ЛА 155/14 (Алматы облысы, Заречное селосы, жүз үшінші лагерь) лагерінің бастығының өзара «төбелескен педофилдер» жайлы өтірігі біз күткендей жоққа шығарылды. Бізге сол кезде болған жаппай төбелес жайлы, лагерь «қожайыны» Руслан Ғабибовтың бұл төбелесті ұятты түрде сипаттағанын нақтылайтын ақпарат алдық. Біздің дерекшілеріміздің айтуынша, жаппай төбелесті қолдан ұйымдастырған екен, мақсаты — лагерьге әскер кіргізу, соны желеу етіп тұтқындарды ұстаудың режимін бұрынғыдан да қатайту, әсіресе саясилар үшін. Төбелес 6 қазан күні түнде болған, 7 қазан күні лагерьге әскер кіргізілген, «жаппай тінту шараларын жүргізу» үшін.

Аталған «тінту шаралары» кезінде сотталушылардан неше түрлі «тиым салынған» заттар «табылған». Бірақ бұл заттардың барлығы одан бұрын рұқсатты түрде тексеру мен бақылаудан өтіп заңды жолмен сырттан алынған заттар болатын. Мұндай «іс-шаралар» кезінде лагерьдегі сотталғандардың барлығын адамды қорлайтын «құрбақа позасына» (тізерлетеді, қолын желкесіне ұстатады, басын екі тізесіне сұғады, басыңды көтерсең, қозғалсаң, шоқпар немесе етіктің тұмсығы тиеді) отырғызып тінту жасайды.  Бұл позада тұрудың мерзімі бірнеше сағатқа созылуы мүмкін, нағыз азап кешеді адамдар (бұл жолы екі сағатқа созылыпты). Сенбейтіндер үйде диванның қасында тәжрибе жасап көріңіздер. 2015 жылы осындай шаралар кезінде қартамыс сотталушы шыдамай құлап түсіп, өлген еді. Жүрегі шыдамапты. 

Бұл шара біткен соң барлық сотталушыларды жеке заттары, матрасын арқалатып құйрығынан теуіп стадионға айдайды, ол жерде иттермен қоршалған солдаттардың ортасына түседі. Ол жерде адамдарды ортада тұрған үстелге айдап қолындағы заттарын үстелге төктіреді. Солдаттар «тиісті емес» деп өздерінше санайтын заттарды басқа үстелге лақтыра бастайды. Ол заттарды егесі одан кейін көрмейді, алынған зат үшін хаттама немесе акт жасалмайды. Бұл жөнінде саяси тұтқын Алмат Жұмағұлов және 77 сотталушы (суретті қараңыз) қол қойып арыз жазған. Болған осы жағдай ҚР Ішкі істер министрлігінің өзі шығарған ведомстволық бұйрығын өзгерткенін, «тиым салынған» заттардың толық тізімін жасаудың орнына, дәл сондай «рұқсат етілген» тізім жасап «тиым салынбағанның барлығына рұқсат етілген» деген формуланы керісінше етіп («рұқсат етілмегеннің барлығына тиым салынған» деп өзгерткені  көрініп тұр. Бұл ереженің бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс атқарып жатқанын көріп отырмыз. Себебі ҚАЖК (КУИС) лагерьлері еліміздегі өмірдің кішкентай моделі емес пе.. 

«Жүз үшінші лагерьдің» тағы бір саяси тұтқыны Кенжебек Әбішевке («жихадшылар ісі») екінші рет мерзімінен бұрын босануға, жақсы тәртібі, марапаттары болғанына қарамастан заңға қайшы бас тартылған. Оның себебі мынада — саяси тұтқындар «денесіне қара таңба» басылғандар саналады. Олардың жеке ісінде ҰҚК дайындаған құпия, заңсыз құжаттар тігілген. Бұл құжаттар олардың жеке ісіндегі реестрге тіркелмеген, оларға қатысты барлық істерді түрме әкімдігі  ҰҚК -і кураторларымен келісіп қана жасайды. Бұл заңға өрескел қайшы нәрсе.  ҰҚК-ң бұл ережелеріне барлығы бағынады — ҚАЖК, арнаулы прокурор, судьялар. Турасын айтқанда, қазақстандық ҰҚК елдегі биліктің барлық бұтақтарының үстінен бақылап отырады. Сол себептен де соттың Әбішевті мерзімінен бұрын босатуға болмайды деген шешімінің заңға қайшы, топас шешім екені айдан анық. 

Бізге жеткен деректер бойынша «жүз үшінші» лагерьдің әкімдігі келесі саяси тұтқынды — Әсет Әбішевті тағы да жарты жылға СУС барагында (қатал режимді баракта) ұстаңдар деген жоғарыдан тапсырма алған көрінеді. Өз басымнан кешкен (авт. Владимир Козлов) тәжірибемнен жақсы білемін, осылай болса керек. Маған осындай жағдайда сөмкеме мобильді телефонның сим-картасын лақтырып жіберген еді, сүйтіп СУС-а жату мерзімім ұзартылған болатын. 

Әсетке жақын күндері осындай арандату жасалып қалуы ғажап емес. ҚАЖК (КУИС)  мұндай жымысқы арандатулардың талайын жасаған. Мұндағыларды осындай топастық жымысқылары үшін ешкім жазаламайды. Бәрі өздері емес пе.  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.