Жуық арадан бастап ҚР ІІМ-ң ҚАЖ комитеті белсенділік танытып сотталғандар мен құқық қорғаушылар тарапынан түсіп жатқан ақпараттарды «жоққа» шығара бастады. ҚАЖ комитетінің  бұл «жоққа» шығару әрекеттері әдеттегідей тағы да сәтсіздікке ұшырады.  

ҚАЖ комитетінің бұл бағыттағы атқарған істері баяғыша: ондаған, көптеген бейнетаспалар арқылы дәлелденген қылмыстық әрекеттер, өте құпия саналатын полициялық ведомствоның түрмелері мен лагерьлеріндегі қызметкерлерінің қылмыскерлер екендіктері айғақтармен дәлелденгендігіне қарамастан олар тексерілмей келеді. 

Иа, рас, лагерьлер — қылмыс жасағандарды ұстайтын орын, абақты. Ол жердің тұрғындары әртүрлі. Олардың құқын қорғаумен айналысып жүрген құқық қорғаушылар түрме қызметкерлеріне қол күшін жұмсап, айғайлап, боқтап сотталғандарды қорғамайды. Олардың мақсаты — неге сотталғандар өз денесіне өздері  қол салады, кеседі, тіледі, жарақаттайды. Олар соны зерттеп тексеріп анықтап білумен айналысады. Сотталушылардың өздерін қорлауға, намысын таптауға, азаптауға қарсы тұрғысы келеді, өз жағдайына сырттан назар аудару мүмкіндігін пайдаланғысы келеді. Түрме қызметкерлері тарапынан сотталушыларды қорлау, азаптау, намысын таптауды болдырмау ҚАЖ комитетінің міндеті, ал құқық қорғаушылар түрме қызметкерлерінің өз міндеттерін атқаруларын бақылайды, олардың бұл тікелей міндеті. 

Бүгінгі таңдағы ҚАЖ комитетінің жүргізіп отырған «тексерулері» — жаттанды, жылдан жылға қайталанып келе жатқан көшірме сөздер. Сіздердің жүргізген «тексерулеріңіздің»  99 пайызында «сотталушылар тарапынан дұрыс жасалмаған» немесе «деректер анықталмады» деген сөздер. Егер біздің елдің заңнамалары бойынша полицейлер қатысқан, тексерген қылмыстық істер бойынша, егер сол полицейлер қызмет бабында сотталған болса, ондай полицейлер қатысқан қылмыстық істер қайта қаралуы тиіс, ондай істер күмәнді саналуы тиіс дейтін заң баптары енгізілсе, онда ҚАЖ комитетіне, осы жүйенің қызметкерлерінің үстінен, прокурорлары мен судьяларына 99 пайыз қылмыстық үкімдер шығарылған болар еді.  

 Айтпақшы, пайыз жөнінде бір ауыз сөз. Жақында ғана таралған келесі материалда  (https://informburo.kz/novosti/kuis-tolko-7-osuzhdyonnyh-ne-soglasny-s-rezhimom-v-kolonii-i-pytayutsya-destabilizirovat-obstanovku.html), сотталғандардың тек 7 пайызы ғана режимнің тәртібіне риза емес, олар жағдайды өзгертуді қалайды екен делінген. Осыны оқып отырған оқырмандар, бұл деректі шын деп қабылдауы мүмкін. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың ішінде түрмелер мен лагерьлерде миллиондаған азаматтар отырып шыққан болар, олардың тағы соншама туыстары мен жақындары бар. Солардың барлығы ҚАЖ комитетінің режимінің ащы шындығын басынан кешірді. Сіздер айтып отырған 7 пайыз өз құқын қорғаушылар, өз құқықтары үшін тайсалмай қарсы шыққандары ғана. Олар азап пен қорлық көруден шаршағандар, әбден шегіне жеткендер. Оларға ешкім көмектеспесе,  келесі қадамы — өзіне өзі қол салу. 

