ҚАЖ комитеті мекемесінің қызметкерлерінің мінезіне қарап — жағдайды оқымай-ақ бірден түсінуге болады. Бұл мекемедегі дәстүрлі жамандықтың, адамгершіліксіздіктің етек алып жайлағаны сонша, бұл ұйымның әрбір ісі мен әрекетінің астарында зымияндық тұрады. Себебі бұл қорқау қасқырлардың әрбір «күлкісі» мен «мейірімді» езу тартуының артында ауыр салмақ жатыр. 

10 қараша күні Алматы облысының Заречное селосындағы ЛА 155/8 («жетпіс бірінші лагерь») мекемеге сотталған Ағали Гусейновтың ата-анасы кіргізілген еді. Естеріңізге сала кетейін, бұл сотталушының спортзалда таяқ жегендігі жайлы бейне таспа  (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/188947679456772/?d=n)  кезінде жарияланған болатын. Бұл бейнетаспа әлеуметтік желіде үлкен дабыра жасап талқыланған еді. Сол себептен де ҚАЖ комитеті амалсыздықтан болған оқиғаны тексеруге мәжбүр болды. Оқиғаны тексерудің еш қиындығы болған жоқ, оның кейіпкерлері көпшіліктің көз алдында болған кісілер. Сот болды, қатысушылары тиісті мерзімін алды. Мекеме бастығы Марат Арыстанов «қожайындық» креслодан кетуге мәжбүр болды… Әттеген-ай, өкініштісі сол, «қорқау қасқырдың» осындай талай адамды зарлатқан хайуандық істері үшін «бір жүз үшінші» лагерьдің талай адамдары «оның тісін санап беруге» дайын болатын…

Бірақ ҚАЖ комитеті баяғыдан бері келе жатқан әккіс ұйым емес пе,  өзі ғана білетін қорқау қасқырлық НКВДшылдық әдетін қолдана бастады. Ағали Гусейновтың соңына түсіп алды, қуғындау тоқтаусыз жалғаса берді, қазір де жалғасып жатыр. (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/188947679456772/?d=n). 

Иа,  лагерьге сотталған адамдардың туысқандарының кіргізілуі бұрын-соңды болмаған жағдай. Мен басымнан өткізген бес жылдық мерзім (авт. — Владимир Козлов)  ішінде  мұндайды бір ғана рет көрдім, онда да «ашық есік күні» сияқты «іс-шара» кезінде болған. Мұндай шараға адамдардың туысқандарын әбден сүзгіден өткізіп, кейбір белсенділердің туыстарын ғана кіргізген болатын… 

Ағали Гусейновпен болған оқиға — тіпті басқаша. Оның туысқандарының лагерь бастығы Ашов пен оның РОР жөніндегі орынбасары Писарев екеуінің Гусейновты таяққа жыққан мәселесі бойынша лагерьге кіруі — Ашовтың жоғарғы бастықтарының жанды жеріне соққы тигендігін білдірсе керек…

Солай болғаны түсінікті. ҚАЖ комитеті міне осындай жағдайда өздерінің «қысқартылған» роликтерін әкеліп, жаман жерлері алып тасталған бейнетаспаларды көрсетіп ақталып жатыр. Оны айтасыз, осы орайда құқық қорғаушылардың өздері ҚАЖ комитетімен жарысып оған «көмектесіп» жатыр. Міне, көрмейсіздер ме, қара қарғаны әппақ етіп көрсетуге қанша күш пен жігердің жұмсалып жатқанына! 

Бізге жеткен деректер бойынша Ағалының туысқандарына қадағалаушы арнайы прокурор ма, әлде облыстық ҚАЖ департаментінің жоғары шенді қызметкері үйіне барып, баласына қонаққа баруға (!) өтініш айтып жалынған. Дәл сол уақытта карантинге байланысты сотталушылармен кездесуге тиым салынған кез. Сол мезгілде  Гусейнов СУС барагына жеткізілейін деп жатқан кезде, оның ата-анасы лагерьге кіргізіліп отыр! Сөз жоқ, ата-ананың дәл осы кезде лагерьге келуінің себебі —  баласына «бас тарту» арызын жазуға көндіру үшін әкелгендігі түсінікті.  ҚАЖ комитеті өздері дайындаған бір роликте «барлығына сотталушылар өздері кінәлі», ал олардың түрме қызметкерлері жайлы айтқандарының барлығы өтірік деген еді.  Бірақ Ағали Гусейнов өз айтқанынан айнымай отыр. Ол тиісті арызын жазды, тергеу жүргізілді, осымен іс тоқтап тұр. Ағали өзін таяққа жыққандығы жайлы тексеруді талап етеді, құқық қорғаушылардан, адвокаттардан, сіз бен бізден көмек күтеді.  Егер сіз бізді қолдайтын болсаңыз, көшіріп таратыңыз.  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.