Жақында «шарбақтың» ар жағыынан бір хабар түсті, онда ҚР ІІМ-ң Қылмыстық атқару жүйесінің комитетінің (ҚАЖК) сотталғандарды қорқытудың жаңа науқанын бастағаны жайлы айтылған. Бұл науқан түрме әкімдігінің шексіз айуандық әдістеріне наразылар мен қарсыларға, мал сияқты көнгісі келмейтіндерге қарсы бағытталған көрінеді. 

Түрме әкімдігі әрбір сотталушыға жазбаша түрде хат ұсынып, оған қол қойдырып, егер сен өз денеңе жарақат жасайтын болсаң, онда саған қатаң жаза қолданылатын болады деп «түсіндіру» жұмыстарын бастаған. 

Қылмыстық атқару жүйесінің комитетінің (ҚАЖК) лагерьлері мен түрмелерінде сотталғандардың өз денелеріне мынадай жарақат салу дәстүрі кең тараған: қолындағы қан тамырын кесу, кеңірдегін, ішін алмаспен тілу, дене мүшелерін шегемен еденге шегелеу, ішін арматура темірмен жару, ине, шеге, өткір нәрсе жұту, аузын жіппен тігу және басқалар. Олардың мұндай жанкештілікке бару себебі — сотталушы осындай әдіспен әкімдіктің өзін қорлауы мен азаптауын тоқтатқысы келгені немесе әкімдіктің өзіне жасап жатқан айуандық әрекеттеріне жұртшылықтың назарын аудармақ әрекеті. 

Сотталушылардың мұндай әрекеттерін ҚАЖК былай түсіндіреді: сотталушылар осындай әрекеттерімен өздеріне жеңілдік алғысы келеді дейді. Бірақ түрме әкімдігі тарапынан жеңілдік алушылар — әкімдікке «қызмет» ететін сексоттары, «малайлар», «құлдар», «белсенділер», «ешкілер» ғана. «Жүз үшінші» (Заречный) лагерьде жас сотталушының асханада кеңірдегін алмаспен тілгенін көзіммен көрген (автор — Владимир Козлов) адаммын. Ол осы әрекетімен қасындағы жолдасын аяусыз тепкілеп жатқан бақылаушылар — ұлт гвардияшыларынан құтқармақ болып жасағаны еді. Түрменің байырғы «ходактарының» не себептен «ломка» болардың алдында денесіне алмастың кішкентай сынығын сақтап жүретінін талай рет көрдім. Олай жасайтын себебі мынада: лагерьдегі жаппай ұрып-соғу, азаптау кезінде  оларға лагерьдің «мамкасын» алып «денесін» тигізуге зорлайды, тигізсе «гаремге» жібереді. Осыны болдырмау үшін сотталушылар денесінен қан шығаруға барады. Себебі, қан шыққан соң ол істі жасыру мүмкін емес, ауруханаға апару қажет, арнайы рапорт жазылады т. б.  Сүйтіп кішкентай да болса, өзінің қиын жағдайда екенін жұртқа жеткізуге мүмкіндік алады. 

Ал ҚАЖК болса, шарбақтың ішінде болып жатқан «істердің» жарыққа шықпағанын қалайды. Міне, осы себептен де ҚАЖК әр сотталушының  қолына хат беріп, оған «жауапкершілікті» мойнына тағып, қол қойғызып алып жатқаны сондықтан. 

ҚАЖК өз қатарындағы погон таққан қылмыскерлермен, олардың айуандық зорлау, азаптау әрекеттерімен күрескісі жоқ. Ол керісінше, погонды қылмыскерлердің қылмысымен, осы айуандық жүйеге қарсылармен, оған наразылармен, атап айтар болсақ — СИ-18 «жучоктармен» алысып жатқан Санавар Закирова, Заречный лагері ЛА 155/14 өз құқын талап етіп жатқан Әсет Әбішев сияқтылармен күресіп жатыр. «Бүкірді тек мола ғана жөндейді» деген рас болар, ҚАЖК-ы (КУИС)  сондай…

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.