ҚАЖ комитетінің сотталушылардың тағдыры жайлы материалдарын талқылаған кезде кейбіреулер айтады: «соларға несіне болысып жүрсіңдер, қандай жақсылығы үшін..» дейді. Мені (авт. Владимир Козлов) кезінде Петропавлдағы «тройкаға» (ЕС 154/2 мекемесі) алып келгенде бұл лагерь түгелімен «малиналық» режимдегі лагерь болатын. Бұл режимді лагерьде қатып қалған ереже өмір сүретін — адамның жасаған қылмысы жайлы ешкім сұрамауы тиіс, түрменің әкімдігінен бастап ешкім сотталушыдан ешқашан, еш жерде не үшін сотталғаны жайлы сұрауына, есіне салуына, пайдалануына болмайды. 

Өмір сүру салты бойынша бұл бір жағынан дұрыс, криминальдық түсінік бойынша — түрменің  «өз көтенін тазартқаны». Яғни түрмеге түскен адам еркіндікте жүріп жасаған қылмысына жауап бермейді, енді оның лагерьдегі өмірі таза парақтан басталады, түрмелік өмірде қандай болсаң, түрмедегі өмірің солай өтеді. Әрине, криминальдық өмірдегі құйыршықтарың  болмаса, «гарем» мүшесі, зымиян болмасаң…

 Заң тұрғысынан алғанда бұл дұрыс ұстаным. Адамның жасаған қылмысына, қателігіне заң тиісті бағасын беріп, үкім шығарды. Үкімде сотталушының қанша мерзімге, қандай жағдайда отыратыны толық айтылған. Қапаста отыру шарты сотталушылардың негізгі заңы — Қылмыстық атқару кодексінде толық көрсетілген. Онда сотталушының құқығы, міндеттері, түрме әкімдігінің құқығы мен міндеттері де сипатталған. Қысқа да нұсқа жазылған, артық ештеңе жоқ. 

Кейбіреулер ойлауы мүмкін — түрме әкімдігі сотталғандарды қинау, зорлау, ұрып-соғу, өлтіру арқылы сотталушылардың еркіндікте жасаған қылмыстары үшін кек алушылар деп ойласа қатты қателеседі. Түрме қызметкерлерінің олай жасайтын себебі мынада: олардың көпшілігі өз бойындағы ең жаман адами және хайуандық қасиеттеріне сырттай баға бере алмайды, себебі олардың бойында баяғы НКВД, ГУЛАГ дәстүрінен қалған адамдарды жек көрушілік мұрагерлікпен қалған; адамды тәрбиелеу үшін ақылмен жұмыс атқарудың орнына, олар адамның қадір-қасиетін қорлап, зорлап, ұрып жұмыс істейді. Сонда басқару оңай, шыбықпен, қамшымен басқару тиімді, ақылдың еш қажеті де жоқ.   

Лагерьде қызмет атқарғандарды полицияға қызметке алмайды. Лагерь қызметкерлерінің мансабы ҚАЖК ішінде ғана өседі. Олар лагерьлер мен түрмелердің бірінен біріне ауысып, погонына тағылған әрбір жұлдызшаның «салмағы» қанша адамның қанын төккенімен, қанша адамды қорлағанымен өлшенеді. Себебі түрмелер мен лагерьдегі өмір бір-бірінен айнымайды. Қызметкерлері де бір бірінен айнымайды, себебі олар басқа өмірлік жағдайда өмір сүре алмайды. Егер сен қолыңды қанға батырмасаң, хайуан мінезді болмасаң, қылмыс жасамасаң, онда қауіпті адамсың. Қара құзғындардың арасында ақ қарғаның жүруі мүмкін емес. Ешқашан.  

Ешқандай жариялылығы жоқ жағдайда, қызметкерлердің бірін-бірі кез келген сәтте сатып кетуі, арандатуы, бұрмалаушылығы, жалған куә болуы, сотталушыларды жалған куә болуға зорлауы, прокурордың әрқашан сотталушыны айыптауға, судьяның погондыларды қолдауға дайын тұруы осы түрме мен лагерьлерде ғана. Сондықтан да темір тордың ішінде отырып сырттан келетін көмексіз өз құқымды қорғаймын деушілік далбаса сөз. 

Бұл жерде отырған адам, оны көрген адам ғана мәселені жақсы біледі. Түрмеде отырмаған адам жоғарыда айтылған комментарийлерді жазбайды. ҚАЖК жүйесіндегі сұмдық масқараны білетін адам ғана шынайы комментарий жазады. 

 ЛА 155/8 (жетпіс бірінші лагерь, Заречное, Алматы облысы) мекемесінде тағы бір жас сотталушы  Дмитрий Артюшенко (төмендегі сілтеме бойынша бейнетаспаға қараңыз) өзіне өзі қол салды. Наразылық жасау ретінде және сырттан көмек болама деген үмітпен жасады. Жарасын бірнәрсе етіп тездетіп тігіп ДИЗО-а жатқызды, енді оны қатал режимдегі СУС барагі күтіп отыр. Оған толтырылған хаттаманың мазмұны Михаил Сучковпен (ол туралы бұрын жазғанбыз) болған жағдайды қайталайды. Әрине, ҚАЖК-е режимді босаңсытудың ешқандай қажеті жоқ. Сотталғандар Қылмыстық атқару кодексінде жазылған өздерінің құқығын қорғауды сұрайды. Басқа ештеңе сұрамайды. Аз ғана нәрсе, бірақ сотталғандар үшін сондай қажет дүниелер.  

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.