«…Мен, сотталушы Сучков Михаил Александрович, нөмірім он екі нөл сегіз тоқсан жеті..»… Бұл цифрлардың не мағына екенін түрмеде болғандар түсініп отыр. Сотталушы әрқашан осындай баяндауды (докладты) жаттап айыбының бабын, бөлімін, қапастың басталу және аяқталатын мерзімін сартылдатып айтып беруі тиіс. Петропавлдағы «үштік» лагеріндегі (ЕС 164/3) «режимде» сотталушыларды қорлап бар дауысымен айқайлатып, аспанға қарап тұрып, баяндаудың соңында «қалш тұрып» «түзелу жолына түстім» деп айтқызатын, онсыз баяндау саналмайды, қайтадан айтқызады. 

Бейнетаспадағы жас жігіт — Михаил Сучков Алматы облысындағы Заречноедағы ЛА 155/8 «қатаң режимді» лагерінің сотталушысы. 15 қазан күні мекеменің РОР жөніндегі орынбасары Петр Писарев лагерьдің ішкі тінту іс шаралары кезінде Михаил Сучковқа  қисынсыз тиісіп бақылаушыларға (қонтрактіде тұрған ұлт гвардияшылар) оны таяққа жығуға бұйрық берді. Жас жігітті  шапалақпен бетіне ұрып, бауырын тепкілеп қорлайды…

 Осындай аяусыз қорлау мен тепкілеулерден соң полицей погонын таққан юстиция қызметкерлері мен лагерьдің бастығының оперативтік жұмыс пен режим бойынша орынбасары Петр Писаревтың тарапынан қорқытулар басталды: «… шағым жазатын болсаң «гаремге» саламыз, онда қыз боласың, пид-с деген атақ аласың»… Бастығының ойын-сауығын режимдік бөлімнің жетекшісі Алихан Молдажанов жалғастырып, қорлау мен қорқытуды жалғастырып арыз жазатын болса, гаремге баратынын, онда адамды не күтіп отырғанын сипаттап айта бастады… 

Адам ғұрпындағы осындай хайуандар кеткен соң Михаил аузын тігіп аштық жариялайтыны туралы арыз жазды. Сонымен бірге прокурорға арыз жазып оны тапсыру үшін режимдік бөлімге келді. Бірақ шағым тиісті жеріне жөнелтілмеді, ал қорлау мен ар-намысын таптауды жалғастыра берді.  «… мейлі аузыңды тік… мейлі ішіңді  тіл, өлсеңде саған прокурор болмайды… қазір осы жерде біраз «сілкіп» аламыз (аямай ұрып соғу), оны өз денесіне өзі жарақат салды деп хаттамалаймыз, өлсең көме саламыз, проблема болмайды, сен кімге керексің…» 

Өміріне зор қауіп түсіп тұрғанын түсінген Михаил арыз жазып «өміріме қауіп төнуіне байланысты (қызметкерлерден қауіп төнуіне байланысты)  жеке камераға қамалуға сұранған. Бірақ ескерткен, осының бәрін «өлім алдындағы хатым деп ескертіп барлығын бейнетаспаға жазып қойдым» деген. 

Қазіргі таңда Михаил ДИЗО-ң жалғыздарға арналған камерасында отыр, бірақ түрме басшылығы «мәселенің бетін» жауып, прокурорды шақырмай отыр (олар арнайы рапорт жазып, прокурор жағдайды тексеруі тиіс). Сірә, олар Михаил Сучков өзіне қол салар, сосын «списать» ете салармыз деген үмітте болса керек. Бұл мекемеде мұндай оқиғалардың болуы әбден мүмкін. Егер жақын күндері лагерьге әскер кіргізетін (сондай сыбыстар бар) болса Михаилді «списать» ету тіпті оңай: мұндай «іс-шаралар» кезінде  айтылмайтын «ереже» бойынша адам шығыны «қарастырылған». Ол жайлы бізга СУС-а (қатал режим барагі) отырған кезімде «ломка» кезінде қызметкерлердің өзі ашық айтқан болатын (авт. — Владимир Козлов). 

Құқық қорғаушылар, НПМ, Алматы облысы бойынша арнаулы прокурор! Сотталушы Михаил Сучков сіздерден өзін қорғауды сұрайды. Жап-жас жігіт, оған өлуге ерте. Бейнетаспадан барлық жәйтті біліңіздер. 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.