31 қазан – митинг күні. Ұйымдастырушылардың айтуынша, митингке рұқсат алу үшін үш рет хат жазуға тура келіпті. Ұйымдастырушыларға деген, олардың адам құқын қорғаудағы атқарып жүрген еңбегіне деген құрметіміз ерекше…, айналайындар-ау, билік сендерге қалайша бір рет ескертуден соң рұқсат беруі тиіс? 

 Осы болған жәйтті тұжырымдап айтудың өзі қиын болып отыр. Митинг жайлы ескертіп хат жазуға «рұқсат ету» деген сөзді қолданудың өзі абсурд, қорлау. АБСУРД деген сөзді, қорлау деген сөзді қайта-қайта айтуға тура келеді. Рұқсат сұрап жиынға қатысуды билік «қалыпты нормаға» айналдырмас үшін, оны санамызға тұрақты етіп сіңдірмес үшін осы  сөзді (абсурд деген) жиі қолдануға мәжбүр болып отырмыз. Өкінішке орай, бұл жағдай қалыпты «нормаға» айналып барады. Полицейлер күн сайын «митингілердің алдын алып» адамдарды ұстап, басқаша пікір айтқаны үшін қылмыстық істер қозғап соттатып жатыр. Еліміздің заңдары  адам құқығын таптайтын жек көрінішті баптармен көбейіп жатыр. Билік сол былғанышты баптарды дастарханға жайып «жақсы заң» деп ұсынып отыр.  

Атап айтар болсақ, бейбіт жиындар жайлы заңдар ерекше қайшылықтарға толы. Конституция бойынша әрбір азамат туа бітті бейбіт жиындарға құқығы бар, енді осы құқықтың   «рұқсат етілген» деген сөзін тоқаев-кариндер «ескерту» жасауға тиіссің деп өзгертіп отыр. Енді бұрынғыдан да жаман болды, биліктен жалынып, қорлауға түсіп рұқсат сұрап алатын болды. 

 Осындай «сапамен» шығарылып жатқан заңдарға қазақстандық құқық қорғаушылар баяғыда дайын болуы тиіс еді, олардың атқарып жүрген қызметі биліктің «заңына» сәйкес келмейтіндігін олар баяғыда түсінуі қажет еді. Көрініп тұр емес пе, бұл заңдар Ата заң — Конституцияға, ҚР үкіметі ратификациялаған адам құқы жөніндегі басты принциптерге сәйкес емес, қайшы болып тұр ғой! Енді осындай абсурдты, мағынасыздыққа толған заң баптарын мойындайсыздар ма, өз көзқарастарың мен саналарың осы абсурдты қабылдап отыр ма? 

Әрине, бұл қисынды өз қалауларыңыз бойынша қабылдау сіздердің құқығыңыз, оған дауымыз жоқ. Бірақ осындай абсурдты түп санаңызға қабылдаған сіздер, өз түсінігімізді қорғаймыз, әртүрлі аргументтермен қорғайтын боламыз деп айта аласыз. Иа, біздің түпсанамыз осы бағытта жұмыс атқарады. Маған тағылған үкімді (авт. Владимир Козлов) жазған адам өзін осы саланың маманымын деп санайтын сарапшының пікірі бойынша жасалған болатын. Мұндай мысалдарды бүгінгі қоғамымызда ондап, жүздеп кездестіруге болады. 

31 қазанда өтетін митингіге оралатын болсақ — оған дайындықтың өзі жақындасудың бір белгісі болып отыр. Митингіні ұйымдастырушылардың — құқық қорғаушылар екендігінің өзі, оған басқалардың да қатысуына жол ашып отыр. Қазірдің өзінде кейбір келеңсіздіктердің өзі, әу бастан дәстүрлі болып келе жатқан «дастархан басында кездесу», фейсбукте сәлемдесіп пікір алмасу соны байқатады. 

Қазақстан үшін жақсы үлгілер (бірлесу үлгісі) Белоруссиядан жетіп жатыр, күштік органдар қиратқан, наразы топқа көмек көрсеткені үшін қиратылған кафеге, гүл дүкеніне (шеруге қатысқандарға тегін гүл таратқаны үшін) — келесі күні адамдар ұзыннан ұзақ кезекке тұрып сол жерден жүздеген адамдар гүл сатып алуда…. 

Ал енді осындай адам құқығын қорлайтын абсурдпен келіспейтіндердің, сол үшін қуғынға түсіп жатқандардың кезекті тізімін жариялаймыз, оларға біздің көмегіміз қажет: 

— 16 қазан – Петропавл — азаматтық белсенді #Онерхан Нұрболдың үстінен басталған сот жалғасуда;

— 14 қазан – Қарағанды – арнаулы қызмет орнының қызметкерлері сылтау тауып #Машрапова Индираның үйіне шақырусыз келіп, өздерін «Қазақтелекомның» қызметкерлеріміз деп пәтеріне кірмек болған; 

— 14 қазан – Семей – азаматтық белсенді  #Егинбаева Кербезді сот орындаушылары айып төлемедің (базада ешқандай айып болмағанына қарамастан) деп қуғындап қорқытпақшы болған; 

— 13 қазан – Шымкент – азаматтық белсенді, зейнеткер Ермек #Коншбаевты өлтірілген белсенді Дулат Ағәділдің үйін соғуға қатысқаны үшін ұстаған; 

— 13 қазан – Астана – арнаулы қызметтің қызметкерлері азаматтық белсенді  #Сыздыков Айдарға әлеуметтік желідегі фейк аккаунттарды, белгісіз біреулердің телефондарын пайдаланып қысым жасауда;

— 13 қазан – ШҚО – апелляциялық сот осы облыстың Қ. Қайсенов селосының тұрғыны азаматтық белсенді Нұрқанов Русланға шығарылған бірінші инстанциялық соттың шешімін (405 бап, ҚДТ қатысқаны үшін) өзгеріссіз қалдырды; 

— 13 қазан  — Ақтау — төрт азаматтық белсенділер: #Джанзакова Шолпан, #Турдиева Ұлболсын және волонтер #ИсмаковаАйжанды  488 баппен соттады («Бейбіт жиынға қатысқаны үшін);

— 12 қазан – Сарыағаш- сот азаматтық белсенді Каншай Шермаханбетованы ҚР ҚК-ң 380 бабы бойынша («билік өкіліне күш қолданғаны үшін») бір жылға еркінен айырған; 

— 12 қазан –Астана – сот азаматтық белсенді, құқық қорғаушы  #Шукеева Аннаны 378 баптың 2 б. бойынша биліктің өкіліне тіл тигізгені үшін айып салған;

— 12 қазан – азаматтық белсенді  Дидар Каировтың әкесі

 Шахатов Талғатты арнаулы қызметтің қысым жасауы арқылы жұмыстан шығарып жіберген; 

Қазақстандағы азаматтық белсенділерді қорғау мен қолдаудың ең тиімді нәтиже беретін механизмі — адамдарға қарсы жасалып жатқан заңға қайшы оқиғалар жайлы барынша жариялылық жасау, ақпарат тарқату болып табылады. Репост жасау арқылы қатысқаныңызды көрсете аласыз.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.