Жақында ғана ҚР ІІМ-ң мекемелерінің бірінің құқық қорғаушы Е. Семеноваға қарсы  талап арызын қайтып алғанын білесіздер. Е. Семенованы қолдап келе жатқан жұртшылық  КУИС-ң өз арызын қайтарып алуын жеңіске балаған еді. Әрине, бұл жағдайға Еленаны қолдаушы қауымның әсерінің болғанын да айта кетуге тиіспіз. Дегенмен мұндай айқас кезінде жеңдік деп жайбарақаттыққа салынуға болмайды. 

Қылмыстық атқару жүйесінің комитетіне (КУИС) келер болсақ, бұл комитетті мемлекет ішіндегі мемлекет деп атауға тұрарлық мекеме. Бұл мекеме қандай министрлікке немесе ведомствоға (ІІМ, Әділет министрлігі) бағынғанына қарамастан, әрқашан өзінше ерекше  құрылым болып қала берері анық. Темір шарбақтың ар жағына кім түскеніне қарамастан, ол жақтағы заңды белден басып адамдарға психологиялық әсер ету (сындыру, майыстыру, жігерін құм ету т. б.) жалғаса бермек. Осыдан қырық жыл бұрын бұл проблеманың алдын алу мәселесі қолға алынып әр облыстағы пенитенциар жүйесінің қызметкерлерінің  жүйке жүйесіне көмектесу орталықтарын құру жөнінде шешім қабылданған болатын. Бірақ, оның барлығы тек сөзбен ғана айтылып, әлі күнге дейін іс жүзінде ештеңе істелінбей келеді. 

Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегі мансаптық саты бойынша көтерілу — ондағы қызметкерлер негізінен алғанда (оларды жендет мінезділер деуге болады) бірін бірі сүріндіріп қызмет орнын алуға бейімделгендер. Мансап биігіне неғұрлым биік шыққан сайын олардың  артында қалдырған  «қанды іздері» көп болады. КУИС жүйесінде істегендерді осындай «іздері» үшін полицейлер қатарына да алмайтыны сондықтан болса керек…  Бұл жүйедегі жемқорлық пен парақорлық, ұрлық, бір бірін қорғаштауы, жариялылықтың жоқтығы, сыртқа және ішке ақпарат шығармау, жібермеу сияқты  жамандықтар бұл жүйеде әбден қордаланған.. КУИС-ің әрбір мекемесінен оның қызметкерлері жасаған ондаған қылмыстық істер КҮН САЙЫН (лагерьде болған кезімде осындай қылмыстық істерге зерттеу жүргізген едім — авт. Владимир Козлов) жасалады. Сол себептен де КУИС мекемесін заңды таптау орны, әділеттілік, иман мен мораль тұрғысынан алғанда жамандықтың жиналған жері деуге болады.   «Алиса в Зазеркалье» деген әдеби шығарманы оқыған боларсыздар? Міне, КУИС  жүйесін осы шығармадағы  «зазеркалье» деуге болар. Бұл жер — игілік пен жақсылықтың жазаланып, жамандықтың төрге шығарылып, қайырымдылықтың бишара саналатын орыны.  

Бұл мекемеде «әкімдіктің көмекшілері», «белсенділері», «тоқал ешкілері» мен «қаншықтары», «қодарлары», мерездік баптармен сотталғандар  — жыныстық зорлық жасаушылар мен жас балаларды зорлаушылар, адам тонаушылар мен қанды жендеттердің көпшілігі КУИС-ң өз адамдары. Міне осы адамдардың қолымен лагерь қызметкерлері түрмедегі барлық  зорлық пен қорлықты, азаптау мен адам өлімдерін жасайды.  

Өз тәжірибемнен айтайын: Күн сайын лагерь әкімдігінің тапсырмасымен жасалатын сұмдық масқара қылмыстық істердің  «сыртқа» шығатындары, бар болғаны 10 пайыздан аспайды. Ол хабарларды сыртқа шығаруға сотталушылардың жүрегі дауаламайды. Оларды түсінуге болар —  ондайларды аяусыз қатаң қысымға алады, кейбіреулерін өлтіріп те жібереді немесе өзіне өзі қол салуға дейін жеткізеді. Олар бір ғана оймен:  сыртқа шығарған хабары мына жүйенің «қамалын» бір күні бұзып шығар, жұртқа жария болар, түрткі болып бір күні бұл жүйеде өзгеріс болар деген үмітпен өмір сүріп жатыр…

Елена Семенова – осы хабарлардың «ретрансляторы»,  сыртқа жеткізушісі. Сотталушылар Еленаға сенеді, өз өмірін сеніп тапсырады. Елена Семенованың жеке парағын қарап оқыңыздаршы: онда адамдардың жан сыры, қайғысы, уайымы, сыртқа шығара алмаған, ішін кернеген ашу мен ызасы, түрме қызметкерлерінің шексіз аяусыз қаталдығы, оларды адам санатына қоспай қорлауы  жазылған… Осы жасалып жатқан қылмыстық істер жайлы құжаттарды (сот материалдары, сот процесіне кіргізілмеген істер т. б.) Елена Семенова жинақтап сақтап, жария етіп келеді, бұл материалдар бір күндері қайта қаралып зерттелері анық, сол кезде олар жайлы басқа шешімдер шығарылатын болады.. 

