Сотталған кісілердің жақындарынан келіп жатқан хабарлар бойынша, Алматы облысындағы лагерьде қапастағылар тоңып жатыр, жылу жоқ, барактар суық.  Айтпақшы, осы орайда жақында жариялаған «тінту шараларының салдары» жайындағы материалымызда айтқан болатынбыз (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/185171823167691/?d=n), бейнетаспаның бір бөлігінде барактың еденіне төселген линолеумның жалтыр цементтің үстіне төселгенін көрсеткен едік (https://www.youtube.com/watch?v=Tx3oNkyPYFE)… Осыдан ақ біле беріңіздер, осындай бөлмеде жатқандардың жағдайын…

Әрине, бөлмеде жатқан сотталғандарға үстеріне қолға түскен киімдердің барлығын оранып жатуларына болар еді, бірақ олай етуге болмайды, олай етсе «режимді бұзған» болады, оларға жаза қолданылады. Жазалардың неше түрлері бар екендігі жайлы бұрын айтқан болатынбыз: Алматы облысының Заречное селосындағы «жетпіс бірінші лагерь» (ЛА 155/8 мекемесі)   бастығы Ашов пен оның РОР жөніндегі орынбасары екеуінің Гусейновты таяққа жыққан болатын.. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/190478559303684/?d=n)…

Қазір қараша айы туды, далада қар, үскірік аяз, пандемия… ЛА 155/8 лагеріне жылу берудің орнына режимдік бөлімнің бастығы «Алихан»  (Молдажанов) лагерьді аралап жүр. Олай-бұлай аралап лагерьдің жатын бөлмелерінде ауыздан шыққан будың бұрқырағанын көріп көзі жеткен соң ғана жылытатын приборларды қоюға рұқсат берген. Сүйтіп  адамдардың жағдайын осылай «түсініпті». Барактағы ауаның температурасын өлшеуге рұқсат бермеген, себебі ереже бойынша барактағы ең қатаң саналатын приборлардың қатарына термометр жатады, жылуды өлшеуге болмайды.  «Рұқсат етілген» приборлардың тізімінде жылыту приборлары да жоқ. «Рұқсат етілген приборлар» тізімі ІІМ-нің құпия бұйрығы бойынша шығарылған, бірақ оны ешкім көрген емес. Мына қақаған суықтың арқасында ғана сотталғандар жылыту приборларын іздеп тауып, оны пайдалануға түрме басшылығының қайырымдылық қамқорына ие болып отыр…  Ертең көктем түседі, тағы да жоспарлы «тінту шаралары» өтеді, тағы да тексерушілер «рұқсат етілмеген» жылу приборларын «тауып» алады, оған басқа да рұқсатсыз «заттар» қосылады. Тағы да жазалау, тағы да шыбықпен айдау жүргізіледі. Міне, түрме өмірі осылай «жақсылыққа жамандық» болып өтіп жалғаса бермек… 

Жақында әлеуметтік желіде Алматы болысының ҚАЖ комитетінің басшылары әйелдер лагерьлеріне жапондықтарды апарғандығы жайлы позитивті материалды (жылуға байланысты)  жарияланды. Жапондықтар ондаған жылдар бойы  жұмыс атқарған жылу жүйесінің орнына жаңа жүйені орнатпақшы екен. 

Материалды көргендердің қуаныштарында шек жоқ, әрине қуанушылар ҚАЖ департаментінің қызметкерлері, ал осы кезде өз барактарында бүрсеңдеп тоңып жатқандар бұл хабарды көрген де жоқ… Жапондықтар әрине бұл жұмысты ертең бітіріп тастамайды, келер жылы бітірсе өте жақсы. Биылғы қыстың болары анық, қанша айға созыларын ешкім білмейді… 

Қазақстандық сотталғандар үшін қыс айы — сотталушылардың үкіміне таңылған антибонус. Мысалы мені Петропавлдегі «үштік»  (авт. Владимир Козлов) ЕС 164/3 (менің ҚК бойынша бабым дәл осындай, лагерьге осы себептен әкелген болар) лагерьге дәл желтоқсан айында әкелген болатын. Аяз қақап тұрды, суық қырық градустың үстінде, тізеден қалың қарды темір сапты күрекпен бірнеше тоннасын күредім, тасыдым. Ондай қысты кинодан да көрген емеспін… Төменде түрмеде жазған кітабымнан үзінді беріп отырмын. 2012 жылдың қысы. 

