Үш күн бұрын қатал режимдегі «жетпіс бірінші» (ЛА 166/8) лагерьде жоспарлы тінту шаралары немесе «лагерьлік шмон» болып өтті. 

Осының алдында жариялаған материалдарымызда бұл лагерьде болған жағдайларды және лагерь күтіп отырған тінту шаралары жайлы, тінту шарасынан жақсылық күтіліп отырған жоқ дегеніміз рас болып шықты. 

«Лагерьлік  шмон» — дегеніміз лагерьдің әкімдігі тарапынан әрқашан жасалатын «шектен асқан заңсыздық пен бассыздықтар» екенін талай рет жазған болатынбыз. Бірнеше сағат бойы «тізерлетіп отырғызудан» басталатын, адамдардың намысын қорлау мен ұрып соғу, тіл тигізу жасалып, оның аяғы жеке заттарын бүлдіру, олардың жоғалуымен аяқталады. Оперлер «шмон» басталардан бір күн бұрын сотталғандарды  «сендерге қара таңба саламыз», тінту кезінде ерекше әрекет-қимылдар (ұрып-соғу, айрықша қорлау, азаптау т. б.) қолданылады деп қорқытумен күнін өткізеді…

Бұл жолы  «жетпіс бірдің» тұтқындары үшін алғашқы уақытта таңданатындай жағдай орын алды. Плацқа шығарылған лагерь тұрғындарына сыпайы сөз айтылып, ешқандай дөрекілік жасалмады. Тіпті, анда-санда еркін тұрыңдар, аяқтарың ұйып қалған шығар деп еркінсітіп те қойды. Көңілдерін босататын осындай сөздер айтылған…

Бірақ соншама топырлаған қалың жұртқа беттеріне еш бетперде, қолғап, антисептик  берілмеген… Бетпердені лагерь тұрғындары алғаш рет ҚАЖК бастығы «жұмыс визитімен» (қасында омбудсменнің офисінен адамдар) жақында келіп кеткен кезде бірінші рет көріпті. Сол жолы бетперде, дастархан толған тамақ, жеміс, көкөніс, тұз-бұрыш т. б. үйіп-төгіп тастапты. Ерекше қонақтар кеткен соң жаңағы заттар «әдеттегіше» зым-зия жоғалып кеткен. 

Тінту жүргізген қызметкерлердің жартысында бетперде болмаған, қолғап деген атымен жоқ. Бұл заттардың мұндай шаралар кезінде қаншалықты қажет екендігі айтпай-ақ түсінікті. Тінту былай жүргізіледі: плацқа ондаған стол қойылады, әр столдың жанында екі бақылаушы тұрады. Сотталушылар бір бірлеп келіп сөмкелерінен, жастық пен төсек орындарынан столдың үстіне бар затын ақтарады, бақылаушылар оларды, әр затты қолымен ұстап тексереді. Бұл жердегі сақталуға тиіс әлеуметтік дистанция жайлы сөз қозғап қажеті жоқ. Мұндай кезде тінтушілер мен сотталушылардың арасы жарты метрден аспайды, егер адамның денесін тексерсе, онда тіпті жақын тұрады. 

Адамдарды плацта тексеріп жатқан кезде, басқа жақтан іссапармен келген ұлттық гвардияның солдаттары барактарда тінту жүргізеді. Біздің қолымызға бір бейнетаспа түсіп отыр. Бұл тінтуді қарапайым тінту емес, ерекше мүдделікпен тінту десе болар. Мынау сотталушылар жататын тұрғын баспана үй, бұл жерде лагерьлік шмон жүргізілген: үйіліп жатқан каптеркада қалған заттар, аяққа басылған бірімен бірі араласқан, жыртылған заттар жерде жатыр, тумбочкалар қираған, шконкалар (керуеттер) төңкерілген, линолеумдар жұлынып тасталған… Бөлме тінтуге дейін айнадай таза болатын, оны сотталушылар өз күштерімен жөндеп ұстап келген. Сотталушылар енді соның бәрін қалпына келтіреді, жөндейді. Әлі есімде, Ислам деген жігіт екеуміз (авт. Владимир Козлов) терезенің алдында горшокқа гүл егіп, олар гүлдеп бөлмемізді әсем етіп қоятынбыз. Осындай әрбір шмоннан соң біздің горшоктарымыз жерде қирап жатады, гүлдер тапталған, топырағы жерде езілген, лай батпақ.. Әрбір шмон сайын қайтадан гүл егеміз… келесі шмонда тағы қайталанады… тағы егеміз.  

«Жетпіс бірде» болған «шмон» кезінде солдаттар ұстара станоктар тұрған шкафтарды сындырыпты, станоктарды жерге лақтырып тастаған. Жаңағы станоктардың кейбір егелері ВИЧ-н ауырғандар, сондықтан станоктардың барлығын лақтырып тастау қажет, ереже бойынша сотталушылардың жеке заттар тізімінде сақал алатын станоктар жазылмаған. Бірақ барлық сотталғандарға өсіп кеткен «сақал-мұрттары» болмауы керек деген талап қойылған…, оны орындамасаң, айып салынады.  

ҚАЖК (КУИС) – бұл мекеме емес. Бұл — жымысқылық пен зымияндықты бойына жинаған, адам баласының бойындағы адами қасиеттерді жоюды ойластырған идея. ҚАЖК-ң әрбір қызметкері — осы идеяны ерекше ыждағаттықпен орындауға асығатын, осы идеяны таратушы және орындаушы.  Олар осы идеяны орындамаса, бойына тамақтары сіңбейді. Сол себептен де ҚАЖК-ы ешқандай реформалауға болмайды, оны тек жою қажет.  

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.