Жуырда ғана адам құқы жөніндегі өкілетті (омбудсмен) ханым Азимова «жабық мекемелерді» — лагерьлерді ресми түрде аралап шықты.

Айта кетуге тиіспіз, Қылмыстық атқару кодексі (ҚАК) бойынша тек қана президент, ІІ министрі, Бас прокурор және мәжіліс депутаттары ғана  лагерьлерге рұқсатсыз, ескертусіз бара  алады. Омбудсмен бұл мекемелерді ешкімнен рұқсат сұрамай, келісімін алмай, ескертпей бара беруіне болады. Ешқандай даңғазасыз, кілем, оркестрсіз, түрме әкімдігіне дайындалуға уақыт бермей бара беруіне болады. Бірақ, біз жоғарыда атап өткен тұлғалардың бірде бірі (!) осы  ерекшелікті ешуақытта пайдаланған емес. Ешқашан! «Президенттің жанындағы» омбудсмен де бұл құқығын пайдаланған емес. Әрине, бұл мәселенің өз себебі бар, ол қарапайым нәрсе. Мұндай ескертусіз «дайындалуға уақыт бермеген» визиттер бомба жарылысынан кем болмайды. Лагерьлер мен түрмелерге бұрын оны көрмеген адамның баруы, ондағы жағдайды көруі естуге де, көруге де болмайтын жағдай… Бұл жағдайларды көру үшін сотталғандар сенетін құқық қорғаушылар қажет, қапастағыларды шегіп жатқан азабына жүрегі мен бауыры ауыратын, түсінетін адамдар қажет.  

Елена Семенова – сондай адамдардың бірегейі, себебі сотталғандар Еленаның істеген істеріне, сөзіне сенеді. Лагерьлердің басшылықтарының Е. Семенованы сотқа беріп өздерінің «намысы мен абыройын» қорғауы бекерден бекер емес. Оған қарсы сотқа жазылған арыздар мен талаптар — Еленаның ордендері, оның құқық қорғау қызметінің өте жоғары дәрежелігін көрсететін көрсеткіш, оның жұртшылық пен қоғам алдындағы еңбегінің мойындалғандығы. Төмендегі хатта  ЕЦ 166/4 мекемесінің сотталушыларының омбудсмен Азимова келгенге дейінгі.. сосын келгеннен кейінгі Е. Семеноваға жазған хаттарынан үзінділер: 

«…комиссияның келуіне үш күнге дейін барлығын жарқыратып сырлады, әктеді. Келуіне бір күн қалғанда № 1 отрядтағы сотталғандар түгелімен № 2 отрядқа ауыстырылды, ал № 1 отрядқа тұрмыстық қызмет көрсетушілерді (оларды лагерьде «пайдасы тиетіндер» деп атайды: шаштараздар, аспаздар, моншашы және т. б. авт. В. Козлов)… 40-а жуық  адамды қандай кең шаршы метрлік бөлмелерде жатқанын көрсету үшін орналастырды. Ал № 2 отрядта бұл кезде 80 адам тығылысып жатты. Өкілетті комиссияны арнайы дайындалып қойылған отрядқа әкеліп көрсетті. Бірақ күтпеген жерден Азимованың алдынан сотталған Е. Шакенов жүгіріп шыққан соң Азимова амалсыздан екінші отрядқа барды, арызым бар дегендердің барлығын қабылдаймын деді, бірақ ешкімнің аты-жөнін жазып алмады. Азимова кетіп қалған соң оның қабылдауына әкімдікке көмектесетін өз адамдарын кіргізіп жіберді. Қабылдауға барғысы келгендерді жібермеген, ал Е. Шакеновты изоляторға қамап тастаған… Барлық жерге тосқауыл қойып жолдарын жауып тастаған. Сотталушы Антонов А, тосқауылдан өтіп қабылдауға жеткен кезінде РОР жөніндегі бастықтың орынбасары күш қолданған… Сотталушы Е. Бақтыбаев қабылдауға жете алмаған соң прокурорға арызданған екен, оны изоляторға қамапты.. себебі күтпеген жерден қалтасынан тиым салынған зат табылған.. Мекеме қызметкерлерінің үстінен арыз жазған В. Тамоновты отрядтың бастығы, сосын завхоз шақырып алып жазалаймын деп қорқытқан. Азимоваға қабылдауға бармақ болған сотталушы Глазковты (бойы 150 см, салмағы 50-55 келі шамасында) 2020 жылдың 23 қыркүйегінде завхоз (бойы 190 см, салмағы 90 кило шамасында) мекеме әкімдігінің көзінше таяққа жыққан.  Нәтижесінде бас сүйегі шайқалған, құлағы жыртылған,  жүрегі мен қан тамырларына зақым келген. Глазковты ұрғаннан екі күн өткен соң сотталушы завхоз марапатталған…» …

