Соңғы бірнеше күндер бойы  бірінен соң бірі ілескен бірнеше синхронды оқиғалар болды, олардың бір біріне ұқсастығы сонша, үңіліп қарасаң бекерден бекер болған  деп айта алмайсың. 

Бір уақытта, бір мезгілде Беларусь, Хабаровск, Қазақстан, Қырғызстан елдерінің үкіметтері өз жерінде болып жатқан наразылықтарды жаншуға бағытталған, бірлесіп жинаған тәжрибелері бойынша қимыл-әрекеттер жасады. 

Беларусь елінде Лукшенко тіпті «оппозициямен» кездесуге дейін барды. Оппозиция жетекшілері тергеу изоляторларында отырғандықтан   кездесу сол жерде өтті. Әрине бұл кездесу мекенінде әдемі «дөңгелек үстелдер» болмағандықтан ондай үстелдерді сырттан әкеліп, кездесу біткен соң алып кеткені анық.

Кездесудің нәтижесіне қарайтын болсақ, Лукашенконың өзінің досы Назарбаевтың тәжрибесін қолданған сияқты. Изоляторда отырған кейбір жетекшілер отыру мекенін үйқамаққа ауыстырып, қалғандары бұрынғы орындарында қалдырылған.   Өткен ғасырдың отызыншы жылдардың тәжрибесін (бұл Назарбаев ойлап тапқан әдіс емес екенін біліп қойыңыздар) пайдаланып, «конструктивті» деп аталатындар үйлеріне қайтарылып, «экстремистері» түрмеде қалдырылыпты. Ол кезде де әуелі жауларын «зиянкестер» деп атап, сосын халықты қанға бөктірген большевиктер жаңағы «зиянкестерді» «халық жаулары» деп атайтын болды. Алдыңғы «қатарлы» деп аталатын жұмысшылар табы мен колхозшылар «зиянкестерді» қаралап, «халық жауы» ретінде көздерін  жойып өлтіруді талап етті. Сүйтіп, халықтың өз қолымен миллиондаған «жауларды» қырып тастады. Үйқамаққа қамалған беларусьтық оппозиционерлер үйлерінде жараларын емдеп жатқан уақытта, көшедегі бейбіт наразылықшыларды Лукашенко аяусыз қуғынға салды; 500 адам қамалып, жүздеген адамдар ОМОН-ң таяғына жығылған. Алғашқы күндергі наразылықтың сипаты қайта оралды. 

Хабаровскіде ОМОН диктаторлық режимнің  аяусыз қанішерлік  қатыгездігін ғана емес, сұрқиялық топастығын да көрсетті. Биліктің астауынан жеген ботқасына семіріп тойған оның жендеттері ашықтан ашық, аяусыздық пен қаталдықтың үлгісін көрсетті. Сүйтіп билік өзінің наразы халықпен күресіндегі әдісі мен стратегиясының өзгерткенін, оның бекерден бекер өзгермегенін, яғни бұл бағыты наразылықшыларды толығымен жою мақсаты екенін танытты. 

Қырғызстандағы «кезекті революцияға»  келетін болсақ, әуелгі шақтағы аз ғана абыржу мен әбігершіліктің уақытша екендігі, биліктің саясатында ештеңенің өзгермегені анықталды. Наразы халықтың көмегімен түрмеден босатылғандарды қайтадан түрмеге қамады, төтенше жағдай режимі енгізілді. Түрмеден босатылған «сайланған» премьерді сайланбаған деп тапты. Бас прокуратура босатылған, бірақ түрмеге қайтарылмағандарға «жақсылықпен өз орындарыңа қайтыңдар» деп үндеу тастады, құлатылған президент қай жерде тұрып жатқаны белгісіз, бұйрық беріп, мен ешқайда кетпеймін, кететін ойым жоқ деп жатыр. 

Қазақстанда оппозиция шақырған, күні белгіленген митинг алдында полиция бұрынғы қалыптасқан әдетімен үй-үйді аралап, ұстап қатысу ниеті барларды алаңға жеткізбей қамау жүргізді. Бұл болып жатқан оқиғаларға қазақстандық қоғамның өкілдері құлақтарын тарс жауып, митингіге шығушыларды қаралап, айыптауға, оларды қатаң жазалауға шақыруға дайындалып жатқан сияқты… 

Мұндай жағдайдың бастауы — қорқақтық. Ал қорқақтықтың бастауы — бейтараптықтан, бейжайлықтан басталады. Бейжайлықтың келесі сатысы — үкіметке, билікке қарсыларды жаппай жек көрушілік, оларды қаралау мен қатаң жазалауды талап етуге шақыруға ұласады..  Міне, «конструктивті оппозиция» дегеніміз осылай туады, сүйтіп «Ақжол», КНПК сияқты партияға айналып, «парламенттік оппозиция» болып шыға келеді. Алған бағыты, яғни векторы түсінікті. 

