Қазақтың посткеңестік дәуірінің басты жетістігі — коммунистер орнатқан диктатуралық құлдық сананың қоғамның организмінде сақтап қалғандығында.  Тәуелсіздік елімізге тәй-тәй басып кірген кезде капитализм мен жеке меншікке жол аштық, мемлекет ақпаратқа деген жеке билігінен айрылды, тәуелсіз, жеке меншік БАҚ пайда болды, қоғам жаңа жолға түсуге дайындалып жатты.. Бірақ, бұл эйфория қоғамдық сананың миын тез айналдырып, есінен тандырды, капитализм дегеніміз шапанын теріс айналдырып киген кеңестік идеологияның  бір түріне айналған имансыз, ұятсыз капитализм болып шыға келді. 

Кеңестік идеологиямен қаруланған капитализмге айналғанымызды түсіну үшін Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Европа Департаментінің директоры Кристофер Маллабидің 1980 жылдың 5 ақпанындағы құпия баяндамасынан үзінді келтірелік: Оппозиция ол кезде әлі «болмаған» еді, оның ролін интеллигент-диссиденттер атқарып келген, баяндамадағы «дисссидент» сөзін «оппозиция» деген сөзбен ауыстырыңыздар. Сонда сол сөздердің бүгінгі күнге арналып айтылғанын, бүгінге актуальды екенін түсінесіздер, өкінішке орай…  Баяндамадан: 

 

«… Кеңес Одағындағы диссиденттіктің екі шешуші құбылысы бар. Біріншісі — бұл қозғалыстың жойып жіберілуі мүмкін деп айта алмаймын… Екіншісі — оның режим үшін қауіптілігі болар деп те айту қиын… Тоталитарлық режим билікті тотальды түрде (жаппай түгел) басқаруға тырысады, билік өзіне қарсы шыққандарды елдің абыройына нұқсан жасайды деп қабылдайды… Диссиденттік қозғалыс елді патшалар басқарған кезде абыройлы болған еді, коммунистер кезінде олай болуы мүмкін емес, себебі коммунистердің кезінде күштік құрылымдардың саны да көп және олардың аяусыз қаталдығында.  Патша заманындағы күзет қызметін (охранка) КГБ-н салыстыруға болмайды. Сахаровты күшпен жер аудару диссиденттік қозғалысты өте әлсіретіп жіберді. КГБ-а тең келетін күштің жуық арада пайда болуы қиын. Олардан кейінгі уақыттарда бұл қозғалыстың жолына түскендер, елден қуылғандар мен тұтқындалғандардың орындарына баратын болар деп ойлаймын.  Осы кездегі биліктің мақсаты — диссиденттік қозғалыстың кең таралуын шектеу, оны жіктерге бөлу, қуғын-сүргінге салу, халықтан оқшау ұстау. Біздің елшінің ақпараты бойынша осы мақсатқа билік жетіп отыр, оған көмектескен жағдай — халықтың санасында тараған ойлар мен көзқарастар.  КСРО-ң орташа статистикалық азаматы саяси пікірлерге немесе интеллектуальдық көзқарас ойларға бой ұсынбайды, оған бейжайлықпен қарайды. Оның пікірінше, халықтың тұрмыстық деңгейі ең басты мәселе, ал диссиденттердің іс-әрекеттерінің, мейлі ол интеллигент немесе жұмысшы болсын, халықтың жағдайына еш қатысы жоқ деп санайды, диссиденттерді қоғамның есебінен өмір сүруші арамтамақтар деп санайды..» ..

1980 жылдың ақпан айы. Осыдан қырық (!) жыл бұрын айтылған. Егер  Қазақстанның жағдайы жайлы осындай баяндамалар бүгінгі күні жазылған болса, дәл тура дөп басып айтылған сөздер болар еді. Біз сол күйіндеміз.. Сол қалпында, өзгерген жоқпыз. 

Біздің диктатура мен диктаторларымыз өздерінің одақтарын құрып жатыр, сол баяғы әдіс-амалдармен жендеттерін үйретіп оқытуда, қаржы-мүліктерін бірлестіріп жинақтауда, бізді, болашақ ұрпақты бұрынғыша құл етіп басқару мақсатында.  Ал біз ше? Бізді «экстремистер» мен «конструктивті» бағыттағылар деп екіге бөліп, бірін жазалап, екіншілерін мақтап, арандатып қарсы қойып келеді. Біз сол бөлінген топтың мүшелері екенімізге мақтанып, «қарсыластарымызды» аямай сынап жатырмыз.  Біз цирктегі биліктің клоундары сияқтымыз, бір бірімізді аямай  соққылаймыз, бір бірімізді көрмейміз. Ал биліктегілер  цирктің ложаларында отырып, өздері ұйымдастырған көрініске келіп шемішкесін шағып, попкорндарын жеп, шампанын ішіп мәз болып тамашалап отыр. 

 «…КГБ-ң мұндай наразылықтарға қарсы тұруға күші жеткілікті, қарсы тұрарлық қуаты бар, себебі диссиденттік қозғалыс негізінен алғанда, бірнеше топтар мен жіктерге бөлінген…» Осыдан 40 жыл бұрынғы сол баяндамадан. 

Дерек көзі:  The Invasion of Afghanistan and UK-Soviet Relations, 1979-1982 in the Documents on British Policy Overseas, Series III, Volume VIII. (Whitehall History Publishing, 2012)

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.