ҚАЖ комитетінің аймағына сырттан назар түсіп, оның қызметкерлерінің қылмыстық істері жайлы айтылып талқылана бастаса, лагерьлер мен түрмелердің басшылары аяқтарын тартып қозғала бастайды, сотталушылар жақсылық болар ма екен деп үміттене бастайды… Түрмелерден түсіп жатқан ақпараттар ағынына сенер болсақ — «мұнда бәрі жақсы», «сотталушылар өздері кінәлі» атты хабарлардың азаятын түрі жоқ.

Лагерьлердегі жеке басының құқығы үшін жан таласып күресіп жатқандар, бұрынғыша ҚАЖ комитетінің қызметкерлері тарапынан ерекше қысым мен қуғынға ұшырап жатыр. Оларды адвокаттар мен құқық қорғаушылардан жырақ ұстамақшы болып басқа лагерьлерге ауыстыруда, ұрып-соғып мүгедек жасау тоқтамай отыр… Мұндай адамдарды жаңа лагерьге ауыстырған кезде олардың жеке ісіне қосымша жазу жазып, оларға қандай қатал жаза қолдану, қандай қатал режимде ұстау қажеттігі жазылады.  ҚАЖ комитетінің қызметкерлері осы заңсыз нұсқаулықтарды бұлжытпай орындайды, себебі бірін бірі қолдау, қорғау юстиция деп аталатын бұл қылмыскер ұйымның басты «ережесі». 

ҚАЖ комитетінің қызметкерінің жасаған қылмыстық ісі жайлы арызданған сотталушының «жолы болады», егер оның жеке қауіпсіздігін қорғайтын жағдайлар жасалса: келушілерге арналған бейнетаспасы бар жеке камера болса. Бірақ, іс жүзінде, көбінесе олай бола бермейді, оған таң қалатын ештеңе жоқ, «қарға қарғаның көзін шұқымайды», полицейлер бірін бірі қоғаштап отырады…

Сотталушы Бахтияр Юлдашев осындай «қауіпсіз» жерде Алматы облысының Заречное селосындағы жетпіс бірінші лагерь ЛА 155/8 мекемесінде көптен бері  отыр.  Бірақ, соңғы кездері Бақтиярға (басқаларға да) өмір сүруіне өте қиын жағдайлар жасалуда. Мақсаты — оны өзі қойған талаптарынан бас тартқызу. Олардың матрастарын тартып алған, түнде астына төсеп ұйықтауға да рұқсат етпеген, дәрігерге көрінуге сұранса жібермейді, осыларды айтып  жазған шағым-тілектері лагерьдің арнайы бөлімінен «сыртқа» шықпайды.  

Дәрігерлік лазаретте жатқандар ешқандай медициналық көмек ала алмауда, науқастардың арасында денесі, сүйегі іріген, жедел оперативті көмекті қажет тұтатын адамдардың болғанына қарамастан оларға еш көмек берілмеуде. Науқастардың Қылмыстық атқару кодексінің талаптары бойынша арыздары лагерь бастығы Ашов тарапынан орындалмай отыр. Жақында осындай талап қойғаны үшін ауыр науқас жағдайындағы сотталушы Түрлен  атты жігіт «қасақана тәртіп бұзушы» деген мәртебеге ие болып қатаң режимдегі СУС барагіне жатқызылды. Енді ол оқшауланған, сол себептен ешқандай көмек те ала алмайды, оның арыз-шағымы ешкімге жетпейді… 

«Жетпіс бірінші» лагерьден түсіп жатқан хабарлар бойынша, Ашовтың басшылыққа келуінен соң сотталушылардың жеке құқықтары жақсармаған көрінеді. Сотталушы Ағали Гусейновпен https://www.facebook.com/108893537462187/posts/190478559303684/?d=n, , Михаил Сучковпен https://www.youtube.com/watch?v=kP-at6Hr7bk, , Дмитрий Артюшенкомен https://www.youtube.com/watch?v=-A-NhuCUl-o&feature=youtu.be  болып жатқан жағдайлар әлі күнге дейін белгісіз:  Олар бұрынғыша сырттан көмек және құқықтық қолдау күтіп жатыр. 

Осы тұрғыдан мәселелерді шешіп, тәртіп орнатудың орнына лагерь бастығы Ашов күні-түні сыртқа «қашып» кеткен ақпараттарды іздеп, ақпар жіберушілердің ауызына қақпақ қоюмен айналысуда. Жақында лагерьде сотталушылардың жақын туыстарымен ұзақ мерзімді кездесулеріне тиым салынды, ондаған түрме қызметкерлері күн сайын сыртқа, ішке еш бетпердесіз, қалаған уақытында кіріп-шығып жүр… 

Сотталушылар өздеріне жеңілдіктер сұрап жатқан жоқ, олардың талабы — өздеріне арналған тиісті ережелердің орындалуы. Олардың бар үміті — біз,  олардың құпия өмірін жариялау мүмкіндігіміз. Бұл мүмкіндікті орындау — біз үшін қиын емес, сотталғандар үшін өте қажет нәрсе.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.