31 қазан – митинг күні. Ол Карин және оның компаниясы шығарған бейбіт жиын туралы супер-демократиялық заң бойынша өтпек. Конституция бойынша әрбір адамның туа бітті бейбіт жиынға деген құқығы бар. Бірақ оны қазақ елінің басшылығы өзгертіп тек рұқсатпен ғана берілетін құқыққа айналдырды. Сүйтіп «біздің өз даму жолымыз бар» деп қоғамды «басқарулы демократияға» бастап отыр. 

Жарайды. Митингілердің қажет екені анық. Митинг дегеніміз — жұртшылықтың өзін басқарушыларға деген табиғи жолмен жасайтын наразылығы, сол елдегі азаматтық қоғамның сапалық индикаторы. Осы тұрғыдан алғанда митингілердің қажеттілігі ерекше, оның басқа қажеттіліктерден жоғары тұрғандығын ұмытпағанымыз жөн. «Қораға» қамалғандар үшін яғни «рұқсат сұрағандарға» есіктің ауызын сәл ғана ашып бергені рас болса, қайта-қайта рұқсат сұрай берген жөнсіздік. Керісінше болғаны абзал.  

Осы митингіні шақырған құқық қорғаушыларға оған қатысуға наразылық аймағындағылардың барлығын үгіттегені тіптен жақсы. Енді «кез келген рұқсат берілген» митингіге қатысуға бас тартушылардың позициясына да құрметпен қарайық (себебі олай жасау өз пікірі..), бірақ,..  Осындай позицияны ұстанушылардың өз мақсаты — рұқсат етілмеген митингілер немесе ең болмағанда бірнеше адамның қатысуымен өтетін пикеттерге  (мейлі оның аяғы дәстүрге айналған полицейлік ұстауларға дайын болуы) ұласқаны абзал. Бұлай болмаған жағдайда митингіге шығушылардың позициясында тек «рұқсатпен» жүру ғана болады. Бұл әлсіздіктің айқындығы, белгісі. Диктатуралық биліктің жағдайында жасалған мұндай наразылықтар, егер шынайы оқиғалар, оның «идея» үшін салдары мен нәтижесі болмаса, онда мұндай  митингілер саяси консалтингілік науқанды мадақтайтын биліктің PR- жобасына айналады.  

Қоғамның наразылық секторындағылардың позицияларын жақындату мүмкіндігінен асқан маңызды нәрсе жоқ. 31 қазанда өтетін митинг — дәл осы мүмкіндік, қазірден бастап іске кірісіп болдыратын, ұйымдастыру жұмысында бірге болып митингіні өткізу, бірігіп қатысу мүмкіндігі.  Әлеуметтік желіде, бірін бірі көрмей отырған кезде неше түрлі сөздермен бірін бірі «тебуге», «ұруға» болатын болса, бірлесіп митингі өткізу мен қатысу кезінде бір бағытта болуға мүмкіндік береді. Бірлесіп бір жұмысты атқарудың ең басты ережесі — шынайы өмірде «жиі кездесу» қажет. Қазір сондай тірлік жасауға талап бар. 

Митингінің тақырыбы — саяси қуғындарға қарсы наразылық және саяси тұтқындарды босату. Бұл бүгінгі күннің ең маңызды талабы. Себебі, дәл бүгінгі күндері полицейлік диктатура күн сайын өз пікірін білдірген, сөз және бейбіт митинг бостандығын қолдаған ондаған адамдарды ұстап, қамап, қылмыстық істерді қозғап адамдарға «қорада» өмір сүрудің ережесін көрсету күнделікті қалыпты «нормаға» айналдырып келеді. Елімізді демократияландырудың билік таңдаған «өз жолымыз» деп отырғаны — наразылық білдірушілерді жаппай жою, әрбір адамның санасына «рұқсат сұрау» дегенді, цензураны ендіру, тек осы таңдаумен ғана жүруді мойнына іліп салу.  Біздің мәжіліс пен мәслихат осы айтып отырған таңдаудың, қоғамның кішкентай моделі. Егер наразылық білдірмесек, олар бізді сол бағытқа жетектей бермек.  

31 қазандағы митинг  – жаппай жұртшылықтың митингі. Бүгінгі таңдағы азаматтық белсенділерге қарсы жасалып жатқандарды қорғау, қолдау митингісі. Мынау осы айдағы (бүгінге дейінгі) белсенділерді қуғындау жайлы деректер: 

— 38 саяси қылмыстық істер; 

— 96 әкімдік тұтқындау; 

— 38 әкімдік айып; 

— 59 түрлі жасалған басқаша қуғындаулар; 

— 9 рет адам ұрлау. 

САЯСИ СОТТАР. KZ  19 қазаннан бергі: 

— 19.10.2020 жыл, 10-00 сағат, Нұр-Сұлтан қ. — Урдабекова Феруза, Ақмола облыстық соты,  айып 83 340тг (30 АЕК), 488 бап., 6..

— 19.10.2020 жыл, 10-20 сағат, Нұр-Сұлтан қ. — Урдабекова Феруза, Ақмола облыстық соты, айып 83 340тг (30 АЕК), 488 бап, 6 б..

— 19.10.2020 жыл, 10-40 сағат, Нұр-Сұлтан қ. — Абишева Динара, Ақмола облыстық соты, айып 83 340тг (30 АЕК), 488 бап, 6 б.

— 19.10.2020 жыл, 11-00 сағат, Нұр-Сұлтан қ.- Тамабаева Ғалия, Ақмола облыстық соты, айып  83 340тг (30 АЕК), 488 бап, 6 б.

— 19.10.2020 жыл, 11-20 сағат, Нұр-Сұлтан  қ. — Беспаева Фариза, Ақмола облыстық соты, айып  83 340тг (30 АЕК), 488 бап 6 б.

— 19.10.2020 жыл, 11-40 сағат, Нұр-Сұлтан — Беспаева Фариза, Ақмола облыстық соты, айып 83 340тг (30 АЕК), 488 бап 6 б..

— 19.10.2020 жыл, 12-00 сағат, Нұр-Сұлтан қ.- Шуменова Қанағат, Ақмола облыстық соты, айып 83 340тг (30 АЕК), 488 бап 6 б.

— 19.10.2020 жыл, 12-20 сағат, Нұр-Сұлтан — Садуакасова Сауле, Ақмола облыстық соты, айып 83 340тг (30 АЕК), 488 бап 6 б.

 

— 19.10.2020 жыл, 15.00 сағат, Шымкент қ — Коншбаев Ермек, Ақмола облыстық соты, айып 83 340тг (30 АЕК), 488 бап 6 б.

 

— 19.10.2020 жыл 15-20 сағат, Нұр-Сұлтан қ. — Шукеева Анна, Ақмола облыстық соты, айып 83 340тг (30 АЕК), 488 бап 6 б.

— 21.10.2020 жыл, 15-00 сағат, с.Бірлік, СҚО —  Өнерхан Нұрболдың соты, 405 бап 2 б. ҚР ҚК;

— 21.10.2020 жыл, 15-00 сағат, Нұр-Сұлтан қ. – Сабитов Айбек, апелляциялық инстанцияның соты,  378 бап 2 б. Нұр-Сұлтан қ. Сол жағалау, Сауран к-і, 32. 

 

 БахытжанТорегожина және  Aigul Pavelдің материалдары негізінде.

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.