«…2020 жылдың 30 шілдесі мен 1 қыркүйек аралығында   #ActivistsNotExtremists мониторинг тобының құқық қорғаушылары елімізде кем дегенде 173 рет саяси қуғындау жағдайы болғандығын анықтады, оның ішінде: 

4 аймақта 19 қылмыстық іс, тергеу барысында 3 қылмыстық қамау, 2 сот процесі орын алған; 

24 қала мен елді мекендерде кемінде 77 әкімдік қамау тіркелген 

8  қалада кемі 20 әкімдік айып салынған   

Қуғындаудың басқа да түрлері жасалған, соның ішінде алдын ала адамдарды ұстау мен полицияға шақырулар —  19 қала мен елді мекендерде 58 рет саяси қуғындау болған; белсенділерге кемінде 9 рет ұрлап алып кету мен шабуыл жасау әрекеттері жасалған…»  

 Осы кезең аралығында Қазақстанның азаматтық қауымдастықтары Нұротанда болып жатқан праймеризді, елдегі саяси реформалардың тақырыбын, Хабаровск мен Белоруссияда болып жатқан оқиғаларға құлағын түріп, сонымен бірге кіші президенттің қазақстандықтарды «алысқа» жұмсаған жолдамасын талқылап жатты. 

Осыған қарағанда, халықтың жоғарыда айтылған оқиғаларға, елдегі тұтқындаулер мен ұстауларға онша мән бермеуі — тағы да полициялық диктатураның  «жеңісінің» бір белгісі болса керек. 

Биліктің халықты полициялық диктатура жолымен басқаруға үйреткені сонша, жұртшылық бір айдың ішінде 173 рет саяси қуғындаудың орын алуын қалыпты жағдай, полицейлік қысымның жаңа стандарты деп қабылдап, демократиялық күштердің айқай-шуына  жеткізбей отыр. 

Диктатуралық билік сонымен бірге қоғамдағы наразылық күштерді жікке бөліп тастады. «Жаңа заң» бойынша наразы жасаушылардың біріне «оң» көзбен, екіншілеріне «теріс» көзбен қарап наразы жасаушыларды «сорттап», «алалап» жазалайтын амалдарды қолдануда. 

Диктатураға қарсы шыққан наразылардың ішінде қорқып қалғандар, келісімге барғандар, «шаршадым» т. б. деушілерге жағдай жасалынып оларға праймеризге қатысуға жол ашылуда. Кейбіреулеріне тәтті күлшелер ұсынылып, жазасынан босатып, қандай болмасын уәделеріңді орындаймыз, тек наразылар тобына бармасаң болды, жүйенің бір мүшесі бол деп жалынып отыр билік. 

Әрине диктатураның өзін өзі реформалауын күтіп отырғандар үшін бұндай жағдай  қауіпсіз, биліктің  берген уәдесіне сеніп отырғандар. Оларды билік жазаламайды, тек анда-санда жекіп ұрсып қоюы мүмкін, бірақ ең бастысы  қауіпсіз. 

Тағы бір топ бар, олар желіде отырып алып бәрін де қарғап-сілеп, құрту керек, жою керек, режимді ауыстыру керек деген қатқыл сөздерді айтады. Олар көшеге шығып наразылық білдіруге де дайын, тек қана — билік рұқсат берсе. Бұлардың ішіндегі ең айғайшыл, шектен шыққандарына, жаман сөз айтқандарына  анда-санда таяқ тиіп кетулері де мүмкін. 

Антиконституциялық пікір айтушыларға, тек қана көшеге шыққан кезде ғана нәтижеге жетуге болады деушілерге биліктің көзқарасы тіпті басқаша. Оларды «экстремистер» (зияндылар, халық жаулары) деп атап, жаппай соңына түсіп аяусыз жоюға салуда.  

Бүгінгі диктатураның басты «табысы»  —  қуғынға түскендер мен оларды сырттай бақылап отырғандардың бір бірлеріне  бейжайлығы, инерттілігі. 

 Баррикаданың ар жағында отырғандарға орынсыз, жағымсыз жаман сөздерді айтушылар аз емес, бірақ ол тірлігімен өздерінің бейжайлығын ақтай ала ма? Жоқ, әрине. Баррикаданың ар жағындағылар да Қазақстанның азаматтары. Кез келген баррикаданың екі жағы бар. Осы адамдардың азаматтық құқығы мен ар-намысын таптап жатқандарын көріп отырып, оған бейжай қарап отыруымыз жөн бе?  

Хабаровск мен Белоруссияда болып жатқан жағдайдан кез келген диктатура (қазақ диктатурасы да) қорқатын бір мәселе бар. Ол — диктатураның жойылу қаупі.   

Ол жақта бірлік пен ынтымақтастық бар. Халық алдына қойған мақсатқа жету жолында адами және азаматтық бірлесуге қол жеткізіп отыр. Мұндай жағдай бізде әзір жоқ және болашақта болуы неғайбыл.

Қазақтың диктатурасының ұйқысы әзірше тыныш болып тұр (?)  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.