Бүгінгі таңдағы  адам құқығы мен әділеттілікті қадағалау міндетін арқалап отырған,   хроникалық топастық пен құқықтық бассыздықтың мекеніне айналған прокуратура мен соттар қай жерде орналасқан? Полицейлік жымысқылық арамзалықты бүкіл өн бойына жинаған қорық ше?  Түсіндіңіз бе, әңгіменің кім жайлы екенін? Иа, рас.  Бұл Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті, қысқаша ҚАЖ комитеті. 

155/8 мекемесі, «жетпіс бірінші лагерь» деп аталатын мекеме былтырдан бері әлеуметтік жүйенің беттерінен түспей отыр, бұл лагерьде екі рет басшылығы ауысты, әртүрлі арамзалыққа толы оқиғалардың «кен көзі» болып отыр. Бұл мекеменің бассыздықтарының ең  басты «ньюсмейкері» ретінде оның басшыларының (подполковник шеніндегі төбеттері) аты танылуда… 

Осыдан бірнеше күндер бұрын СУС (қатал режимді түрме) барагына Ержан Анапияев деген сотталушы ауыстырылған болатын. Бұл азамат мекеменің бастығы Ашов пен оның РОР жөніндегі орынбасары Писарев екеуінің Гусейнов деген сотталушыны (естеріңізде болар, сырт киімімен ұйықтап жатқаны үшін таяқталған) ұрғанын көрген адамдардың бірі. Айта кетуге тиіспіз, барактарда сырт киімсіз ұйықтау мүмкін емес, себебі өте суық, жылу жоқ. 

Сотталушы Анапияев осы орайда қадағалаушы прокурорға көргенін жазып шағымданған болатын, бірақ арнаулы бөлім хаттың шығыс нөмірін айтпаған, яғни бұл шағымның лагерьден сыртқа шықпағанын білдіреді. Сол себептен де қадағалаушы прокурор маған хабар тиген жоқ деп отыра берері анық. 

Ешқандай жауапкершілік дегенді білмейтін «қожайын» мен оның орынбасары осы жолы оңбайын деп отыр, жарқ етіп жұртшылыққа ұятсыздығымен көрініп қалды. Енді олардың бір ғана амалы бар — Гусейновты зорлап қарсы арыз жаздыру, яғни мені ешкім ұрған жоқ деп көндіру немесе бананның қабығына тайып жығылып басымды жарып алдым деу. Тағы бір жол бар — бұл жерден алысқа ұзаққа жоқ болып кету. 

Осы орайда түрме әкімдігінің жедел түрде Гусейновтың шешесін лагерьге дереу шақыртып әкелуіне қарағанда, Гусейновтың анасының сөзімен айтқанда  ұлының «жағдайы тәуір», енді ешқайда «ешқандай арызды жазып қажеті жоқ» сияқты. Осылай бұл мәселені тоқтатуды қолға алған болса керек. Осы жерде айта кететін бір жәйт, құқық қорғаушылар үшін ең қиын нәрсе — сотталушылар «көмектесіңдер!» деп  жандары ышқынып көмек сұрайды. Сосын күтпеген жерден «шегініп» түрме әкімдігінің қанатының астына кіреді,   әкімдіктің айтуымен өзіне көмектескен құқық қорғаушылардың үстінен арыз жаза бастайды… 

Бүгінгі күні Гусейнов мәселесі «тыныштық кезеңіне» түскен сияқты, мекеме бастығы Ашов аяқ астынан еңбек демалысына кетті, ал Гусейновтың таяқталғанын көрген Анапияев «қасақана қылмыс жасаушы» қатарына ілігіп СУС барагына айдалды. 

  Иа, ҚАЖ комитеті  деген атаудың қасында тек қана  Жамандық жүреді. 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.