Қазақстандық диктатура бүгінгі күні полицейлердің күшімен наразылықшылардың алдын алып, азаматтық белсенділерді күн сайын ұстап, қамап, басқаша «ойлайтындарды» соттап, таяқтап жатыр. Осы әдіспен диктаторлық билік енді бұдан былай «рұқсатсыз» наразылық жасаушылармен тек осылай ғана күресеміз деп,   қазақстандық қоғамды осындай «қалыпты өмірге» үйретпек көрінеді.  

Осы орайда Алматының қақ ортасында, Абай мен Байзақовтың қиылысында үш көп қабатты үйлерді тып-типыл етіп бұзып ол жерге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің ғимаратын салады деген сөз бар. Себебі бұл комитеттің штаты шектен тыс өсіп адамдары симай жатса керек. КСРО кезіндегі жандармдық комитеттің адамдары өз ғимаратына сиып келген еді, енді азаттық алған қазақ еліндегі ҰҚК-е орын жетпей жатыр, бұл да бүгінгі күннің «қалыпты» нормасы болса керек.  Айтпақшы, Алматының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орналасқан жері қаланың ортасында тұтас бір кварталды (Желтоқсан-Қарасай батыр-Наурызбай батыр мен Бөгенбай батыр)  алып жатыр. Осы жерде 1934 жылдан бері жұмыс істеп жатқан бұрынғы Қазақ КСР-ң НКВД-ң «ішкі түрмесі» бар. Бұл түрмеде «халық жаулары» деген атаумен қазақтың қаймақты зиялыларын  — ату, асу, айдау, тергеу, азаптау, крематорий сияқты тозақтар күтіп көздерін жою іске асырылды. Бұл ғимарат Алматы ұлттық қауіпсіздің комитетінің ішкі ауласында әлі күнге дейін орналасқан. 

Үйлері бұзылуға кететін тұрғындар наразылық білдіруде. Олардың көпшілігі өмір бойы осы жерде тұрған, енді оларға ақшалай компенсация жасаймыз дейді, бірақ ұсынып отырған ақшасы қала шетінен пәтер сатып алуға жетпейді. Халыққа қарсы өмір бойы күш көрсетіп, қолы қанға батып келе жатқан диктатураның қызметкерлері баяғы әдетіне басып отыр. Тұрғындармен алдын ала кездесіп сөйлесіп, тәуір ұсыныс жасаған болса тұрғындар өздері-ақ көшуге асыққан болар ма еді, бірақ  өмір бойы халықтың миллиардтаған ақшасын бақылаусыз жеп келе жатқан, ақылдың орнына тек күш қолдануды ғана білетін арамтамақ монстрда ондай ақыл қайдан болсын… 

Бүкіл адамзат қауымы демократиялық заңдық формуламен — «тиым салынбағаннан басқаның бәріне — рұқсат» деп өмір сүріп жатқан кезде, қазақстандық диктатура оны өзінше (керісінше) «жаңғыртып» жатыр. Бұл формуланы диктаторлық билік — «рұқсат етілмегеннің барлығына тиым» деп өзгертті. 

Бұл формуланың «құлағы» азаматтық қоғамның сапасын анықтайтын қазақстандық заңдардың барлығында көрініп тұр. Мысалы, Кариннің митингілер жайлы заңына қараңызшы — барлық бейбіт жиындардың «тізімін» ішіне қосыпты. Енді осы демократиялық деп аталатын заңға кірмеген бейбіт наразылықтардың барлығы заңсыз деп саналатын болады. Мысалы, арт-флешмобтар, «фуагро жейтін пикниктер» сияқты наразылықтарды ресми түрде жасауға тиым салыныпты. Осы тиым туралы құқық қорғаушы Бахытжан Төреғожинаға хабарланған.   

Осындай қой терісін жамылған «демократиялық реформаны» ҚР ІІМ-ң Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті 2014 жылы енгізген болатын. Осы ведомствоның шығарған түрмеде отырғандардың өмір сүру шарттары мен тәртібін анықтайтын бұйрықтың жаңа вариантында жаңа тізім енгізілді, сақтауға және пайдалануға бұрын тиым салынып келген заттардың орнына енді осындай, бірақ рұқсат етілген заттардың тізімі енгізілді. Енді осы тізімде көрсетілмеген кез келген зат, түрме әкімдігінің қалауынша айыптау жазасына себеп болатын болды.  Тізімде көрсетілмеген заттың сақталуы — ең өрескел заң бұзушылық деп табылатын болды.  Ол үшін бірден ДИЗО-а (айып изляторы) түсесің, сосын СУС-а (ең қатал түрме барагі) түсетін боласың. Мен осындайды басынан кешкен (авт. Владимир Козлов) бір адамды көрдім, бір қамалған адамнан иттің терісінен жасалған емдік белбеу «табылып» жазаға тартылды. Бұл белбеуді оған туыстары жіберген,  бір апта бұрын түрме қақпасының бақылауынан аман-есен өткен еді. Енді міне өрескел заң бұзушыға айналды.. Міне, біздің заңдар осылай жұмыс атқарады, сол үшін олар қуғынға түсуде.

Төменде осындай жағдайлармен келіспеген, сол үшін қуғынға түскендердің тізімі: 

— 3 қазан – Шу, Түркістан облысы — азаматтық белсенді #Бактыбаев Бағдат қамауға алынған; оған саяси қылмыстық іс жапсырылып отыр 405 бап, 2 б. («Көше Партиясы» оппозициялық қозғалысын қолдағаны үшін);

— 3 қазан – Баянаул — «Bostandyq» құқық қорғау инициативасының құқық қорғаушысы  #Хасенов Дарын саяси қуғынға түсті; 405 бап бойынша қылмыстық іс;

— 3 қазан – Ақтау — #Исмакова Айжан; 73 бап (жала жабу) бойынша қылмыстық іс; 

— 2 қазан  — Ақтау — азаматтық белсенділер  #Исмакова Айжан, #Турдиева Ұлболсын және #ДжанзаковаШолпан қуғынға түсті; полиция қызметкерлері еш себепсіз ұстаған; 

— 2 қазан Алматы – азаматтық белсенді #Джаукерова Гульзипа полицияға тергеуге кеткелі бері туыстарының соққан телефонына жауап бермей отыр; 

— 2 қазан – Қарағанды –азаматтық белсенді  #Машрапова Индираның соңына штаттық киім киген белгісіз екі адам қасақана ашық түсіп аңду жасаған; 

— 2 қазан – Астана –  «Veritas»қозғалысының құқық қорғаушысы, #Жакупова Алияны  дөрекілікпен ұстаған;

— 2 қазан – Астана — азаматтық белсенді  #Мырзалиева Айнұрды ұстаған, сірә ұстау кезінде қасында кәмелетке толмаған баласы болса керек;

— 30 қыркүйек — село #Темирлан Ордабасы ауданы, Түркістан облысы – Ордабасы аудандық полициясының қызметкерлері азаматтық белсенді  #Султанбек Кайратты 2020 жылдың 23-24 қыркүйек күндері полиция бөлімшесінде болған кезінде ұрған және қинағаны жайлы белгілі болды;

— 25 қыркүйек –Алматы — «рұқсат етілмеген» бейбіт пикет жасағаны үшін бірнеше азаматтық белсенділерді полиция ұстаған; 

— 24 қыркүйек – Астана – азаматтық белсенді Ержан #Инсенов ұсталды;

Данияр  Хасенов, Бахытжан Төреғожина, Dana Zhanay, Aigul Pavel  және басқалардың хабарлары бойынша.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.