Сотталғандардың құқын қорғаумен айналысатын құқық қорғаушы Елена Семенова бір айдан бері еш нәтиже бермей жатқан іспен айналысып келеді:  Ол ҚР Ішкі істер министрлігінің  Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне ( ҚАЖК, КУИС) «мен сіздердің қызметтік ар-намыстарыңа тиіскен жоқпын, қызметтік абыройларыңа дақ түсірген жоқпын, себебі менің жұмысымның табиғатында ондай міндеттер жоқ» деп дәлелдемек болып әуре болып жүр. 

«Ар-намысын» қорғамақ болған КУИС ескі комедияның персонаждарына ұқсайды: Өткен орта ғасыр уақыты, Франция, корольдің сарайының төңірегіне танымал біреу, қызметші бала қонақтарға қызмет жасайды, кіші дәретке шыққысы келгендерге «ыдыс» әкеп береді, сол үшін оған азын-аулақ тиын береді… Қонақтардың ішінде көкірегіне нан піскен біреу қызметшіні мазақ етпек болып майда тиынды «ыдысқа» лақтырады да денесіне жабысып қалған сол кездегі шалбарынан «әшауын» шығара алмай әбігер болады. Осыны көріп тұрған қызметші бала басқа жаққа бұрылып қарап: «… іздеңіз, іздеңіз, болуы тиіс…» деген екен. 

Қазір ХХ1 ғасыр, КУИС «болуға тиіс» абыройын.. соттан іздеп жатыр. Сот бишара, қайтсін, әрине КУИС -ке болысып тырысып жатыр, бірақ іздеп жатқан абыройының өте «кішкентайлығы» сонша, жоғарыда айтқан көріністі еске түсіреді.  

ЛА 155/12 мекемесі Елена Семеноваға қарсы бір ғана оқиға бойынша  осымен үшінші рет арыз беріп отыр:  бір рет берді — қайтып алып, қатесін жөндеп қайтадан берді… 

Байқап отырсыздар ма, нені еске түсіреді? 

Сот та қолынан келгенінің бәрін жасап жатыр, ДУИС сотқа  Елена Семенова айтқан сотталушылардан ешқандай шағым түскен жоқ деп қысым жасап жатыр. Әрине шағым жоқ болса, сот болмады деп айтқан болар еді, бірақ шағымдар болған, ДУИС-а да, прокуратурада да тіркелген. 

ДУИС  сотталушыларды уландыру болған жоқ деп бас тартып отыр, оны сот мақұлдап, иа болған жоқ дейді. Бірақ ондай жағдайдың болғанын бұрын ДУИС-ң өзі сотталушылардың дәлелдері арқылы    нақтылаған болатын.

Сотталғандар Елена Семеноваға наразылық ретінде жаппай аштық жариялағанын хабарлаған кезінде, ол жайлы Семенова әлеуметтік желіде жазды. Түрме әкімдігі көйбір сотталушылармен жеке сөйлескеннен соң олардың бір бөлігі «артқа шегініп» басқаша айта бастаған, басқалар өз сөздерінен қайтпай, иа аштық жарияладық деген сөздерінен қайтпай отыр. 

Сот экзотикалық шешім шығарыпты: алғашқы кезде аштық жарияладық деп, сосын өз сөздерінен қайтқандарға сот кәмілсіз сенген, ал өз сөздерінен қайтпай отырғандарға сенбейді екен… 

Сарапшының пікірі бойынша Елена Семенованың айтқандарының барлығы — Семенованың жеке өзінің ғана пікірі дейді. Осындай өзінің жеке пікірі үшін  сот Семенованы жазалап отыр. Әрине басқаша болуы мүмкін емес. Сот үшін ДУИС, КУИС дегендер өз адамдары, ал Семенова мен сотталғандар — бөтендер.  

Соттың шешімі — достарым үшін ештеңеден аянбаймын, бөтендерге — заң баптарын қолданамын… дегенді білдіреді.

Әрине сот жақсы түсінеді, КУИС-н бірге болса жағдайы жаман болмайды. Сол себептен де болар, осындай күлкілі  «негізбен» Еленаны «соттаған» материалдардың барлығын «сот кабинетінен»  алып кетіпті.  

Жақын күндері өтіп кеткен сот істеріне байланысты алғашқы апелляция өтетін болады. Бұған күлесің бе, күлмейсің бе? Күлкілі жағдайлардың жалғасын күтіңіздер.. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.