Осыдан бірнеше күн бұрын БАҚ беттерінде тиісті бағасы берілмеген бір оқиға орын алды. Бұл ақпаратта Алматы облысының Заречное селосындағы ЛА 155 /14 «жүз үшінші» мекемесінде бірнеше сотталушылардың өзара төбелесі айтылған еді. Бұл мекемелерде болатын мұндай жағдайға таңғалатын ештеңе жоқ, қалыптасқан оқиғалардың бірі. 

Лагерь мен түрмелерде төбелестер әрқашан болып тұрады. Жан-жағы темір тормен қоршалған, шыға алмайтын жағдайда ондаған криминальды іспен сотталған адамдар күні-түні отырады. Осының өзі олардың тұрған жерінің (лагерь барагының) қауіпті аймақ екенін көрсетеді. Осы орайда ғарышкерлер үшін айтылатын «адамдардың бір бірімен мінездерінің сәйкестігі» деген бағдарламаға бейімдейтінін айтсақ та жеткілікті. Менің «Түрме жазбалары» деп аталатын күнделік жазбаларымда (авт. — Владимир Козлов) 42 «қасақана режимдік тәртіпті бұзушылардың»  50 шаршы метрлі, табуреттері ғана бар, бетон еденді камерада 16 сағат бойы отыратындардың арасындағы күн сайын болатын қақтығыстар сипатталған. Оларға кітап оқуға болмайды (тек жеке уақытыңда ғана рұқсат, ал ол кезде басқа тірліктерің басыңнан асып жатады), телевизор көре алмайсың (ол да тек «жеке уақытта»), шәй іше алмайсың, қалғуға да болмайды, тек қана табуретте үнсіз отыруға рұқсат… Камерадан жарты сағатқа шығып тамақ ішуге және ұйқы бөлмесіне ұйықтауға ғана рұқсат беріледі. 

Әрине, мұндай жағдайда әрбір майда келеңсіздік (байқамай жуынып жатқан кезде  соқтығысып қалу, басқа кезде еш мән берілмейтін сөздерді есту, өзі мазасыз, өзі кірпияздығы кернеген адамның «шарт» ете қалуына әкелуі мүмкін. 

«Жүз үшінші» лагерьде болған төбелес жаппай сипат алған, оннан астам сотталғандар ауруханаға түскен. Бірақ, мәселенің маңыздылығы онда емес. Мәселе — «жүз үшінші» лагерьдің бастығы Руслан Ғабибовтың осы төбелес жайлы айтқан сөздерінде. Ол журналистерге айтқан сөзінде «әккіс мінезді адам өлтірушілер мен педофилдер өзара төбелесті» деп сипаттады. Нәтижесінде осындай тақырыптағы хабарлар басылымдардың бетінде айшықты әріптермен жарық көрді. 

«Ерекше қылмыс жасағандардың» лагерьде «үндері шықпайды», мысалы педофил тек өзі сияқты педофилмен («гаремде» бірге тұратын) ғана төбелесуі мүмкін. Немесе «қарабас» деп аталатын, күнделікті еден жуатын бұрышта шелек пен лас шүберектің қасында ғана төбелесулері мүмкін. Немесе түрме әкімдігіне қызмет жасаушылармен, әкімдіктің «ешкілерімен» (әкімдіктер сондайларды өздеріне қызметке алады) қақтығыстар болуы мүмкін. Мұндай «ешкілермен» ешкім қол беріп амандаспайды, олармен ешкім төбелеспейді, оларды тек  жазалайды… 

Мекеменің бастығы — «қожайынның» сеніміне кіру үшін,  мансаптық лас жолдардың барлығынан өту қажет. «Қожайын» — екі қолын иығына дейін, екі аяғын белуарына дейін қан мен былғанышқа батырған адам. Лагерьдің бастығы ҚАЖК (КУИС) тәрбиелеген мінезін көрсетті: яғни компетенциясы өте төмен, сотталғандарға тек мал сияқты дәстүрлі көзқарасты бойына сіңірген адам екендігін. Лагерь бастығы журналистерге берген сұқбатында адамдардың сотталған бабын айтып айыптау этикасын қасақана бұзды, сотталғандардың барлығын «қанішерлер, педофилдер» деп көпе-көрнеу айыптап отыр. Әрине, ол  ештеңені түсінбейтін сауатсыз БАҚ осы сөздерді жұлып алып айқайлатып жариялайтынын жақсы білетін адам.  Ол осы сөздері арқылы ҚАЖТ (КУИС) саясатын жалғастырып, өз атын де ҚАЖТ атын да масқаралап, осы сөздерімен сотталғандардың барлығын адамдардан оқшаулап жұртқа албасты етіп көрсетпекші. Дәл солай болып отыр… Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті туралы ешкім осы уақытқа дейін тәуір сөз айтқан емес еді. Сол ақиқат тағы да  дәлелін тапты..

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.