«…керуеттерге тор темірдің орнына 10-15 сантиметрлік темірлер дәнекерленген, матрас түсіп кетеді, бір жыл бұрын берілген робаны жуып алуға болмайды, себебі басқа роба жоқ… дүкендегі бағаға жететін ақшамыз жоқ… сұмдық қымбат. Бейнебақылау жүргізетін камералар тек қана қызметкерлерге тиімді бейнелерді жазады, басқа жағдайларда «істемей қалады»… Қызметкерлер сотталушыларды енді өз қолымен ұрмайтын болды, бұл «жұмысты» «белсенді» сотталғандар ДПА мүшелері (әкімдіктің көмекшілері) атқарады. Оларға түрме әкімдігі тарапынан неше түрлі жеңілдіктер мен басымдықтар берілген…  Бір педофил-белсенді бар, ол жайлы теледидардан репортаж берілген, ересек адамның кішкентай баланы қираған үйге алып бара жатқаны көрсетілген.. дер көзінде бұл жағдайды адамдар көріп бала аман қалған.. Міне, осы педофил зонада басқа сотталғандардан артық өмір сүреді, басқаларға не істеу керек екендігін үйретіп жүр…» … 

Біздің байқауымызша омбудсмен Азимова осындай белсенділермен кездескен болса керек, оған қарсы болмаған. Осы лагерь омбудсмен келген соң: 

— 24 қараша күні сотталушы тиым салынған аймаққа шығып кеткен, ескерту ретінде оқ атылған. Мұндай аймаққа жүгіріп шығу өзін өзі өлімге тігумен парапар нәрсе. Темір тордан бір қадам аттасаң болды, күзетшінің атып тастауға құқы бар…

 — Сотталушы В. Тамоновтың айтуынша Э. Азимова келгеннен кейін омбудсменнің үстінен арыз жазған. Тамоновқа арызың бас прокуратураға жіберілді деп жауап берген, келесі күні оператившілер оны асханадан зорлап кабинетке апарып қорқыта бастаған (әскер кіргіземіз, тауып аламыз, таяққа жығамыз т. б.). Прокурор қауіпсіздігіңді қамтамасыз етеміз деп уәде береді де кетіп қалған. Ешкім ештеңені қамтамасыз етпеген, ондай ойлары да болмаған..  Осындай «құқық қорғаушылардың» келер алдында (авт. В. Козлов) біздің лагерьдің бастығы юстиция полковнигі Идилов (ЛА 155/14)  лагерьді түгелімен плацқа шығарып тұрғызып, даусын жыртып айғайлап (кешіріңіздер мына сөзді келтіргеніме): «… котакпастар! Мына мудактар келеді, кетеді, ал сіз бен біз осында қаламыз!» Ол бұл сөзді бекер айтпайтын адам, ол оп-оңай полковник болған жоқ. Бұл жүйеде полковник болу үшін екі қолың иығыңа дейін қанға батуы керек… Ал «президент жанындағы» омбудсмендер ештеңені «көрмеулері» тиіс. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.