Қылмыстық атқару  жүйесі комитетінің (КУИС)  құқық қорғаушы Елена Семеноваға қарсы кезекті рет сотқа шағым түсіруіне байланысты бұл мәселеге егжей-тегжейлі тоқтауға тура келіп тұр. 

Қазақстандық сот дегеніміз — бұл өзі ерекше оксюморондық құбылыс деуге болатын нәрсе, яғни ақымақтыққа толған қисынсыздық. «Сот» деген сөздің мағынасына келер болсақ, ол түсінікті — Заңның патшалық ететін, көп жағдайда әділет орнатылатын орын.  Енді осы сөзға «қазақстандық» деген сөзді тіркесек, оның мағынасынан тек жиіркеніштіліктің иісін ғана сезесің. 

Енді осы жерде КУИС шағым жасап арызданып жатқан іс бойынша жүргізіліп жатқан сотқа келер болсақ, алыстан-ақ жиіркенішті  «оксюморонның» иісін сезесің, егер Қазақстанның билігін «құйрық» деп атайтын болсақ, КУИС мекемесі барлық жамандықтың жиналған орыны деп санауға болады, ол жерден ешқандай жақсылықты күтпей-ақ қой…

Барлық мәселе бір ғана «үштіктің» құрылымында: Олар — «қожайын» (лагерьдің бастығы + арнайы прокурор + сот. Бұл үштікті ұйымдасқан қылмыстық топ  (ҰҚТ) десе болады. Олардың өмір сүру негізінде орасан көп ақша жатыр, оның көпшілігі түрмеден ертерек босанғысы келетін  сотталғандардан түседі. Сома сөлшері — 20 мың доллардан басталады, әрі қарай жоғарылай береді, сотталушының  «семіздігіне», ұрлаған (жасаған қылмысы) қаржысына және басқа факторларға байланысты. 

ҰҚТ-ң белгісі — әркімнің өзінің саты бойынша  орыны бар және міндеттері  белгіленген. 

«Қожайын»: түсетін ақша осы адресаттан бастау алады. Бірінші осы «қожайынмен» келісуің керек, әуелгі ақшаны соның қолына тапсыруға тиістісің, қалған екі адамға қанша беру керектігін «қожайын» өзі біледі. Аранайы прокурор:  бұл адамсыз іс бітпейді, сот бұл кісінің пікірімен санасады. Себебі одан да жоғары тұрған тағы бір прокурор бар, бағынышты прокурор тиісті үлесін бермесе жоғарғы прокурор босатуға қарсы шығып ұсыныс жасайды. Кейбір кездерде мынадай жағдайлар да болған, арнайы прокурордың  қомағайлығы сонша, сотталушының лагерьде жарты жылға дейін қалатын кездері болады (келесі «форточкаға» дейін). Бұл кезде «қожайын» кінәліларды шыбықпен қуып «қателікті» жөндеумен айналысады.  Үштіктің жоғарғы ұшында Судья тұрады. Ол шешім қабылдайды. 

Осы қылмыстық үштік бір аймақта жұмыс істейді. Олар өздері бағынатын ведомстволардың басшылығына тек «көрініп» тұрады, өздерінің бизнестік қызметіне кедергі жасамаса болғаны. Дегенмен бұл Ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) да өзара міндеттемелері бар. «Қожайын» құқық қорғаушылар мен сотталушылардың тарапынан арнайы прокурор мен сотқа бағытталған арыз-шағымдардың барынша аз болуын қамтамасыз етуге тиісті..  Түрмелер мен лагерьлерден түсетін арыз-шағымдардың оннан бірі (тіпті жүзден бірі десе де болады) ғана сотқа түсіп отыруы сондықтан. 

Оның себебі былай, арнайы прокурор түскен арыз бойынша тексеру жүргізуі  қажет, барынша «қожайынды» қорғап, заңды бұрмалап «шағымда айтылған фактілер расталмады» деп жалған қорытынды жасауға міндетті.  Түскен арыз-шағымдар көп болып кетсе арнайы прокурор жоғарғы басшылығы тарапынан  статистиканы «бұзғаны үшін» наразылық табады да, «арыз-шағыммен жұмыс жасай алмады» деп қызметтен босатылады,  «бизнесі» тәмам болады.  Мұндай жағдайды болдырмау үшін жоғарғы бастығымен кездесіп «тиісті мөлшердегі сомамен» есептесіп отырады. Дәл осындай жағдай судьяның басында да орнаған, арыз неғұрлым аз түсіп тұрса, соғұрлым жақсы.  

Бұл «қауымдастық» бір бірімен осылай тығыз байланыста: қатысушылардың бір біріне қарсы компроматтары баршылық, сол себептен де бір бірлерін «сыртқы жаумен» күресте қызғыштай қорғайды. 

Осындай жағдайлардың қалай өтіп жатқанын КУИС пен құқық қорғаушы Елена Семенованың арасындағы «сот процесінен», саяси тұтқын Әсет Әбішев пен басқалардың басынан кешіп жатқан түрмедегі істерінен айқын көруге болады. Бұл біз күткен зымияндықтар, оған таң қалмадық. Мерездік, зымияндық, залымдық деген осы.  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.