ҚР ІІМ-ң ҚАЖ комитеті жайлы сөз болғанда оны  «мемлекет ішіндегі мемлекет» деп қабылдайтынымызды айтқан болатынбыз. Бұл комитетті сонымен бірге ел өмірінің кішкентай айнасы, ҚАЖ комитеті — кішкентай бір жерге жиналған Қазақстан деген дұрыс сияқты. Бұл жерде болған адам Қазақстан дегеннің қандай ел екенін, оның басқару билігінің қандай екенін бірден түсінеді. Құдды айнымаған кішкентай Қазақстан. 

ҚАЖ комитетінің ішінде саяси тұтқын есебінде жүрген кезімде (авт. Владимир Козлов) мен өзімнің бұрынғы еркіндікте жасаған құқық қорғау қызметімді атқаруымды жалғастыруыма тура келді. Мұнда да түрме қызметкерлерінің сол баяғы екіжүзділігі, жалғанды жалпағынан басуы, шынайы адами тақырыптарға пікір таласудан қорқып қашуы алдымнан шыға берді. Олардың адамгершілік тақыоыптарына қарсы қояр айғақ дәлелдері ешқашан болған емес. Олардың өн бойында қалыптасқан хайуандық  қаталдық, жауапкершіліктен өлердей қорыққандықтан неше түрлі жымысқы зымияндық залымдық әдістерді меңгергендер — адамдарды бір біріне айдап салу, бұрыштан жасырынып тас ату, өтірікті шынайы сөздермен орап алдау, адамдардың ең жанды жерлеріне аяусыз жара салу…

 Иа, Қазақстанды алпауыт ҚАЖ комитеті десек те болады. Екеуінде де адамгершіліктен жұрдай, адам баласының сұрқиялық мінездерін меңгергендер басқарады. Екеуінде де жауапкершілік туындайтын, жауапкершіліктің жақындауын туындататын істерден, мезгілден өлердей қорқады. Екеуінде де  жалғандықты жаппай жалпағынан басушылықты, адамдардың бір біріне жек көрініштілігін, екіжүзділікті қоғамға таратып отыр,  жауап беретін болашақтан өлердей қорқады.

Қазақстандағы бизнес — тек «рұқсат алғандар үшін ғана». Кім ұрлайды, ұрлағанымен бөліседі, кім үндемей отыратындар үшін. Әйтпесе, қолынан жетектеп ұстап сотқа тапсырады. Қылмыстық іссіз, криминалсыз бизнеспен айналысып жүргендер — билік басында отырғандар үшін үлкен қауіптілер. Адал еңбекпен, маңдай теріңмен жұмыс істеу — билік басында отырып «бақылап» отырғандарды сыйламағаның, тіпті қорлағаның деуге болады. 

Бейбіт наразылықтарды қолдайтын бизнесмен — билікке қарсы шыққан адам болып саналады. Сол себептен бүгінгі диктатуралық билік ондай бизнестің, ондай бизнесмендердің барлық ресурстары мен қорларын жоқ қылып құртуды мақсат қойып отыр…

Мұхтар Аблязов. Бизнесмен. Меценат, көптеген шахмет пен театрға дейінгі  қайырымдылық қорлар мен жобаларды құрушы, қатысушысы. Ол   2001 жылы құрылған РҚБ ҚДТ ұйымының бастаушысы және ұйымдастырушысы, 2002 жылдан бастап саяси тұтқынға, қуғындалушыға, сосын тағы да саяси тұтқынға, саяси қашқынға айналды..

Михаил Ходорковский. Бизнесмен. Меценат, бүкілресейлік «жаңа білім» жобасының қамқоршысы, әскерилер мен ІІМ-ң қызмет үстінде өлген қызметкерлерінің балалары үшін көптеген балалар үйлері мен мектептерді құрды, қаржыландырды…. Ол да 2004 жылы Ресейдің оппозициялық партияларын қолдай бастап еді, 2005 жылы тексеру, сосын сот болып 10 жылға түрмеге жабылды, саяси қашқынға айналды. 

Искандер Еримбетов. Бизнесмен. Еш нәрсеге қатысқан жоқ, мүше болған жоқ, саясатпен айналысқан жоқ. 2017 жылы тұтқындалды, бірақ айып жағынан ештеңе дәлелденбеді, себебі еш айыбы жоқ болатын. Желеу — бизнесінің табысты болуы. Себеп:  Мұқтар Әбләзовтың көмекшісі болған, Бельгияда тұратын саяси қашқын деген мәртебесі бар қарындасы Бота Жәрдемәлінің болуы. Биліктің мақсаты — ол кісі Мұқтар Әбләзовқа қара жағуы тиіс. Сосын сот болып еркіндіктен айырды, саяси қашқынға айналды… 

Бұл айтылып отырған мысалдар — үлкен резонанс алған оқиғалар, олардың көлеңкесінде көрінбей қалғандары қаншама. Мен де 2001 жылға дейін «саясатпен айналыспайтын бизнесмен» болған едім. ҚДТ ұйымына мүше болғаныма бір ай да өткен жоқ, Ақтаудағы компаньондарым: «бізге біреулер келіп жатыр, сені құрылтайшылар қатарынан шығармасақ бизнесіміз тоқтайды» дегенді айта бастады… 

Бүгінгі таңда 2016 жылы өз бизнесін қызметкерлеріне тегін тастап кеткен, АҚШ-а тұратын бизнесмен Барлық Меңдіғазиевтің бизнесіне билік шабуыл жасап жатыр. Оның «кінәсі» мынау:  а) бүгінгі диктатуралық Қазақстан жайлы сыны бар, өз пікірін ашық айтады; б) диктатура қуғындап жатқан азаматтық белсенділерге салынған айыпты өз қаржысымен төлеп жатқандығы. Осы үшін оның туған-туысқандары, жақындары, достары, қызметтестері қуғынға түсіп бас сауғалап қашып жүр. Диктатураның жендеттері бұл азаматтың ең жанды жерін, жанды нүктелерін іздеп тауып жарақат салғысы келеді. Жендеттер сондай жанды нүктелерді тапса қуанады, аямай жан жарасын салады, өлтіргенше. 

Иа, біз ҚАЖ комитеті дейміз, яғни осы сөзбен Қазақстанды айтып отырмыз. Немесе, керісінше. Басқаша сөзбен ҚазЛАГ деп атасақ дұрыс болар. 

Бұндай ҚазЛАГты реформалау мүмкін емес, санация жасауға да келмейді. Мүмкін билік басында отырғандардан бастап тазалауға болар ма еді, бірақ олардың орны — қоқыс алаңы. Басқаша мүмкін емес.. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.