Белоруссияда лукашенколық «қара иттер» беліне байлаған шоқпарын бейбіт халыққа сермеп диктаторды қорғап жанын салуда. Мұндай бассыздық тірліктің аяғы елді тығырыққа тығып Белоруссияның тәуелсіздігіне қауіп төндірері анық. Ақ орыстарға қарсы көмек ұсынып отырған Путин Лукашенконың талай рет алдап соққанын ұмыта қоймас, егер Евроодақ санкциялар салатын болса, оның да жағдайы қиын болары анық… 

Путин Ресейдің Қиыр шығысындағы Хабаровскідегі локальды наразылықтарға онша мән бермей отыр, өзінен өзі бір күні тоқтайды деген сенімде. Путин «Фургалдың» мәселесіне көңіл аударғысы жоқ, БАҚ өкілдері  де онша назар салмай отыр, полицейлер де белсенділерге қарсы жаппай қысым жасап, наразылықшыларды бір бірлеп ұстап қазақстандық әдіспен қамап соттау әдісіне көшетін түрі бар. 

Билікті қалай сақтап қалуға болады, азаматтық қоғамның наразылықшылар бөлігін басу мәселесінде (Қазақстанда оппозиция онсыз да жойылды емес пе) қазақтар көрші «ағасына»  жаппай наразылықтың алдын алуда шеберлігін көрсетіп, тәжірибесімен бөлісіп отыр. 

Наразы халықтың, қауымдастықтардың арасына «арандатушы» жансыздар кіргізіліп жатыр, кейбір азаматтық белсенділерге «күлше» ұсынылып оларды билік өз «қорасына» кіргізіп алуда, наразылықшылардың арасына от салып жік-жікке бөліп, диктатура алдына қойған басты мақсаты — қарсыластарының бірігуін барынша болдырмай келеді… 

ҚДТ жариялап отырған 25 қыркүйекте болатын бейбіт митингі алдында, қазақтың диктатурасы адам құқы жөніндегі қол қойған барлық халықаралық шарттар мен келісімдерді белден басып, заң түсінігіндегі құқық презумпциясын (сот шешімінсіз айыптау) өрескел бұзып жатыр. 

Адамдарды нақты істері немесе ұрандары үшін ғана емес, полицейлер 25 қыркүйектегі митингіге қатысуы мүмкін деген оймен адамдарды ұстап және қамап жатыр. 

Осы тұрғыдан алғанда ҚР Жоғарғы сотының қаржы полициясының төрағасының бұрынғы орынбасарының ісі бойынша «негіздемесін» ерекше зымияндық деуге болар: «…Аманбаевқа байланысты шығарылған сот үкімі құқық презумпциясының конституциялық принципі тапталып тек қана айыптау тұрғысынан қаулы қабылданған»… ең жоғарғы әділет шыңы деп саналатын, атақты реформатор басқарып отырған ҚР Жоғарғы соты жемқорлық пен парақорлықпен күресуші міндетін атқарып отырған адамды… өзі ұйымдасқан қылмыстық топты құрған, миллиардтаған ұрланған ақшаны жымқырған адамды қорғап, айыптан босататын құқық презумпциясын қолданып отыр. Нәтижесінде оған тағылған жеті айып бабының біреуін ғана қалдырған, 14 жыл бас бостандығынан айыру мерзімін бес жылға түсірген. 2017 жылы 14 жылға сотталған адам, қазір бостандықта, себебі ол биліктің өз адамы. 

