Отыздан астам қылмыстық іс қозғалған.   Бұл істердің қозғалуы,  Беларусь пен Хабаровскідегі оқиғалармен тура келеді. Істердің барлығы, ашығын айтар болсақ Қылмыстық кодекстің саяси баптарына сай келеді. 25 қыркүйекте болуы тиіс митингінің алдындағы жаппай «полицейлік психоз» деуге болады мұны.

 Бүкіл Қазақстан бойынша әлі күнге дейін Дулат Ағәділдің «Асына»  қатысқандарды қудалауды әлі күнге дейін тауыса алмай жатыр. Полицейлер өлтірген Дулат Ағәділдің асына қатысы бар ау дегендердің барлығын (ыдыс жууға көмектескендерге дейін) жаппай қамауға алды…. Жүздеген адамдар… Осындай бассыздыққа қарсы шықпау, оған наразы болмау мүмкін бе? 

Мүмкін емес, әрине. Наразылығын білдіріп жатыр. Біреулер биліктен «несиеме амнистия жаса» деп митинг жасауға рұқсат алса, екіншілер митингіні пикетке ауыстырып, үшіншілер біріншілерді де, екіншілерді де қаралап жатыр… Бүгінгі Қазақстанның наразылық қауымдастықтарының күнделікті «тірліктері» осындай. Наразылық жасаушылардың барлығы да Беларусь еліне таңдайларын қағып таңданысын білдіруде. 

Бар болғаны 9 миллион халқы бар (Қазақстанда 18 миллион) ел жүздеген мың студенттер мен зейнеткерлерге дейін көшелерге шығып ұранмен әлемді жаңғыртып жатыр. Оларды күштік құрылымдар ұрып-соғып, қамап, азаптап жатыр күн сайын, бірақ олар күн сайын көше мен алаңдарға шығуда. Оларға шет елде жүрген беларусьтық бизнес қолдау көрсетіп, қызметін тастаған күш органдарының қызметкерлерінің айлықтарын төлеп жатыр; қолына шоқпар мен мылтық ұстаған хайуандар ертең беларусь халқының алдында жауап беретінін түсініп келеді. Беларусьтарға таңдану аз, олардан үйрену қажет. Қазір, бүгін үйренуіміз керек. Ең басты қасиеті — олардың ынтымақтастығына, ауыз бірлігін қалай қабылдаймыз, қалай бойымызға сіңіре аламыз, соны түсінсек. 

Бірақ, бұл оқиғадан сабақты тек қазақтың диктатурасы ғана үйреніп сабақ алып жатыр. Тез және нәтижелі сабақ алуда. Бұдан бұрын Украинада болған «қызыл, сары» наразылықтарды да олар жіті қадағалап тиісті сабақ алып келеді.  Әңгімеміздің басында айтылған жаппай қамау мен тұтқындаулар — олардың алған сабақтарының нәтижесі, шығарған тиісті қорытындысы деуге болады. Неғұрлым бейбіт халықтың наразылығының алдын алып, «аузын жауып», жаппай қазақстандық наразылықты болдырмау мақсатында әрбір қарсы шыққан «нүктеге» «соққы» жасау саясатын қолданып отыр билік. Содан болар, жаппай бүкілқазақстандық наразылықтың ауылы алыс болып отыр, жуық арада болуы қиын. 

Жаппай наразылықтың алдын алуға кіріскен билік, барлық «қылмыстық» баптарды (405, 274, 378..) бір жерге жинауда.. Бұл «жиынның» ішіне ДВК-шыларды да, блогер, журналистер мен «көшеліктерді» де, интернеттегі боқтаушыларды да жинап тоғытып жатыр…. Бірақ, сонда да бұл «қылмыскерлердің» бір бірімен бірігетін сыңайы жоқ…Тіпті уақытша болса да…  

Украинада мынадай ұран бар: «Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз біргеміз». Бұл ұран Қазақстанда жартылай ғана жұмыс істеуде. Қазақстандық наразылық сегменті тек өзінің ерекшелігімен, өзінің «мықтылығымен» мақтанады, өзіне өзі көңілі тасып, көршісін көрмей отыр. Өзгені ақымақ санасаң, ақылыңа ақыл қосылатындай… 

Жүздеген мың беларустар екі талаппен көшеге шығып жатыр:  1. диктатор кетуі керек; 2. саяси тұтқындар босатылсын. Ал Қазақстанда диктатор жоқ па? Ол кетпей отыра беруі  тиіс пе? 

Қазіргі Қазақстанда болып жатқан наразылық митингілеріне қатысушылардың, өзара келісіп осы талаптарды қоюларына не кедергі? Міне, осындай жағдайда кімнің кім екенін білуге болар еді, «бөтен», біздікі», «басқалар» деп бөлінбеудің ең алғашқы қадамы болған болар еді. 

Беларусьтардың өз диктаторына айтары: саяси тұтқындарды босат та, өзің кет, қалғанын өзіміз жасаймыз. Қысқа да нұсқа. Бізге осылай деп айтуға кім аузымызды жауып отыр?  

