«…ЖД 158/4 (Тараз) мекемесінің қызметкерлері сотталушы Макаровқа «сақалыңды қырмадың» деп ескерту жасаған, сосын таяққа жыққан…» Бұл сөздер құқық қорғаушы Елена Семенованың үстінен берілген КУИС-ң талап арызынан алынып отыр. Семеноваға қарсы жазылған алтыншы арыздан. Естеріңізде болар? «…өртшілер іздеп жатыр, милиция іздеп жатыр.. » деген шумақ бар еді ғой. Бұл да дәл сондай. Іздеуге енді соттар қосылды, олар Елена дақ түсірген КУИС-ң ар-намысы мен абыройын іздеп таба алмай жатыр. Қараңғы үйде қара мысық «болуға тиіс», бірақ таба алмай жатыр.

Хабардар етейік: ұстара станоктар ҚР ІІМ КУИС- ң тәртібі бойынша сотталғандарға БЕРІЛМЕЙДІ! Мұндай зат «берілуге тиіс» зат-мүліктер тізімінде жоқ, ешқашан болған емес, соңғы уақытқа дейін. Бермейтін тәртіп бар — бірақ күн сайын сақалыңды алуға тиіссің. Біле білген адамға ұстара станогы әрбір адамның гигиеналық қажеттілігі. Сырттан зат алмайтын, жұмыс істемейтіндер станок алуға мүмкіндіктері бола бермейді. Тағы бір қинайтын жері — басқа адамнан станокты уақытша сұрап алуға да болмайды, оған тиым салынған. Қолдан жасалған «кезекші айып» екенін айтқан сотталушыға арандату … жасалып, наразылық айтқаны үшін таяққа жыққан.

Бұл айтқандарымызды сурет, бейнетаспа, куәгерлердің айтқандары (неше түрлі қиыншылықпен «сыртқа» шығарылған) дәлелдеп отыр. Макаров таяққа жығылған соң өзіне өзі қол салмақшы болған, сотталғандар қолдарын орындыққа шегелеген, электр тогы бар бағанаға өрмелеген, жедел көмек шақырылған, арнаулы рапорт жазылған…. Лагерьдің әкімдігі иа, осындай жағдай болды деп келісіп отыр, тек ұрып-соғу болмаған дейді. Сотталғандар ешқандай себепсіз режимді бұзды дейді. Сенуге міндеттісің, себебі қызметкерлер ешқашан өтірік айтпайды… Сотталушының полиция офицеріне қарсы айтқан сөзі — тек бір ғана бағытта пайдаланылады. Олай болса, мұндай істер бойынша сотқа жүгініп не қажеті бар. Баяғы «үштік» ережесіне неге оралмасқа, онсыз да НКВД мен КАЗЛАГ сақталған, сол баяғы дәстүрлер жалғастырылып дамып келеді.

Елена Семенова сотталушылардың арасында үлкен сенімге ие, олардың суреттері мен бейне таспаларын таратып келеді. КУИС болса сотқа бұл суреттер мен бейнетаспаларды жалған деп санауға тиіссің деп қысым жасап отыр, сот — иа, жалған дәлелдер деген шешім шығарады. Осы «жалған» деп сот шешім шығарған деректер мынадай:

  • 07.09.2020 жылы мекемеде қызметкер сотталушы А. Н. Зұлқашевты таяққа жыққан.;
  • Сотталушы К. Ивановтың арызы бойынша жемқорлық жайлы қылмыстық іс қозғалған (ақша талап ету), бірақ әлі күнге дейін тексеру жүргізілмеген;
  • Шымкент қаласындағы ИЧ-167\3 мекемесі: мүгедек сотталушы А. А: Тілеубаевтың шағымы бойынша дәрігерлік көмек қажет деп сұраған, бірақ көмек ала алмай отыр.. себебі тінту іс-шаралары жүргізілген кезде заңды түрде сырттан туысқандары сатып алып беріп жіберген жеке заттарын алып қойған…
  • УК-161\2 мекемесі, сотталушы Шалимов… үшінші рет қана қоңырау шалуға қолы жеткен кезде, телефонын алып қойған… 6 тамыздан бері аштық жариялап жатыр.. әл-дәрмені бітуге жақын.
  • ЕЦ-166\11 мекемесінен сотталушы Оздоев К. телефон соққан кезінде, қызметкер дөрекілік жасап байланысты үзіп тастаған…

«Жүз үшінгі» лагерьде (ЛА 155/14, Алматы облысы), 2019 жылғы көктемде болған жаппай азаптау бойынша ашылған қылмыстық істі қарау қайтадан жалғасқаннан кейін (https://www.facebook.com/108893537462187/posts/169690941382446/?extid=gmwTWW5T1nuez226&d=n), азапталғандар қайтадан бас көтерген:

  • Роман Аимбетовты – бірер күн бұрын, ДИЗО-н шыққаннан кейін қатал жаза орны — СУС барагына қамаған. Қазан айында оның мерзімі бітеді, соның алдында оны өте қатал баракқа қамау дегеніміз, оған қарсы тағы бір сот болады, ол енді кем дегенде бостандыққа шыққан соң қайтадан бақылауға түседі деген сөз. Оған медициналық көмек қажет, бірақ, көмек берілмей отыр.;
  • Мирас Амирхановты – белгісіз себептермен СУС барагынан шығарылған соң белгісіз негіздермен Жезқазғанға алып кеткен;
  • Асылбек Молдақасымов – ол да дәл осындай желеумен, негізсіз Жезқазғанға жіберілген;
  • Данияр Тағаев – сөмкесінен ұстара станогы табылды деп СУС-а қамаған, істі сотқа жіберіп босану алдында, бақылауға түскен..