Төмендегі тізімде —  құқық презумпциясын ойыншық жасап отырған қазақтың «әділетті» сотының қармағына іліккен саяси қуғынға  түскен «бөтен» адамдары. Олар —  ұрлық жасамаған, ешкімді өлтірмеген, зорламаған, бар «кінәсі» — адам болып туа біткеннен өзіне тиесілі  — бейбіт жиынға қатысу құқығын қорғағаны үшін қамалғандар.. Наразылықтың алдын алу мақсатында жанталасқан полицейлік «тірліктің» қыркүйек айының 5 күнінде мынадай «нәтиже» орын алған: 

— 23 қыркүйек — Шу (Жамбыл облысы) — азаматтық белсенді  #Бактыбаев Бағдаттың үйінде «саяси алдын алу» шара мақсатында 405 бап бойынша тінту жасалған; 

— 23 қыркүйек – Қостанай – белсенді  Алексей #Плясовскийдің әйелінің көлігінің екі дөңгелегін біреулер жарып кеткен;

— 23 қыркүйек  — Семей — «саяси алдын алу» шара мақсатында азаматтық белсенді #Султанбеков Кенжебек саяси қуғындауға түсті, 22 қыркүйекке шақыру қағазы келген, қылмыстық іс қозғалды; 

— 23 қыркүйек – Қаракестек — (Алматы облысы) — «саяси алдын алу» шарасы мақсатында азаматтық белсенді  #Абишев Берик; үнпарақ таратқаны үшін ұсталған; 

— 22 қыркүйек – Ақтау — «саяси алдын алу» шарасы мақсатында азаматтық белеснділер  Болат #Нургазин мен Абзал #Каналиев (плакатпен); ұсталған, әкімдік сот.

— 22 қыркүйек – Ақтау — Абзал Қаналиев – 174 бап бойынша (араздық қоздырғаны үшін) қылмыстық іс ашылған, шақыру күтіп отыр; 10 тәулік қамау. 

-22 қыркүйек – Астана – Мұқышева Гулмайра – әкімдік сотқа шақыру; 

— 22 қыркүйек – Астана — Шукеева Анна, құқық қорғаушы  «Движение 405» -Дулат Ағәділдің асында бейбіт шеру жасағаны үшін, қылмыстық іс қозғаймыз деп отыр; 

— 22 қыркүйек – Семей — #Султанбеков Кенжебек – 22 қыркүйекке қылмыстық іс бойынша шақыру; 

— 22 қыркүйек – Ақтау — #Нургазин Болат – «митингіге шақырғаны үшін» ұсталған, әкімдік сот, 10 тәулік қамау; 

— 22 қыркүйек -Шымкент —  #Байдаулетов Мұрат — «экстремистік, тиым салынған» заттарды, әдебиетті табу мақсатында тінту жасалған, ұсталған;  

— 22 қыркүйек – Арал ауданы, Қызылорда облысы  — #Сансызбаев Нұрлан — Нұрланның жұмыс орнына құқық органынан 6 адам келген, Нұрлан сол кезде өз көлігімен Шымкент қаласына баратын жолда екен, Нұрланға бастығы арқылы телефон соғып қасындағы жол серіктерінің кім екенін анықтауға мәжбүрлеген;  

— 22 қыркүйек – Бейнеу, Маңғыстау — #Кайыпназар Ерғали — үйінен алдап шығарып,  ҚР КоАП 488 бабы 7 бөлімі бойынша саяси сотта қарамақшы болған; 

— 22 қыркүйек – Қостанай — #Проценко Зинаида — 22.09.2020 – 23 қыркүйекке қылмыстық іс бойынша тергеуге шақыру алған; 

— 22 қыркүйек – Қостанай — #Сандахмет Сандуғаш — қалалық полиция бөліміне шақыру; 

— 21 қыркүйек – Астана- Садвокасова Сауле – Дулат Ағәділдің асында бейбіт шеру жасағаны үшін күшпен ұстап әкімдік сотқа жіберген; 

— 19 қыркүйек – Астана — #Жакупова Алия – 22 қыркүйектегі митингіге байланысты полицейлер үйіне келіп қылмыстық жауапқа тартамыз деп қорқытқан; 

Бұған не дейсіңдер? Әділеттілік дегенді кім айтып жүр? Реформа болады дейсіз бе?  

 Ар, ұят қайда?

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.