Әлеуметтік желіде отырған қазақстандық наразылықшылар белорустарға ақыл-кеңестерін аяп жатқан жоқ. Наразылықты қалай жасау керек, өйту керек, бүйту керек деп жатқан кезінде Қазақстанның арнайы қызмет орындары мен полициясы наразылықшылардың осы тобын — қазақстандық «диван» батырларды «таңдап» алып отыр. Полицияға азаматтық белсенділердің осындай «батырлары» ұнайды, биліктің «жанын шығарып» сынайтындар диктатураға да жағымды. 

Міне, осы кездерде полиция азаматтық белсенділерді ұстап жатыр, өлтірілген Дулат Ағәділдің асына қатысқандардың барлығын ұстады. Осындай асқа қатысқандары үшін ұсталып  әкімдік тәртіп бойынша сотталғандардың саны қазір 200 тақап қалды. 

«Тоқаевшыл саяси реформаларды» жүзеге асырушылар бұрын-соңды жасалмаған бір моментте ондаған белсенділерді жауапкершілікке тартудың полицейлік науқанын жүргізіп, наразылықшылардың көсемдері болып кетулері мүмкін дегендерді алдын ала саяси қуғынға салып жауапқа тартып жатыр. 

Түрмеге отырғызылғандар мен алдағы уақытта отырғызылуы мүмкіндердің толық емес тізімі бойынша біз қазір Хабаровск мен Белоруссиядан алда келеміз: 

— Қостанай қаласының азаматтық белсендісі Медет Есенеевтің бостандығын шектеу жазасы бостандығынан айыруға («пробация шарттарын бұзғаны үшін) ауыстырылған;  2020 жылдың 12 маусымында судья Мұқамеджанова Л. Ж. Қостанай қаласының азаматтық белсендісі Асқар Ибраевты «Көше партиясы» телеграм чатына қатысқаны үшін және саяси істері үшін қуғындалып жатқан белсенділердің бейне таспасын қолдағаны үшін бостандығын шектеу жазасын бостандығынан айыру жазасына ауыстырған; 

— азаматтық белсенді Руслан Нұрқановқа жаңадан қылмыстық  (ҚР ҚК-ң 378 бабы, 2 б. «биліктің өкілінің намысына тигені үшін») жаза ашылды; 

— дәл осындай қылмыстық істер  Айбек Сабитов пен Ерболат Есхожинге де ашылған; 

— 405 бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке («тиым салынған ұйымның жұмысына қатысқаны үшін»), тергеу уақытында Асхат ЖексебаевАбай Бегимбетов, Қайрат Қылышев  қамалған;

— осы бап бойынша  Орынбай ОхасовРоза Бекешева, Алибек Молдин, Ғалия Аминова, Бауыржан Сарқұловжауапқа тартылған, Берік Ноғаев пен Ақлима Туксикова жауапқа тартылуы мүмкін (материалдары сараптамада) 

Азаматтық белсенді Нұрбол Өнерханға қарсы жеке басына саяси мотивпен полиция тарапынан қуғындау жалғасуда. Алғашқы кезде Нұрболды армияға шақыртпақ болып бірнеше рет сәтсіз іс-әрекеттер (денсаулығының жарамсыз екенін дәлелдейтін құжаттардың болғанына қарамастан) жасалған еді, енді бұл жолы оны  бап бойынша жауапкершілікке тартпақшы. Ақтауда болған кезінде Дулат Ағәділдің асына қатысқаны үшін 15 тәулікке әкімдік қамауға алынған еді. 25 тамыз күні Бірлік ауылындағы үйінде, өзі жоқ кезінде үйіне тінту жасалды. 15 тәуліктік қамауды өтеп Ақтаудан ұшып келген сәтінде ұсталып Петропавлдағы уақытша изоляторға жіберілген. Қазір сол жерде қандай айып тағыларын күтіп отыр.  

Бұл оқиғалар нені көрсетеді?  Қазақстандық диктатураның Хабаровск мен Белоруссиядағы жағдайларды жіті бақылап «тиісті шараларды» тез қабылдап жатқанын, шалт қимылдап, істің алдын орап, Қазақстанда толқулар болмасын деп полицейлік шаралар қабылдап жатқанын көрсетеді. 

Осы жасалып жатқан жазалауларға әлеуметтік желі тарапынан ешқандай реакциялардың болмауы, желіде отырған наразы жасаушы «диван батырлардың» осы полицейлік басынушылықтармен келісіп отырғанын байқатады. Әлеуметтік желіде отырғандар Белоруссия мен Хабаровскідегі оқиғаларға құлағын түрік ұстап, өз елінде болып жатқан бассыздықтарды «көрмей» отыр. Олар  азаматтық белсенділерді «экстремистер» деп полицияның «престеуін» дұрыс санап «оларға сол керек» деп отыр. 

Билік бізді тағы да бөліп тастап, билеп отыр. Тарихта бұрын осындай талай рет болған еді. Сол  жағдай тағы қайталанып отыр.. Өкінішті.. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.