Түрмелер мен лагерьлерде болып жатқан оқиғаларды айтқан кезімізде, бұл жерде де осы оқиғалар Қазақстанда болып жатқандай (сондай сипатта, сондай күйде) сезімде боласың. 

 Коронавирустың Қазақстанға «шабуылы» басталысымен диктаторлық саяси жүйе еліміздегі «тұрақтылық» жайлы мифтерді, атап айтқанда денсаулық саласындағы «мықтылық» жайлы сайрап жырлаған болатын. Бірақ, іс жүзінде оның барлығы жалған екендігі, біздегі денсаулық саласының тіпті жоқ екендігі айқындалған еді.  Ал ҚАЖК жүйесіндегі, аузы-мұрыны жабық, жан-жағы мықтап шегеленген, болттармен бекітілген, тышқан кіріп шыға алмайтын аймақта неше түрлі процестер жүріп жатыр. Жиналған будың бір күні тарс етіп жарылары сөзсіз… бұл физиканың заңы. 

Анда-санда келетін «жоғарғы» комиссиялар бұл жерге келгенде өздері көргісі келетін көріністерді ғана көреді: олар өздері көрмек болған көріністерді алдын ала хабарлап айтады, бұлар дайындалады, лагерьді айнадай етіп жалтыратып тек сондай жерлерді ғана көрсетеді. Жақында ҚАЖК бастығы «жетпіс бірінші» лагерьде (Алматы облысы, Заречное, 155/8 лагері) болған кезде сотталғандардың дастарханының күнделікті ас мәзірін көргенде жұрттың бәрі таң қалыпты: ондай тамақтарды лагерьдің  «тұрғындары» ешқашан көрмепті… Комиссия келді.. кетті, түрмеліктер қайғылы күлкісімен тұнжырап қалды. 

Қазақстандағы «карантиндік мерзімді»  билік қоғамдық кеңістікті басқаша ойлайтындардан тазарту үшін, наразылық жасаушыларды жою үшін пайдалана білді. Оған жүздеген адамдардың ұсталуы мен қамалуы, қуғындалуы куә. ҚАЖК жүйесі де диктаторлық саяси жүйенің бір өнімі, кішкентай моделі ретінде сол оқиғаларды айнытпай қайталап жүргізді.  

ҚАЖК-ң жабықтығы түрме мен лагерьлерде болған аурулар мен науқастардың шынайы көрінісін білуге мүмкіндік бермей отыр. Бірақ темір тордың ар жағынан бізге жетіп жатқан ондаған хабарлар, бұл жағдай туралы ҚАЖК-ң ресми есебінен тіпті басқаша екендігін білдіреді. 

Қалайша деп сұрақ қойғымыз келеді, сотталғандардың туысқандарының хабарлауынша «жүз үшінші» (ЛА 155/14) және «жетпіс бірінші» (ЛА 155/8) лагерьлерде бет перде, қолғап, сотталушыларға арналған антисептикалық сұйық дегендер атымен жоқ екен. Күн сайын үйлеріне барып келетін қызметкерлер ешқандай бетперде, қолғап дегенді пайдаланбайтын көрінеді. Лагерь бойынша жаппай тінту шараларын жүргізу кездерінде оған ондаған қызметкерлер мен ұлттық гвардияның контрактышыларын сырттан шақырады, ешқайсысы бетперде, қолғап кимейді. Олар сотталғандармен өте жақын қатынас жасайды, жеке заттарын тексеру, оның ішінде жеке гигиеналық заттарын ақтару барысында заттарды кір қолдарымен ұстайды…  ҚАЖК-ң «Карантинді пайдалану» саясаты тек қана сотталушылардың денсаулығын осылай «әлсірету» ғана емес. ҚАЖК карантин кезінде қысқа мерзімге кездесуге рұқсат алған сотталушылардың туысқандарына «ковидім жоқ» деген анықтама әкелуді міндеттеді. Бұл анықтаманы алу бірнеше мың теңге тұрады. Бұл «кездесулер» екі қабат шыны арқылы, бетпердемен, телефон арқылы ғана өтеді. Сүйте тұра, сотталушыларға вирус таратудың бірден бір көзі өздері екенін біле тұра, түрме қызметкерлері ешқандай бетперде, қолғап кимейді. Көптеген сотталушылардың туыс-ағайындары мұндай «кездесулерден» бас тартуға мәжбүр. Себебі — қымбат…

Дәл осындай анықтамаларды түрмелер мен лагерьлердегі адамдарына кіру үшін адвокаттардан да талап етуде. Анықтама бес күнге ғана жарайды. Мұндай шектеу жағдайында адвокат өз адамын қалай қорғайды? Айтпақшы, прокурордан мұндай анықтама талап етілмейді екен; айыптаушылар жағы бұл жерде де артықшылыққа ие болып отыр. Бұл не, алалайтын әділеттілік дегеніміз осы емес пе, айыптаушы-жазалаушыларға басым берушілік емес пе… 

Дәл осындай анықтама қағазды НПМ мүшелерінен (азаптық қинаудың алдын алатын қоғамдық ұйым) де сұралады, олар анықтама шығынын өз қалтасынан төлеулері керек. Олардың қызметі үшін жалақы төленбейді, шығындары толтырылмайды. Осындай анықтаманы сатып алған НПМ мүшелері бес күн ішінде бірнеше мекемелерді аралап үлгерулері қажет. Әрине, мұндай «зыр жүгіріп» кіріп-шығу кезінде олар өз жұмысын тиісті сапалықпен атқара ала ма, азаптық қинау оқиғаларын тексеріп шыға ала ма? 

Сотталушылардың туысқандарының хабарлауынша «жетпіс бірінші» (155/8) лагеріндегі болуға тиіс тінту шарасы кейінге қалдырылыпты. Әзірше сотталушылар барактан матрастарын арқалап сыртқа шығарылған, күтуде… Бұл шараның қашан және қалай өткендігі жайлы, сотталушылар мен қызметкерлер бетперде мен қолғаптарын киді ме.. хабарлаймыз. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.