«…Кешкі астан соң «көмір» жорығына баратын болдық. Иа, аты да, заты да солай, жорық. Лагерьде бұл мәселе нақты шешілмеген, сондықтан да Берік (карантиннің завхозы) бұл мәселені өз мүмкіндігі мен қабілетіне қарап шешеді. Киініп алып пештің жанындағы шлакқа толы шелектерді қолымызға алдық. Енді тіп-тік орналасқан, жақтаулары мұз боп қатып қалған сатымен төмен қарай карантиннің ішкі ауласына түспекбіз. Мені қайта-қайта «жақтаудан мықтап ұста» деп ескертіп қояды қасымдағылар. Темір саты тіп-тік орналасқан, ұстайтын жақтауларына мұз қатқан (таңертең ғана мұзын аршыған едік), айтса айтқандай бірнеше рет аяғым тайып ұшып кете жаздадым, ұстап үлгердім. Ыстық күлі бар шелекті маған ұстатқан жоқ, жазатайым біреудің басына төгіп алуым мүмкін. Осы сатының астына талай адамның құлаған жағдайы бірнеше рет болыпты, құлаған адам, оның үстіне төгілген шоғы бар күл адамның киімін өртеп, адамды қарға аунатқан кездер де болыпты… 

 

Аула қарға толып қалыпты, шағын ғана аула, неше түрлі су мен жылудың құбырларынан аяқ алып жүре алмайсың.Тығылысып тұрмыз, қолғабым бар, бірақ соған қарамастан екі-үш минуттан соң қолым тоңа бастады. Түнге қарай аяз қатая бастады.  Бұл жақта қолғап емес, жылы одеялдан жасалған биялай киеді екен. Кейбіреулердің қолында жүні ішіне аударылған қой терісінен жасалған қолғап, ішінде матадан тігілген биялай.

Шарбаққа тірелдік, Берік шарбақтың кішкентай қисық есігін тауып ашты. Сүйтсек, бұл жер лагерьдің жылу қазанының ауласы екен. Алыста үйіліп жатқан көмірдің үйіндісі тұр, біздің «жорығымыздың» басты мақсаты да осы екен. Мына кішкентай темір есіктен, оның биіктігі бір метрдей, қарғып жерге түсу керек, қолыңдағы шелегіңмен көмір үйіндісіне жүгіріп барып көмірдің ең ірілерін шелегіңе толтырып салып кейін қайту  керек. 

Осы кезге дейін көмірді алыстан ғана көргенім бар, Федор деген грек досымның саяжайында көрген болатынмын. Көмірдің де неше түрлері болатындығын шелегімді «басқа» көмірмен толтырып қайтып шарбақтан қарғып түскен кезде ғана білдім. Әрине, біздің тірлігіміз ұрлық сияқты болып көрінер, бірақ ол ұрлық емес болатын. Біз көмірдің ең мықтысын, ірісін, тас көмірін таңдап алдық. Мұндай көмірдің қызуы жақсы, күлі аз. Әрине, көмір үшін жауап беретіндерге  мұндай тірлігіміз жақпайтын.

«Көмір жорығымыз» осылай  тез және нәтижелі аяқталды, көмір қожайындары жағынан ешқандай  сөз, сөгіс естіген жоқпыз. Көмір толтырған шелектерімізді қатар ұстап қисық есікті  жауып ауламызға  тез жетіп оралдық. Енді үйіміз жылы, ұйқымыз тыныш болады…»

Дәл осылай болған еді. Қазір де осылай болып жатыр, жалғаса бермек. ҚАЖ комитеті бар кезде осылай бола берері анық.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.