Бүгінгі Қазақстандағы бастары бірікпеген наразы топтардың тірлігінің салдары оларды тығырыққа тақап отыр. Соның салдарынан болар, наразы топтар биліктің өздерінен зәре-құты қалмай қорқып отырғанын, олардың «беларусь» факторының ықпалы болып қала ма деген үрей-қорқынышын да көрмей отыр. 

Азаматтық қоғамның наразы сегментіндегілер әрқайсысы өзімен болған жағдаймен әуре, өзі көрген, жақтастары  көрген құқайды ғана көріп отыр. Ал шын мәнінде қуғын-сүргінге тек азаматтық белсенділер ғана емес, сонымен бірге қысымға, қылмыстық істер арқылы қуғындалуға билікке қарсы сөз, пікір айтқан қоғамдық ұйымдар да тап болып жатыр.

Мысалы, қазір Америкада тұрып жатқан қазақ бизнесмені Барлық Меңдіғазиевтің туыстарына, достарына, әріптестеріне қатаң қысым шабуыл жасалуда. Оның себебі жәй ғана — Барлық Меңдіғазиев Америкада арнайы қор ашып Қазақстандағы азаматтық белсенділерге салынған айыппұлдарды төлеп жатқаны үшін. Міне, осы әрекет қазақстандық биліктің ашу-ызасын келтіріп, азаматтық белсенділердің банкалық карточкаларын, есепшоттарын бұғаттап, оларды наразылық жасаудан бас тартуға көндірмек.  Билік елдегі жұмыс атқарып жатқан Меңдіғазиевтің туыстары мен достарының офистеріне шабуыл жасап, өте дөрекі тінтулер жүргізуде. (https://www.facebook.com/lyudmyla.kozlovska/videos/10218615159592632/?notif_id=1606994817678333&notif_t=live_video_explicit&ref=notif) Дәл осындай полицейлік шабуыл наразылық жасаған белсенді дәрігер Қайырғали Конеевтің жақындарына да жасалып жатыр. https://ehonews.kz/kairgali-koneev-rukovoditelyam-politicheskoj-korruptsii-v-strane-ne-nravyatsya-moi-razoblacheniya/?fbclid=IwAR3hBi4qYVTfpP2ZRN7EbR-hJhSl4jDQM_n25kywiKk4HmaPx0tu1a3yWGs. Бесаспап маман, білгір балалар невропатологы, ғылым кандидаты Конеев осыдан екі жыл бұрын Денсаулық министрлігіндегі қылмыстық былықтарды тексеру керек деп ұсыныс айтқаннан соң билік оның соңынан шам салып қалмай отыр. Қайырғалиды сындыра алмаған, аузын жаба алмаған билік енді оның Оралда шағын ғана құрылыс компаниясы бар ағасы Аманжол Конеевтің соңына түсті. Соңғы екі жылда салықшылар оның компаниясын үш рет тексеріп, әр тексерген сайын «кемшіліктері» ұлғайып ақыр соңында компанияны банкроттыққа ұшыратты, өзінің мойнына мерзім тағып берді. Осындай қиналысқа шыдамаған Аманжол Конеевтің ауыр науқасқа ұшырағанына, жүре алмайтындығына қарамастан  оны СИЗО-а қамады.  Айта кетейік, Қайырғали айыптаған денсаулық министрі Біртанов та қазір жауап үстінде, бірақ — үйқамақта ғана. 

Салықшылар алдағы сайлауға бақылаушыларды молырақ дайындауға кіріскен келесі қоғамдық ұйымдарға жаппай шабуылды бастады:  ҚҚ “Еркіндік Қанаты”, ҚБ “Кадір қасиет”, РҚБ “Адам құқы мен заңдылықты сақтаудың қазақстандық бюросы», ҚҚ “Халықаралық Құқықтың инициатива», ҚҚ “Халықаралық журналистердің орталығы– MediaNet”, ҚҚ “Құқықтық медиа-орталық», ҚҚ“Эхо”https://www.facebook.com/lukpanchik). Бұл шабуылдың бір мезгілде басталуы, қойылған айыптың бірдейлігі (салықтық есеп беруді бұрмалағаны үшін) бекерден бекер емес болса керек.  Бұдан шығатын қорытынды — жоғары жақтан бұйрық берушілер, бір ғана мүдденің қорғаушылары, билік диктатурасының адамдары. 

Сонымен бірге, елімізде осы кезге дейінгі жасалған — саяси алаңды диктатураның саяси оппоненттерінен тазарту жалғасуда. Атап айтқанда, саяси белсенділер, «экстремистік» деп саналған ДВК мен «Көше» партиясын қолдаушыларды ұстау, қамау  тоқтамай отыр. Олардың бар кінәсі — өздерінің азаматтық және саяси құқыларын талап еткендігі. https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists , https://www.facebook.com/daniyar.khassenov1996 , https://www.facebook.com/profile.php?id=100010593514534

Бүгінгі таңдағы елімізде жүргізіліп жатқан саяси полицейлік прессингтің жалпы көрінісі осындай. Бүгінгі дара-дара болып бастарын қоса алмай жүрген азаматтық наразылық қоғамның мүшелеріне қарсы биліктің астауынан жем жеп семірген, «үрит соқ» деген бұйрықты күтіп отырған биліктің төбеттеріне қарсы күресуге дәрмендері жоқ. Баррикаданың наразы жақ тобында тек өз күйін күйттеп жүрушілер ғана жүре берсе, билікке ешқандай ешжақтан қауіп келмейді. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.