ҚАЖ комитетінің режимі — адамдардың қадір-қасиетін, ар-намысын жаппай таптау, түрме қызметкерлерінің айтқанын істеп құл болғысы, мал болғысы келмегендерді ұрып-соғу түрмесі.  Петропавлдағы «үштік» түрмесіндегі  бір «жазамды» (ЕС 164/3, Петропавл), (авт. Владимир Козлов) мен не үшін алғанымды айтайын. Шәйханада бір бишара сотталушыға бір стакан шәй мен бір түйір печенье бергенім үшін жазаландым.  Сүйтсем, ол осы көмегім үшін  үстімнен арыз жазыпты. Міне, осындай «режимді» 93 пайыз түрмеде отырғандар қолдағаны ғой. ҚАЖ комитеті, осы тірлігіңе өзің сеніп отырсың ба? 

 Барынша бейне бақылау жүйесін көбейтеміз, қамтимыз деген пікірмен келісемін. Бұл жайлы бірнеше рет лагерьден жазған хаттарымда айтқан болатынмын. Тек бір ғана шартым бар: сотталушы айғақ ретінде бейнетаспаға сілтеме жасайтын болса, бірақ «бейнекамера» күтпеген жерде «істемей» қалса немесе жоғалса, ондай кезде бұл жағдай сотталушының пайдасына шешілуі керек, яғни сотталушы шындықты айтып отыр деп қабылдануы тиіс. Басқаша мүмкін емес. Қазіргі жағдай бойынша қалдырылса, ештеңе өзгермейді. 

Қазіргі жағдайдан бір мысал:  3 қараша күні отбойдан соң  ЛА 155/8 («жетпіс бірінші лагерь», Заречное, Алматы облысы) мекемесінің бастығы Ашев және оның РОР бойынша орынбасары Писарев екеуі сотталушы Ағалы Гусейновты сабаған. Бұл жайлы құқық қорғаушы Елена Семенова өз парақшасында хабарлады.  

Агали Гусейнов жөнінде тағы айтарымыз,  2019 жылы осы адамды ұрғаны үшін осы лагерьдің қызметкерлері қылмыстық іске тартылған еді. Мына бейнетаспа жарияланған соң (https://youtu.be/pLLy_QEsHzQ).

Бізге жеткен нақты деректер бойынша, Ашев пен Писарев ұйықтап жатқандардың секциясына кірген кезде сотталушылар сырт киімдерімен жатыр екен, себебі жатқан жері суық болыпты. Бірақ, барлық адамдардың ішінен тек қана Гусейновты тұрғызып алып көрші бөлмеге апарып ұра бастаған. «Қожайын» мен оның орынбасарының Гусейновқа деген ала алмай жүрген кегі болған ба, әлде осылай ұру арқылы басқаларды қорқытпақ болған ба, ол жағы түсініксіз. Гусейновты ұрып-соғу ұзаққа созылуы мүмкін екен, бірақ бірнеше сотталушылар орындарынан тұрып барған соң ғана «куәгерлерден» қорқып Ашев пен Писарев ұрып-соғуды тоқтатып баракты тастап шығып кеткен. 

Осы лагерьде өз құқы үшін сөз айтқан сотталушылар  Михаил Сучков (https://www.youtube.com/watch?v=kP-at6Hr7bk)  пен  Дмитрий Артюшенко (https://www.youtube.com/watch?v=-A-NhuCUl-o&feature=youtu.be) сырттан көмек күтіп жатыр. Бұларды жаңағы «7 пайыздықтар» қатарына қосуға болар? Прокуратура не дейді?  Жаттанды көшірме жауаптармен жауап берер болсаңыздар, сотталғандардың фамилияларын өзгертуді ұмытпаңыздар.  

ҚАЖ комитетінің тірлігі осы.. Еш өзгерген жоқ.. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.