Қазақстандық ақпараттық беттерге қарап отырсаң, бүгінгі биліктің өзіне қарсы жұртшылықты бірнеше жікке бөліп тастағанын айқын көруге болады. Халықтың көпшілігі билік диктатурасына қарсы топтардың бір-бірімен аянбай күресіп жатқанының куәсі болып отыр. Бірін бірі аямай «таяқтап» жатқан оппозицияшылдарды көрген жұрт олардан түңіліп көңілі әбден қалған. Сондықтан болар, «оппозицияшылдардың» қатары жаңа мүшелермен толықтырылмай келеді. Мұндай жағдай кімге пайдалы? Жауабын айтпай-ақ қояйын, өзінен өзі түсінікті. 

Елде жаңа өзгерушіліктің болуын қалайтын бір топтың адамдары локальды және өзіне қауіпсіз тақырыпты талқылап өздерінше «бұрқылдап қайнап» жатыр: а) алдағы сайлауда «ақылды» дауыс беру әдісін қолданып «Нұротанды» жеңеміз дейді б) соның нәтижесінде ашуланған халық жаппай көшеге шығып, диктатураның быт-шытын шығарады деп өзін өзі алдарқатып отыр. Осындай «болашаққа» сенушілер «рұқсат берген» митингілердің өзіне шыға ма, шықпай ма, омон мен полицейлердің шоқпарын көрген кезде үйлеріне зытып кетпей ме, ол жағын айтып қажеті жоқ… 

Наразы жақтың тағы бір бөлігі диктатураға қарсы жаппай бейбіт түрде наразылық жасап көшеге шығып жеңуге болады дейді. Бірақ қазіргі таңдағы биліктің тоқпағына түскендер — КПЗ мен СИЗО-а отырғандар, қамау, ұсталу, айып төлеуге түскендер, сот шешімін, қаржы, салық мекемелерінің шешімдерін күтіп отырғандар, үйі, офисі тінтілгендер, үйінен, оқуынан айрылғандар ше…? Осы жағдайға ризасыңдар ма?… «Конструктивті оппозиция да», оның – «экстремистік» деп аталғандары, «келісімшілер» мен «халық жауына» айналған радикалдық бөлігі ше?  Қарсыластарын  осылай жік-жікке бөлген билік ешқандай жаңалық ашып отырған жоқ. Тарихта осылардың барлығы болған, билік сол әдістерді қолданып отыр. 

Кезінде ҚДТ-н бөлінген «Ақ жол» да конструктивті оппозиция болды. Қазіргі «Ақ жолды» бұрын Нұротанның басшыларының бірі болған, диктаторға кете көрме деп жұрт алдында еңіреп жылаған адам басқарып отыр. Енді осы адам «парламенттік оппозиция» болып Нұротанның барлық ұсыныстарын қолдап келеді. Конструктивті оппозиция боламын дегендердің апаратын жолы, финалы осы.  

Жеке өз басым (авт. Владимир Козлов) қуғын мен тоқпақтың астында жүргендерді қолдаймын. 2002 жылы ҚДТ қатарына кірдім, оның мүшелігінен ешқайда шыққан емеспін, жиырма жылдан бері мен мүшесі болып келе жатқан бірден бір партия. Жиырма жылға жуық оппозициялық тәжрибем бойынша айтарым мынау: Жаңа Қазақстан Мәжілістен емес, көшеден келеді. Мен бұл сенімде түрмеге отырғызғанға дейін де болғанмын, түрмеден кейін де қазір осы сенімде қалып келемін. 

Әрине, полицейлік «диірменнің» астына түскен адамдардың жан сезімін түсінемін, олар басқалардан аяушылық пен есіркеуді, қолдауды күтеді, мен де осы сезімді басымнан кешірдім. 

Бірақ эмоция дегеніміз — адамға жаны ашып алаңдаудың ең төменгі сатысында тұратын сезім, бұл сезімде  ақылдың тірлігі, онық қатысуы жоқ нәрсе. Егер біз біреулерді дұшпан, сатқын деп атасақ, ондай адамдардан болашақ уақытта өзіңе көмек, қолдау табамын деп ойлама. Оның қасындағы адамдардан, қолдаушыларынан да көмек болмайды.  «Дұшпанымызды» қолдаған адамдарды дұшпан деп атаған сайын қарсыластарымызды геометриялық прогрессияда көбейте береміз… Эмоциялық сезімге беріліп біреуді жаман сөзбен атасақ, мыңдаған адам саған бұрылмай қасыңнан өтіп кетеді, қолдамайды. Ақылға тоқтап ойланар болсақ, бұл тірлігіміздің дұрыс еместігін, ақылды көрегендік еместігін аңғарамыз.   Мұндай жасаған іс-қимылымыз диктатураның пайдасына апарады, нәтижесі ….. Осы тоқтамға бір ойланып көрелікші…? 

Өкінішке қарай, бір ғана мақалада «қоғамды тазартып» жатқан полицейлердің превентивтік әдіспен қуғынға түсіріп жатқан адамдарын түгел тізіп шығу мүмкін емес. Бұл процесс күн сайын үдеп барады, оның масштабының үлкеюі наразы жұртшылықтың өзара бірігуіне байланысты. Атап айтқанда адам құқығы, азаматтық және саяси бостандықтар шеңберінде бірігулеріне байланысты. Басқалардың құқығына қарсы болу арқылы, біз өзіміз отырған жерге бомба әкеліп оны тұтататын боламыз. Осы бір қарапайым нәрсені түсіну қиын емес шығар.. 

Төмендегі сілтемелер  – біздің қолдауымызды, көмегімізді күтіп отырғандар. Оларға сөзбен, көшіріп басу арқылы, комментариймен, картасына қаражат аударумен көмектесуге болады. Олар — біздің қандастарымыз.  

https://www.facebook.com/profile.php?id=100010593514534

https://www.facebook.com/daniyar.khassenov1996

https://www.facebook.com/profile.php?id=100026828062397

https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists

Дәл осындай қолдау қажет етіп отырған басқа да азаматтық белсенділер бар болса — жолдаңдар. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.