиб ауданының көп пәтерлі ауласының бірінде тұрмыстық жанжалға тап болады, көлігін «дұрыс» тұрақтандырмаған, автокілемшесін «заңсыз жерде» жуған. Қасына келген такси жүргізушісі дөрекі түрде жол бер деген, осылай сөзден сөз шығып кеткен. Төбелес болмаған — Василий үйіне кетіп қалған, таксиші полицияны шақырған. Полицейлер Василийді үйінен жалаңаяқ киімсіз шығарып Түрксиб ауданының полиция бөліміне алып барған. Апара жатқан кезде таяққа соққаны сонша, жедел жәрдеммен ауруханаға түскен,  қарындасы оны ауруханадан тапқан. 

Кузьмин денесіне таяқ соққан полиция қызметкерлерінің үстінен арызданған, ал полиция қызметкерлері Кузминнің үстінен арыз жазып 505 бап бойынша автокілемшені «заңсыз жерде жуғаны» үшін әкімдік іс қозғап жатыр. Василий жалғыз тұрады, соны пайдаланып полицейлер оның тұрған жерінен басқа да «заңсыз» заттарды тауып қалулары ғажап емес. Мұндай жағдайлар полицейлер тәжрибесінде жиі кездеседі. 

Шартты түрде босанғандар үшін әкімдік істердің қозғалуы қауіпті нәрсе — оны лагерьге қайтадан қамап тастауы мүмкін. Егер бұлай бола қаслса Василийдің ол жақтан тірі қайтуы неғайбыл. Бүгінгі таңда Василийдің денсаулығының нашарлап кеткені анық. Тағы да өмір үшін күрес, талас… Түрксиб аудандық полиция бөліміне, ҚАЖ комитетіне, ЛА 155/14 лагеріне Кузьминнің тағдыры мен өмірін қыл үстіне жеткізу, онымен тәжікелесу қаншалықты қажет деген сұрақ туындайды. Сіздерді Кузьминнің тағдырынан хабардар етіп отырамыз. 

 ЛА 155/8 («жетпіс бірінші лагерь», Заречное) мекемесінен келесі хабарды алдық. Сотталушы Гусейновты лагерь бастығы Ашов пен оның РОР жөніндегі орынбасары Писаревтің ұрғанын көргені үшін куәгер болған, сол үшін СУС барагына түскен Ержан Анапияев (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/202767794741427/?d=n), жайлы хабарымыз шыққаннан соң, Ержанмен қадағалаушы прокурор Дастанбаев кездесіпті. Прокурор мырза Анапияевтың аузына қақпақ қою үшін немесе бас тарт деп көндіру үшін келмеген болар деген үміттеміз…  

ҚАЖ комитеті — өрмекшінің торы, оған түскен адам, мейлі бостандықта жүрсін, одан шыға алмайды. Түрмеден шыққандардың өмірлік ұраны да өзгермей келеді: ешкімге сенбе, ешкімнен қорықпа, ешкімге жалынба…

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.