Сондықтан да болар — КУИС жүйесі Е. Семенованың аузына «қақпақ» жауып үнін өшіруге барынша жанталаса қимыл жасап жатыр. Еленаға қарсы жүйенің күресі тоқтамайды, тұрақты түрде, әртүрлі формада жүре береді. Біздің Еленаға көмегіміз — оның хабарларын барынша жариялы ету, желідегі мақалалары мен материалдарын көшіріп жариялау, ол көтерген проблеманы жұртшылыққа барынша мол, кең етіп  жеткізу.  Е. Семенова қазір КУИС жүйесінің көзіндегі «сүйел», оның басты «дұшпаны». Осы құқық қорғаушының үнін өшірсек, жүйеміздің алдында тұрған «басты проблеманы» шешеміз деп санайды. 

Елена Семенованың парағындағы соңғы күндері ғана жазылған мына хабарларға назар аударыңыздар: 

— УК-161\3… мекемесі, сотталушы Казаченко В. хабарлауы бойынша (өзі де талай рет азапталған, қорлауға түскен) Семенов деген сотталушының зорланғандығы жайлы, оның шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын, бірақ істің аяқталмай жабылып қалғандығын хабарлаған… Семеновты Арқалыққа ауыстырып жіберген;  

— сыртқа хабар жібергені үшін сотталушы В. Казаченконы мекеме бастығының бұйрығымен ДПА сотталушылары сабаған. Прокурормен кездесіп оның шағымын қабылдап алғаннан соң Казаченконы кабинетке кіргізіп бірнеше мекеме қызметкерлері (олардың арасында біреуінің боксерлік қолғабы болған) сабаған.  Мекеме басшысы Әбілев деген сотталған адамды кабинетіне шақырып алып В. Казаченкомен төбелесесің деп шарт қойған, ол бас тартқан, сол үшін мекеме қызметкерінен таяқ жеген; 

— 15.06.2020 жыл,  Слесаренко А. деген сотталушы Аникин деген сотталушыға алты жеріне пышақ салған, көріп тұрған мекеме қызметкерлері ешқандай шара қолданбаған, Слесаренко пышақты өзі тастағанша. Бұл жайлы іс қозғалмаған, ДПА сотталушысының осыдан кейін сол қолының саусақтары жұмыс істемейді.; 

— Лускаускас В. деген сотталушы ДПАшылар тарапынан және мекеме қызметкерлерінен талай рет таяқ жеген, қорлық көрген, бірақ ешқандай іс қозғалмаған; 

—  15 -20  тамыз аралығында ДИЗО қызметкерлері сотталушы Волошенконы ұрып соққан, мекеме бастығы кітаппен басына ұрған, жұтқан инесі тезірек шықсын деп зорлап мақта жегізген. Осындай ұрып-соғудан соң Волошенко СУС (қатал камера) барагынан денесі көкала қойдай болып шыққан, дәрігерлік көмек көрсетілмеген.  2020 жылдың 21 тамызында таңғы 3 шамасында санитарлық бөлімге алып кетіп, бір сағаттан соң өлген. Ешқандай куәгерлерден жауап алмаған, істі жауып тастаған, туыс-туған ешкімі жоқ екен; 

—  УК-161\2  мекемесі… Нурлыбаев Ербол деген сотталушы таяқ жеген, оның шағымын қабылдамаған. Ким А. деген сотталған кісіні ем алуға санитарлық бөлімге жібермеген, , Дорожкин А. деген кісіге дәрігерлік көмек қажет, бірақ көмек көрсетілмей келеді, Ж. Аменов деген кісінің арызын қабылдамаған, 5 отрядтың завхозы Т. С. деген сотталушыны таяққа жыққан; 

—  ЕЦ-166/4 мекемесі …Чурбанов Роман деген сотталушының құқығы бұзылғандығы жайлы бірнеше рет хабарланған болатын… шара көрсетудің орнына оны қуғынға салып, жаза қолданып жатыр, жағдайы күн сайын нашарлап барады.

Міне, осындай хабарлар: ұрып-соғып жатыр, қорлық, азап көрсетіп, қорқытып, біріне бірін айдап салып, өлтіріп жатыр, өзіне өзі қол салуға итеріп жатыр.. Бұл хабарлар бар болғаны соңғы  күндерде ғана болған оқиғалар. «Сыртқа» шығуға мүмкіндік алған жүздеген қылмыстық істердің бірен-сараны ғана.. Сол көп қылмыстың Елена Семеноваға жол тауып жеткендері ғана… 

Мыңдаған қызметкері бар, арнайы прокуроры, арнайы соттары бар, барлық жамандықтың қоры болып отырған КУИС-а қарсы жалғыз ғана әйел — Е. Семенова қарсы тұрып күресіп келеді. Елена Семенованы қолдайық, ағайын! 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.