2019  жылдың көктемінде 155/14 мекемесіне (жүз үшінші лагерь, Заречное, Алматы облысы) әскер кіргізілді. Қалыптасқан әдет бойынша кіргізілген әскер қамаудағыларды «қырып» салды деуге болады — аяусыз ұрып соқты, тепкінің астына алып сотталғандардың ар-намысын таптап қолынан келгенінің бәрін істеді. 

Әдеттегіден «өзгешелігі» де болды, себебі бұл жерде тағы бір кезекті саяси тұтқын Әсет Әбішев жатқан болатын. Саяси тұтқындар көзге «сүйел» емес пе, олар бұл оқиғаны «сасытып» сыртқа жеткізулері мүмкін, сондықтан да менттердің сленгісінде саясиларды «сасық» деп атайды. Бұндай сөзді мен де (материал авторы Владимир Козлов) осыдан бірнеше жыл бұрын мені сыртымнан көрсетіп атағанын, лагерьде дәл осындай әскер кіргізген кезде естіген едім. 

 Өз құқын, өзгелердің құқын қорғайтын сотталғандарды, сол үшін ешнәрседен қорықпай шегінбейтіндерді, түрме қызметкерлерінің үстінен шағым айтатындарды,  олардың  шексіз заң бұзушылықтарын әшкерелейтіндерді лагерьдің жандайшаптары ерекше жек көреді. Себебі олар ешқашан өздерінің  қылмыстық істері үшін жаза тартып көрмегендер. 

 Гулнара Жуаспаева Әсет Әбішевтің адвокаты болатын, қорғаушы тек қана Әсетті ғана емес , осы жылғы көктемде болған «әскери шабуылдың» зардабын шеккен тағы сегіз сотталушының құқын қорғады. Адвокат шағым жазып соның нәтижесінде 2019 жылдың маусым айында қылмыстық іс қозғалды, атап айтқанда 155/14 лагерьде «сотталушыларға қарсы  жаппай ұрып-соғу» қырғыны жайлы іс көтерді.  

Бұл іспен айналысқан тергеуші  Б.Аманжол қалыптасқан дәстүр бойынша істі «сиыр құйымшақ» етіп соза бастады,  тергеу кезінде жауап алған сотталушыларға «жала жапқаның үшін» жазалаймын деп қорқытты, өз көрсетуінен айнығандардың айтқандарын ғана іске қосып,  өз көрсетулерінен таймағандардың жауаптарын құжаттарға кіргізбеді. 

Адвокат Жуаспаева, Қазақстанның ҮЕҰ-ң (үкіметтік емес ұйым) өкілдерімен бірлесе отырып тергеудің бұрмаланып жүргізіліп жатқаны жайлы талай рет шағым жасады, тіпті бір шағымын 2019 жылдың желтоқсан айында Іле аудандық соты қанағаттандырған да болатын. Соттың шешімі бойынша тергеуші Б. Аманжолды осы кезге дейін атқармай келген бірнеше қылмыстық іс-әрекеттерді жасауға міндеттеді.  Бірақ тергеуші сот шешімін орындамады,  2020 жылдың сәуір айында қылмыстық істі тоқтату жайлы қаулы қабылдады. Тапқан негізі, дәстүрлі желеу —  «тиісті деректермен дәлелденбеді»….  Тергеуші Б. Аманжол шығарған қаулысы жайлы адвокат Г. Жуаспаеваға хабарлауы тиіс болатын, ол «ұмытып» кетіпті. Сол себептен де адвокат тиісті мерзімде қаулыға қарсы шағым жасау уақытын өткізіп  алған. 

2020 жылдың тамыз айында адвокат Г. Жуаспаева Іле сотына шағым жолдаған. Сол заматта арнайы прокурор А. Б. Абдуллаев тергеуші Б. Аманжолдың қылмыстық істі қысқарту жөніндегі қаулысын жоққа шығарып тоқтатып тастады. 

21 тамызда Іле сотының судьясы А. Өтебеков адвокат Жуаспаеваның шағымын қараусыз қалдыру жөнінде қаулы шығарады, себебі прокурордың қаулысы бойынша тергеуші қылмыстық тергеуді жалғастыруы тиіс, адвокаттың шағымы осыны талап етеді делінген. 

Міне осы оқиғаның өзі ІІМ, прокуратура мен КУИС жүйесінің, соттың карантинді сылтау етіп,  ештеңе істемеуге, лагерьдегі жаппай азаптау қылмыстық ісін қалай жоққа шығармаққа пайдаланып отырғанын көрсетеді. 

P.S. Бүгін бізге белгілі болып отыр, КУИС  жүйесі адвокат Жуаспаева мен тергеуші Аманжолға тергеу істерін жалғастыру үшін мекемеге кіруге тиым салыпты. Санитарлық дәрігер рұқсат бермей жатыр деп айтатын көрінеді. Дәстүрге айналған «сиыр құйымшақтату» істері жалғасуда.  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.