Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) қостанайлық әкімдігі (161/2 мекемесі)  материал жариялап соттың Елена Семеноваға қойған талап арызы қанағаттандырылды, құқық қорғаушының «сотталғандардың құқықтары бұзылған» деген хабары шындыққа сәйкес келмейтіндігін сот айқындады депті.   

Әрине бұл күлетіндей жаңалық емес, өкінішті  жағдай. «Түрме қожайыны-прокурор-судья» үштігінің жымдасқан жымысқылығының нәтижесінде тағы да әділеттілік пен заң қоғам алдында ашық түрде тапталып аяқ асты болды. 

Қазақтың ГУЛАГ-да өмірінде бір рет болып көрген адам жақсы біледі, ешқандай ақпарат ҚАЖК-ң бұл жабық мекемесінен өз бетінше шыға алмайды. Ал құқық қорғаушылардың қолына азаптық жолмен жеткен сұмдық масқара ақпарлардың шындық ақиқат екені даусыз. 

Темір тордың ішінен «сыртқа лақтырылған» бейнетаспаларға өз сөзімен айтып жеткізгендердің жалған сөйлеуі мүмкін емес. Олар түрме ішіндегі аяусыз азаптау мен қорлықтарды, қысымшылықтарды — ұрып соғу, азаптау, этап азабы, «күтіп алу» азабы, одан соң «күтіп алудан» кейінгі тағы осындай азаптар жайлы өтірік айтып қажеті жоқ. Мұндай азапқа тек шындық үшін ғана шыдауға болады. 

Сыртқа бейне таспаларды «лақтырғандар» (басқалардың қайғылы тәжрибесін көргендер) жақсы біледі — мұндай әрекеті үшін бастары өлімге тігілуі мүмкін, суицидке апаруы мүмкін. Осындай шындықты айтқан сотталушылардың көпшілігі азаптарға шыдамай, айтқан сөздерінен бас тартады. Ал түрме «қожайыны» осындай аргументтерді жинап прокурорға, содан кейін «әріптесі» — судьяға береді. Мына бейнетаспадағы көріністер https://www.facebook.com/ong.pr/videos/3380599492030800– қостанайлық «үштіктің», погонды жендеттердің қаншалықты жалғанды жалпағынан басқанының күлкілі куәсі екенінің  айғағы. Бірақ мұндай күлкілі жағдайды көріп ешбір күлкің келе бермейді. 

ҚР ІІМ-ң ҚАЖК-і еліміздегі ҰҚК-н кейінгі ең жабық мемлекеттік құрылым. Бұл мекеме «мемлекет ішіндегі мекеме». Бұл мекемеде неғұрлым  қолыңды қанға мол батырсаң, істеген ісің мен жүрген жолың неғұрлым лас болса соғұрлым погоныңда жұлдызшалар көбейе береді. ҚАЖК жүйесіне келген лейтенанттар бірден бұл жұмысты тастап кетеді, немесе осы құзғындық жүйенің заңдарын қабылдайды. Бұл жүйеде  кездейсоқ адамдар болмайды. Заңсыздықтарымен «көзге түсіп» қалғандар, бір мекемеден «қызметтен қуылып» басқа бір осындай мекемеден жаңа қызмет табады.  Басқаша жағдайлар өте сирек кездеседі, кейбіреулері тіпті «құқық қорғаушы» болып шыға келеді. Мысалы, Игорь Мирошниченко — қостанайлық түрменің бұрынғы «қожайыны», кейін Алматы облысы бойынша сотталғандарды азаптық қорлаудан қорғайтын Ұлттық механизмнің жетекшісі болып шыға келді. 

Алихан Молдажанов, Алматы облысы бойынша ДУИС-ң бұрынғы «режимнигі», оның айуандық азаптаулары жайлы талай рет жазылған, қазір Заречноедағы қатаң лагерьдің (155/8) режимдік бөлімінің бастығы. «Жүз үшінші» лагерьде (155/8) азаптаулармен аты әйгілі болған бұрынғы опер Санжар, бүгінгі күні сол лагерьдің опербөлімінің бастығы.  155/8 мекемесінің тағы бір бұрынғы бастығы болған (менің кезімде) Мұратжан Какимжанов (авт. — Владимир Козлов) (жүз үшіншіде) неше түрлі айуандықтарымен, жымысқы лас істерімен аты шыққан адам, режим және оперативтік жұмыстар бойынша орынбасарлық қызмет атқарған кезінде менің әйеліме жазған хаттарымды зерттеп (кейін белгілі болды), сөздерімнің арасынан «құпия хатты» іздеген. Вадим Акинфеевтің бауырын ұрып мылжалаған, лас суы бар легенге тұншықтырған адам. Бұл адам СУС-а (қатал режимді барак) қамалған сотталушыны тінту кезінде мерзім қосамын деп қорқытып менің қалтама «симка» салуға зорлаған. Ол бас тартып, кейін осы жағдайды екі аптадан соң маған жеткізді. Екі аптадан соң Акинфеевті басқа лагерьге ауыстырды, менің қалтама «симканы» басқа адам салған…  

Какимжановты  өзі басқарып отырған 155/8 лагерінен сыртқа «тасталған» бейнетаспада көрсетілген — сотталғандардың «бамбасты» (марихуана шегетін қондырғы) топ болып шегіп жатқан көрініс үшін қызметтен шығарған болатын. Енді ол жұмыссыз қалады деп ойлайсыз ба? Жоқ, көрерсіз, жүйенің бір мекемесінен қызмет тауып шыға келері анық. Мұндай адамжегіштер, адамжегіштер жүйесінің таптырмайтын «бір кірпіші» екені анық. 

Ертең 19 қазанда 155/8 мекемесінде «лагерьлік шмон» болады деп күтілуде. Тінту шаралары басқа мекемелердің қызметкерлері мен ұлттық гвардияның қатысуымен өтетін болады. Қалыптасқан әдет бойынша лагерь әкімдігі мұндай шараларды «наразылықшылармен» есеп айырысу, жазалау үшін қолданып шара кезінде жаппай ұрып соғу, азаптау, қорлау, адамдардың ар-намысын таптауға пайдаланады. Жаңа»қожайын» Қанат Ашевке Кәкімжанов «тазалау» тізіміне жататындарды көрсетіп беретініне күмәніміз жоқ… 

Бұл «шараның» қалай өткені жайлы кейінірек, шара өткен соң хабарлаймыз. Алдын ала айтып қояйық, ҚАЖК біздің ақпаратымызды «шындыққа сәйкес емес» деп жоққа шығарарына сенімдіміз. Себебі ҚАЖК жүйесі ешқандай реформалауға, емдеуге болмайтын, ем қонбайтын, орнынан қыршып құртатын жан түршігерлік әзірейіл жүйе. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.