Төменде өз құқықтарын білетін, сол құқықтарынан айрылғысы келмейтіндердің толық емес тізімі: 

— 12 қазан  — Петропавлда – саяси желеумен қылмыстық іс қозғалған Бірлік ауылының азаматтық белсендісі Нұрбол Өнерханның соты басталды; 

— 12 қазан – Астана —   полицейлерді «көгілдір» деп атағаны үшін Шукеева Аннаның үстінен қозғалған қылмыстық ісі басталды; 

— 12 қазан — Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы — Шермахамбетова Каншайдың соты, билікке қарсы күш қолданғаны үшін ҚР ҚК 380 бабы, 1 б. бойынша; 

— 11 қазан – Ақтау — #Джанзакова Шолпан, #Турдиева Ұлболсын,#Исмакова Айжан-«405» қозғалысының құқық қорғаушысы — 2020 жылдың 10 қазанында полиция қызметкерлері «Ынтымақ» алаңында дөрекі жолмен ұстаған; 

— 11 қазан – Астана — #Астана#Сембай Асқар — 09.10.2020 жылы әкімгершілік жауапкершілікке тартылған, ҚР КоАП 488 бабы, 7 б. бойынша  Facebookта 30.09.2020 жарияланған 1 қазан күнгі Қытай елшілігі жанында өтетін «рұқсатсыз» митингіге  шақырған материалды көшіріп жариялағаны үшін. Сембай Асқарға 15 тәуліктік әкімдік қамау тағайындалған;  

 11 қазан – Астана — #СабитовАйбекті — сағат 13:00 шамасында үйінің жанынан полиция қызметкерлері заңсыз ұстаған, сағат 19-а босатқан.  Кезекші прокурор мен адвокатты шақыру талабын тыңдамаған, ұстау себебін айтпаған. Белсендінің айтуынша, оны ұстау себебі — «Бәсе» арнасы жариялаған митингіге байланысты. 

— 11 қазан – Астана — #Мусаева Роза  «Veritas» қозғалысының құқық қорғаушысы — 11.10.2020 жылы сағат 14-15 шамасында үйінің қасынан екі полиция қызметкері заңсыз ұстаған. Байқоңыр полиция басқармасына жеткізілген, ол жерде сағат 17-20 дейін ұстаған; 

-11 қазан – Астана — #Мусабаев Марат — жұмысқа бара жатқан жолында полиция қызметкерлері ұрлап ұстаған, қай жерде отырғаны белгісіз; 

— 11 қазан – Шымкент  #Нуранова Мөлдір — үйінің қасында сырттай бақылау жасалған,  сұрғылт түсті  Mitsubishi Motors маркалы автокөлікпен, мемнөмірі  858KZA 17 аймақ;

-11 қазан – Павлодар — #Елимбаева Алма —  сұрғылт түсті NIVA маркалы, мемнөмірі  558 MOA автокөлікпен сырттай бақылау жасаған;

— 11  қазан – Екібастұз — #Жамалиев Жанат,   «BostandyQ» қозғалысының құқық қорғаушысы, ақ түсті S 363 WYM нөмірлі автокөлікпен бақылауға алған;

— 10 қазан – Тараз —  Ельдос #Кырыкбаев#имам   #Тараз қаласының имамының хабарлауынша полиция қызметкерлері оны ұстап құқық қорғаугшы Бағдат #Бактыбаевқа қарсы жалған көрсетулерді бейнекамераға айтып беруге зорлаған.  Атап айтқанда #Жанабаев Руслан қылмыстық іс қозғаймын деп қорқытып Бағдан анаша шегеді, наркоман деп бейне камераға айт деп қысымға алған;

— 08 қазан – Қызылорда — азаматтық белсенді #Ерубаева Индираның ауласында газ баллонға өрт салған; 

— 08 қазан  — Ақтау —  сағат 16:30 шамасында азаматтық белсенді (Ақтау қ.)  #Актау#Джанзаков Сүндетқализаңсыз ұсталған.

Данияр Хасенов, Людмила Козловская, Дана Жанай, Бахытжан Төреғожина жіберген ақпарлар негізінде дайындалған

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.