Әлеуметтік желінің қазақстандық сегментінде «рұқсат етілген» митингілер жайлы қуаныштарын жасырмаған пікірлер  қаптап кетті. Өкінішке қалдырған жағдай бұл..

«Рұқсат етілген митинг» — диктатураның мазағы. «Ескерту жолымен» болған митинг — осы сөзді естіген кезде құлағымыз жағымсыз сөз естігендей, санаңды шапалақпен ұрғандай жағдайда боласың. «Ескерту» мен «рұқсат алудың» арасы — қазақтың қазысы мен орыстың «ақ қойының» майынан жасалған колбасадай, түсінікті сөзбен айтар болсақ.  Конституция бойынша бейбіт жиынға қатысу әрбір адамның туа бітті құқығы, міне осы құқықты билік рұқсат алу жолымен ауыстырып отыр…

Әрине, «сапалы медицина мен жас ұрпақтың болашағы үшін» митингісі қажет іс. Бірақ қазіргі саяси жағдайда бұл митингі — рак ауруымен күресудің орнына, оның қанға тарап кеткен ушықтарымен күрескенмен бірдей. Мұндай кезде жаман аурудың шығып жатқан көзімен (ошағымен) күресу қажет. Онымен күрессіз Қазақстанда сапалы медицина да болмайды, жас ұрпақтың болашағы да болмайды. Бүгінгі таңда билік бізге рактың ошағымен күресудің орнына, оның қанға тарап кеткен метастаздарымен күресуге рұқсат еткендей, «митинг өткізуге» рұқсат беріп отыр….  

Кез келген наразылық митингінің талаптық бірегей пакеті болуы тиіс. Ол талаптардың ішінде бірінші — саяси тұтқындарды босату, екінші — диктатураның кетуі болуы керек. Үшінші етіп, жаңағы жоғарыдағы медицина және т. б. қоса бер. Алғашқы екі талапсыз өткен митингінің құны қара бақыр. 

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері  дүниеге екі жаңа ұрпақ қосылды, көпшілік жұртқа бүгінгі таңдағы қол жеткен «рұқсат етілген» митинг үлкен жеңіс сияқты, демократияның жаңа асуы сияқты. Еліміздегі бүгінгі таңдағы саяси жағдай 2002 жылғы жағдайға ұқсас, сол кездегі жас диктатура дүниеге жаңа келген ҚДТ-ы жойып жіберуге кірісті. Оның себебі түсінікті еді, себебі ҚДТ диктатураның негізіне қол салды: әкімдер мен судьялардың сайлануын, соттың биліктен тәуелсіздік алуын, ең жоғарғы биліктегі адамның әлсін-әлсін ауысып тұруын талап етті..  Бүгінгі кішкентай президент тоқаев  сол кездің өзінде премьер қызметінде отырған кезінің өзінде «ананы алып кел, мынаны істе» деп жүгіріп жүрген «қолбала» еді.  ҚДТ-ы түгел жойып жіберуге көмектесті. Қазір де дәл солай. 

Оппозицияның тағы бір таңдау жолы бар еді. ҚДТ-н бөлінген (бірнеше айдан соң) «Ақ жол» партиясы «президенттен басқаның барлығын аямау керек» деген саяси позицияны ұстанды. Міне, осы жол екі жаққа — оларға да, билікке де  ұнады.  Содан болар, ҚДТ өз съезін жасырын түрде (Абай мен Розыбақиевтің қиылысындағы кафеде, бес жермен келісіп қойған орынның бірінде) өтсе, «Ақ жол» делегаттар мен қонақтарды Төле би мен Қонаевтың қиылысындағы (қазір ол жерде «Макдоналдс») «Алатау» кинотеатрында үлкен салтанатпен, оркестрмен, фрак киген қонақтармен өткізді… 

Естеріңізге ешкімді түсірмей ме?  

«Рұқсат етілген» митингіге жұртшылықты мәз қылған билік енді ісіктің қанға тараған ушықтарымен күресудің орнына «қатерлі ісіктің» өзімен күресуге кірісті. Билік енді құқық қорғаушылармен күреске шықты. Енді құқық қорғаушыларды тып-типыл етсе, онда еліміз «екінші түрікменстан» болып шыға келеді. Осы орайда жылдың «он үшінші айын» ойлап табуы, осы ойымызды растай түседі. 

«Әуелі экономика, сосын саясат» деген ұран әу бастан халықты алдау болатын. «Әуелі қарныңды қампитып ал, миың сосын дамитын болады». Бұлай етуге болмайды. Бұл ұран диктатураның шын мақсаты — елді азаматтық қоғамның өністерінен тазартып, ешқандай наразылық жасаушыны болдырмау, халықты бей-жай жағдайда ұстау еді. Диктатураның мақсаты — халықты әуелі «рұқсат етілген» митингіге үйрету, сосын ғана ауыл әкімдерін сайлауға рұқсат береміз, басқа да «демократиялық реформаларды» жүргіземіз. Міне, осылай болғанда ғана диктатураның өзіне қауіпсіз болады. 

Осындай даму векторына биліктің бағыт алғанына мысал ретінде көз алдымыздағы кішкентай ғана оппозициялығы бар, кейін екіге бөлінген, Байменов нұротандық Перуашевке  сатып жіберген партия қазір «парламенттік оппозицияға» айналып неше түрлі «батыл инициативаларды» ұсынып жатыр. Бірақ дауыс беру кезінде Нұротанды қолдап дауыс береді. Міне, «рұқсат етілген митингіге» қатысушылар біздің болашақ ұрпағымызды осындай жолмен жетектеп келе жатыр емес пе?

Төменде осындай жағдаймен келіспейтіндер, сол үшін оларға не істегенін көріңіздер; 

— 29 қыркүйек – Астана — адам құқығын қорғаушы және  «Veritas» адам құқығын қорғаумен айналысатын қозғалысының белсендісі #Нурушева Алма. Не үшін ұстағаны белгісіз.  

— 27 қыркүйек  — Алматы — азаматтық белсенді  #Джуманиязова Нинагуль мен #Аспандиярова Даметкен саяси белсенділігі үшін алдын ала ұсталып 2 ай үй қамаққа қамалған,  405 бап 2 бөлім («ҚДТ-ң бейбіт оппозициялық қозғалысына және «Көше партиясына қатысқаны үшін, бұл партияны Есіл аудандық соты құпия шешім жасау арқылы «экстремистік» деп тапқан;

— 25 қыркүйек – п. Ақшүкір, Маңғыстау – әкімдік айыппен 434 бап 1 тармақ бойынша. азаматтық белсенді #Алиханов Нұрберген  ҚДТ жариялаған бейбіт митингіге қатысты ұрланған және сотталған;,

— 25 қыркүйек – Ақтау – көп балалы ана, азаматтық белсенді  #Джанзакова Шолпан саяси қуғындауға түскен, «LARGUS 697 BBA» автокөлігімен соңынан қалмай бақылауға алған;

— 25 қыркүйек – Ақтау — азаматтық белсенді, көп балалы ана  #Мырзабаева Жаңылхан ҚДТ жариялаған митинг болатын күні саяси қуғынға түскен.

Біз наразылық білдіретін биліктен бейбіт түрде жиын жасап наразылық білдіруге рұқсат сұрауға міндетті емеспіз. Бұл біздің туа бітті өзімізге тиісті құқығымыз, біз оны талап етеміз және талабымызға жетеміз. Басқа жол жоқ.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.