Сотталушыларды азаптаған қызметкерлердің үстінен арыз жазуды ұйымдастырған саяси тұтқын Әсет Әбішевтің үстінен тоқтаусыз арандатулар жасалып жатыр:

  • 5 наурыз күні тінту кезінде жеке заттары жоғалған; мекеме қызметкерлері жасаған ұрлық жайлы арыз жазған;
  • 6 сәуір күні мерзімінен бұрын шартты түрде (УДО) шығуға арыз берген, жетісі күні арандату жасалыр ДИЗО-а жіберілген;
  • тамыз айында мерзімінен бұрын шығудың тағы бір мүмкіндігі туған — мекеме әкімдігі сотқа қандай құжаттарды дайындау қажеттігін тәртіп бойынша ескертпеген;
  • 8 қыркүйекте адвокатты ескертпей сот өткен, сот шешімі бойынша Әсетке ДИЗО айыбы бойынша шағым түсіру уақытын ұзартуға бас тартылған. Мерзімі өтіп кеткен, себебі әкімдік айыптау жөніндегі қаулыны бермеген;
  • 9 қыркүйек: адам таңданатын жағдайда оның тамырынан қан алған, СУС барагының ішінде, себебі айтылмаған; мүмкін — саяси тұтқынның қанынан «есірткінің» ізін тапқысы келді ме; сотталушының қанын наркоманның қанына ауыстыра салу түк тұрмайды… Әсет Әбішевті санитарлық мекемеге апармайды, қайта-қайта кенеттен тінтулер жасалуда, бірнәрсені іздеп таба алмай жатыр..

Осы эпопеяның аяғында лагерьге, СУС барагына НПМ (ұлттық превентивтік механизм) жетекшісі Игорь Мирошниченко келді. «Құқық қорғаушы» болып жүрген бұл адам өмір бойы КУИС-а қызмет еткен, зейнетке қатал режимдегі Қостанай лагерінен («төрттіктің қожайыны» болған) шыққан. Оның бұл жолғы келуінің мақсаты — СУС барагында жасалған «жөндеу» жұмыстарын мақтау және сотталушылардың тұру «жағдайларының жақсарғандығын» атап өту екен. 2015 жылы осы кісінің маған ДИЗО-а келген сәті есімде (авт. — Владимир Козлов). Жазған анықтамасында мекеме әкімдігінің керемет қызметтік қасиеттерін жазып, мен туралы «барлығына өзі кінәлі» депті. Иа, жендеттер өзгермейді.

Асет Абишев онымен кездесуден бас тартқан, жеке репутациясы нашар «құқық қорғаушы» екендігіне және кездесудің еш мәні мен мағынасының жоқтығына байланысты. Иа, мұндай «қорғаушылармен» кездесудің еш мағынасы жоқ, оның жазған анықтамаларында сотталушылардың құқығы жайлы еш сөз жазылмайды. Мысалы, «асхана үстелдері мен дастарханы лас», «қол жуғыштың сабыны жоқ» сияқты сөздер…

Тағы бір, ең соңғы «хабардан». Қызылорданың ЗК 169/5 мекемесінің бір топ сотталушылары жақында президент әкімшілігіне тікелей хат жазып адам айтқысыз жаман жағдайларына назар аударуды сұраған. Бұл хат жайлы облыстық ДУИС бастығы Есенкелдиев «Халық» газетіне берген сұқбатында қалыптасқан әдеті бойынша сотталғандардың айыпталған баптарын тізіп айтқан, сотталушылар жайлы «олар мекеменің ережесіне бағынғысы келмейді» деген үйреншікті сөздерді қайталап айтыпты. Әрине сотталушылар түрме ережелерінің жаман екендігі жайлы емес, керісінше түрмелерде ешқандай ереже дегеннің жоқтығын, шексіз бассыздық пен зорлық-зомбылықтың жайлағаны жайлы жазғаны анық.

Қызылордалық «қожайынның» күтпеген пассажына қараңыздаршы, сірә КУИС жарнамалаған жаңалық болса керек, енді сотталушылардың шағымдары «он-лайн» режимінде тікелей Бас прокуратураға жіберілетін болыпты… Сонда қалай, сотталғандар енді компьютер мен интернетке жіберілетін болғаны ма? Әлде бұрынғы әдетпен наразыларды қысымға алып арыз-шағым жаздырмайтын боласыздар ма? Қажетсіз сұрақ. Жауап бермесе де болады.

КУИС – қараңғылық патшалығы, бұл мекеме сонда қызмет етушілер үшін өмір бойы қара таңба. Орнынан «қыршып» алып тастау ғана жолы бар.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.