Төменде Бахытжан Төреғожина ұсынған, үстерінен қылмыстық іс қозғалған саяси қуғын-сүргін тұлғалардың тізімі: 

1.Жексебаев Асхат – Алматы қ.,  2  айға  ҚР ҚК 405 бабы .2 б. қамалған;

2.Бегимбетов Абай — Алматы қ. 2  айға  ҚР ҚК 405 бабы .2 б. қамалған;

 

3.Клышев Кайрат — Алматы қ. 2  айға  ҚР ҚК 405 бабы .2 б. қамалған;

 

4.Есхожин Ербол -ҚР ҚК  378 бабы 2 б.   Қылмыстық істер бойынша Алматы аудандық соты  11.09.20 ж соттаған,  222 240 тенге (80 МРП) + 13 890тг. (5 МРП) айып салынған, зардап шеккендердің қорына. Есіл аудандық соты 378 бап, 2 б. бойынша жаңадан қылмыстық іс ашты. 

5.Сабитов Айбек — Нұр-Сұлтан қ., 378 бап 2 б. ҚР ҚК, Қылмыстық істер бойынша Сарыарқа аудандық соты 14.09.20 жылы үкім шығарып  222 240 тенге (80 МРП) + 13 890тг. (5 МРП)  айып салған, зардап шеккендердің қорына.  

6.Джаукерова Гульзипа — Алматы қ., 405 бап 2 б., куәгер мәртебесінде, қорғануға құқы бар. 

7.Джұманиязова Нинагуль — Алматы қ., 405 б. 2 б., куәгер мәртебесінде, қорғануға құқы бар. 

8.Аспандиярова Даметкен – Алматы қ., 405 бап 2 б.,  куәгер мәртебесінде, қорғануға құқы бар. 

9.Козиев Ермек — Алматы қ, 405 бап 2 б., куәгер мәртебесінде, қорғануға құқы бар. 

10.Рахимжанов Ноян — Алматы қ, 405 бап2 б., куәгер мәртебесінде, қорғануға құқы бар. 

11.Кұрбанов Марат — Алматы қ, 405 бап.2 б., куәгер мәртебесінде, қорғануға құқы бар. 

12.Аминова Ғалия – Актөбе қ, 405 бап 2б., күдікті мәртебесінде

13.Бекешева Роза – Актөбе қ., 405 бап 2 б., күдікті мәртебесінде 

14.Молдин Алибек – Актобе қ., 405 бап 2 б., күдікті мәртебесінде және 378 бап 2 б. ҚР ҚК. 

15.Сарқұлов Бауыржан – Ақтөбе қ, 405 бап 2 б., күдікті мәртебесінде 

16.Туксикова Ақлима — Актөбе қ., 405 бап 2 б., күдікті мәртебесінде (3 рет тергеуге шақырылған).

17.Ноғаев Берік — Ақтөбе қ., 405 бап 2 б., күдікті мәртебесінде. 09.09.2020 ж. тергеуге бармаған.  

18.Бақтыбаев Бағдат — Шу қ., 405 бап 2 б., күдікті мәртебесінде 

19.Серикпекова Назым — Нұр-Сұлтан қ., 378 бап (қылмыстық іс қозғалды деп тел. хабарлаған, шақыру қағазын тапсырғысы келген) 

20.Охасов Орынбай —  Орал қ., 405 бап 2 б., қорғануға құқы бар куәгер 

21.Нұрканов Руслан — Қасым Қайсенов селосы ШҚО, 405 бап 2 б. 1,5 жылға еркінен шектелуге сотталған, апелляцияны күтіп отыр; жаңа іс ашылған. 378  бап ҚР ҚК, 

22.Өнерхан Нұрбол – Бірлік с., 405 бап 2 б, күдікті, қазір үйқамақта 

  1. Утепова Айгуль,  Нұр-Сұлтан қ., 405 бап 2 б. уақытша изоляторда қамауда  
  2. Лұкпан Ахмедияров — Орал қ., 147 бап 4 б. ҚР ҚК (жеке адамның өміріне араласқаны үшін және жеке адамның деректерін таратқаны үшін) қорғануға құқы бар куәгер, 28.08.2020 ж. — бірінші тергеу, 01.09.2020 ж. — екінші тергеу. 
  3. Сулейменова Альмира — Өскемен қ. 274 бап 2 т 3) ҚР ҚК қорғануға құқы бар куәгер (жазған материалын сараптамадан өткізу жайлы қаулы алды)  

26.Калиева Даная, 274 бап, қорғануға құқы бар куәгер 

27.Тұрымбетов Марат, 274 бап, қорғануға құқы бар куәгер 

 

  1. Антон Бударов, блогер, Алматы, 274 бап ҚР ҚК (парақор полицейлер жайлы ақпарат таратқан);
  2. Қаншай Шермаханбетова, белсенді, Сарыағаш ауданы, Түркістан облысы, 380 бап 1 б. ҚР ҚК 
  3. Альнур Ильяшев, белсенді, өз алдына жеке қылмыстық іс қозғалған Алматы, 274  бап ҚР ҚК  (Назарбаевқа бейне үндеу арнаған , «жала» жапқаны үшін) 
  4. Руслан Төлеу, 378 бап 2 б., Қызылорда, қылмыстық іс басталған, 10 қыркүйек 2020 ж. 

 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.