Саяси тұтқын Әсет Әбішевтің адвокаты Гүлнара Жуаспаевадан түскен хабардан мынаны түйіп отырмыз: Қазақстанның полицейлік диктатурасы белсенділер мен саяси пікірі өзгешелердің барлығын, барлық жерде қуғындау жолына түсіп отыр. 

Ондай адамдар тіпті бостандықта жүрсе де заңсыз қуғындауға түседі, тіпті түрме мен лагерьлерде отырғанына қарамастан қуғындалу  нысаны болып қала береді. 

Осындай «қара тізімге» түскендерді түрмелер мен лагерьлерде «нүктеленген» немесе орысша  «точкОванный» деп атайды. Яғни мұндай адамның жеке ісінде, реестрде көрсетілген құжаттардан басқа арнайы, ерекше құпия нұсқаулықтар бар. Бұл нұсқаулық бойынша КУИС бұл адамдарға «ерекше назар» аударады; ондайлар марапатталмайды, кемінде жарты жылда бір рет айыпталып отыруы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, ондай адамдардың түрме мен лагерьде отыруы барынша қиындатылып, ол адам мерзімінен бұрын түрмеден шығуға тиісті емес. 

Саяси тұтқындар заң жағынан сауатты және рухты болатындықтан, саяси тұтқындар КУИС әкімдігінің «тыныш өмір» сүруіне көп жағдайда мүмкіндік бермейді. Олар өз құқыларын, қасындағы кісілердің құқығын қорғап, заңсыз жазалауға наразылықтарын білдіріп отырады. Сол себептен де оларға КУИС әкімдігі жазаларды өз тарапынан қосып беріп отырады. 

 2019 жылы көктемде ЛА 155/14 мекемесіне әскер кіргізілгеннен кейін, сотталғандардың шағымдары бойынша жаппай қорлық көрсету жазалары жайлы қылмыстық іс қозғалған болатын.болған. Бұл іс әлі күнге дейін созылып сиыр құйымшақтатылып келеді. Қараңыз:https://www.facebook.com/108893537462187/posts/169690941382446/?extid=gmwTWW5T1nuez226&d=n)

 

Шағым жазғандардың барлығы өздерін қорлаған, ар-намысын таптаған қызметкерлер тарапынан — лагерь әкімдігі, ҚР ІІМ ұлттық гвардиясының бақылаушылары тарапынан өте қатал қысымға алынды. 

Қысымға түскендердің біреулері «сынып», екіншілерін басқа лагерьлерге «ауыстырды»… Әсет Әбішевке «хаттама» әдісі қолданылды — бұл әдіс бойынша неше түрлі арандату мен жалғандық жымысқы істер жасап оны басқа сотталушылардан оқшаулату мақсатында әрекеттер жасалды. 

Осы оқиғаларды бір бірімен жәй көзбен салыстырғанның өзінде біраз нәрсені түсінуге болады: 

— азаптағаны үшін қылмыстық істі заңсыз қысқартқаны үшін жасалған шағым — ескерту, бұрмаланған желеу бойынша (мекеме бастығының орынбасары Е.Берик,  Отряд бастығы Б.Бимолда);

— Шартты түрде мезгілінен бұрын босануға (УДО) арыз берген, оған қосымша «жоспардан тыс тінту шаралары» кезінде жеке затты ұрлағаны үшін — екінші айып: дежуркаға шақырған кезінде «заңсыз телефоны табылғаны үшін». Өзін өзі ұстату үшін дежуркаға ешбір адам заңсыз телефонды апармайды. Телефоны барлар оны  тек қауіпсіз жағдайда ғана қолданады, оны құпия жерде сақтайды.  Оның «телефонын»  алдын ала ескертілген (үстерінен шағым жазылғандар) бақылаушы ұлттық гвардияның бақылаушылары «тапқан»…

Оның екінші айыбы бойынша уақытша изоляторға 15 тәулікке қамалды, оған қоса «әккіс заң бұзушы» деген атақ берілді. Енді ол тәртіп бойынша айрықша қатал баракта (СУС) 6 ай бойы отыруы тиііс. 

 ДИЗО-а 15 күн отырған соң Әсетке «міндеттелген қызметті» атқармағаны үшін — сөгіс берілген. Міндетті жұмыстардан оның медициналық босатылған рұқсаты болғанына қарамаған…. тағы 10 тәулік қосып берген (қызметкерлер  Н.Бидайбеков, О.Базарбаев). 

Көріп отырсыздар, бұл «хаттаманың» стандарты таң қалдырады. Дәл осындай жағдай, майда-шүйдасына дейін менімен де болған еді (авт. — Владимир Козлов), дәл осы лагерьде. СУС барагындағы мерзімді тағы бір жарты жылға ұзарту үшін — тінту кезінде «сим-картаны тапқан болатын», дәл сол кездегі 55 жылдыққа «сыйлық» ретінде… Саяси тұтқын Әсет Әбішевті дәл осыған ұқсас жағдайлар күтіп тұруы мүмкін… 

Жоғарыда айтылған заңсыз қуғындаулар жайлы  оның адвокаты Гүлнара Жуаспаева 2020 жылдың мамыр айында президент әкімшілігіне, әскери прокуратураға, Алматы облысының прокуратурасына, мемлекеттік қызмет агенттігіне, Қапшағай қалалық сотына жазған еді. Заң бойынша жауап бір айдың ішінде келуі керек, бірақ жауап берген тек сот қана болды. 

Саяси тұтқын Әсет Әбішев жарты жолда тоқтамайтын адам. Адвокат көмек жасар, біз де көмек берерміз. 

ҚР ІІМ-ң КУИС қызметі жақын күндері саяси тұтқындардың жаңа партиясын «қарсы алатын» шығар. Әрбір жаңадан келген саяси тұтқын — КУИС-ң мазасын алып әбігерге салушы. КУИС заңды өзінің шоқпары етіп үйренген. Бірақ шоқпардың екі ұшы бар  екенін ұмытпаңыз КУИС. Ұмытсаңыз, есіңізге саламыз.  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.